Тақырып: Қазақстан желдері



Дата12.11.2019
өлшемі277,31 Kb.
#51630
Байланысты:
9 сынып Желдер

Тақырып: Қазақстан желдері

Дүние жүзінде өте көп желдердің түрлері бар.Мысалы:торнодо,Ебі,Қордай,Дауыл,Тау аңғарлық,Сайқан,Шілік,Муссон,Арыстанды-Қарабас,Мұғалжар және тағы да басқа желдер.соларға тоқталайық.

Жел дегеніміз не?

  • Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.

Тау аңғарлық жел

  • Тау аңғарлық жел-жазда соғатын,тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын жел түрі.
  • Осы жел Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде соғады.

Күшті жел

  • Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу қақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауында соғады.
  • Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек.

Дауыл

  • Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды.

Ебі желі

  • Ебі желі Жетісу Алатауының оңтүстік-шығысында Қытайда орналасқан Ебінұр көлі қазаншұңқырында,жоғарғы қысым пайда болғанда соғады.
  • Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да,Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады.
  • Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады.
  • Жетісу қақпасы-ені тар тектоникалық жарық,ені 20 км-ден 40 км болатын,ең тар жері-10 км шамасында.
  • Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов.

Сайқан желі

  • Сайқан желі Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел.
  • Алакөл үстінде жоғарғы қысым орнағанда,антициклон тұрақтап күшіне енген кезде,Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады.
  • Сайқан желінің жылдамдығы 50-60 м-сек.
  • Сайқан желі жауған қарды ұшыртады,топырақты құрғатады,мал басын шығынға ұшыратады,жол қатынасын қиындатады,балық аулауға зиянын тигізеді.

Шілік желі

  • Шілік желі Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады.
  • Жел өзен аңғарын бойлап,күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа,түнде керісінше бағытта соғады.
  • Жылдамдығы 8-10 м/сек.
  • Қарды ұшырады,жол қатынасын қиындатады.

Арыстанды-Қарабас желі

  • Бұл жел Қартау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады.
  • Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін суырып,құмды қара бұрқасын тұрады,жолдың көріну қашықтығы азаяды.
  • Сондықтан бұл желді халық Қарабас желі деп атаған.
  • Арыстанды-Қарабас желі солтүстіктен үзбей соғып тұрады.
  • Желдің жылдамдығы 35 м/сек.

Қордай желі

  • Қордай желі Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел.
  • Қордай желінің жылдамдығы қыста 40 м/сек-қа жетеді.
  • Яғни Қордай желі антициклон орнаған кезде 40 м/сек болса осы жел сағатына 144 км-ге дейін жетеді.
  • Осы жел соғатын өңірлерде шамамен жылына 55 күн күшті жел соғады.

Мұғалжар желі

  • Мұғалжар желі Мұғалжар тауынан соғады.
  • Осы желдің әсері Маңғыстау,Атырау,Ақтөбе облыстарында байқалады.
  • Жылдамдығы 50 м/сек-қа дейін жетіп,қатты дауыл түрінде соғады.

Муссон желі

  • Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа өзгеріп тұрады.
  • Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен мүхиттың біркелкі ысымауы.

Бриз желі

  • Бриз — теңіздердің, көлдердің жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел.
  • Күндізгі Бриз теңізден құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге қарай соғады.
  • Бұл табиғи құбылыс негізінен жаз айларына тән.

Фен желі

  • Фен- таулардан аңғарға қарай соғатын қатты өкпек, жылы жел.
  • Ол ауаның тау жотасының қырқасынан асып, ық беткейіне төмен құлаған кезінде пайда болып, адиабатты жылынады.
  • Мұндай жағдайда температура мен ылғалдылық күрт өзгеріп, қардың еруі мен көшкін жүруін тездетеді.
  • Фен көбінесе тәулікке жуық соғады.
  • Ол барлық тау жүйелерінде, әсіресе Кавказ, Памир, Альпі тауларында байқалады.

Торнадо

  • Торнадо— найзағайлы бұлт астында, құрлық үстінде қалыптасатын өте күшті ұйтқи тез жылжитын ауа қабаты.
  • Торнадо диаметрі ондаған метрге жетеді.
  • Торнадо желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені жүздеген метрге жетуі мүмкін.
  • Ауа райы ыстық кезде атмосфераның тұрақсыз стратификациясы кезінде қалыптасады.
  • Торнадоның үлкендігі мен пішіні алуан түрлі болады.
  • Көбіне диаметрі жүздеген метр шұңқыр пішінді, жер беті жағында қоқыс бүлты бар болады.
  • Кейде торнадо жаңбыр немесе шаңнан метеорологтарға көрінбей қалуы мүмкін.
  • Бұл жағдай күтпегендіктен көптеген шығындар мен зардапқа соқтырады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет