Тақырып: Көркем шығармаларды талдау түрлері
Жоспар:
Прозалық және сюжетті шығармаларды талдау
Поэзияны талдау жүйесі
Прозалық және сюжетті шығармаларды талдау. Оқиғалы шығармаларды сюжетті шығармалар дейді. Батырлар жыры, ертегілер, әңгімелер, хикаяттар мен романдар сюжетті шығармаларға жатады.
Жазушы шығарманы қызықты, тартымды ету үшін оның құрылысын әртүрлі етіп құрады. Кейде шығарма оқиғасы, тіпті шешімнің өзінен де басталуы мүмкін.
1. Шығарманы асықпай оқып, мазмұнын терең түсініп алу керек. Оның мазмұнын екінші біреуге қызықты етіп айтып беруге болатындай мұқият оқу керек.
2. Шығарма қандай тілде жазылған деген сұрауға жауап беру үшін екі ережені білу керек:
Белгілі бір тәртіпке бағынған, тізбекке түскен тіл, яки поэзия
3. Әдебиет тегі жағынан қайсысына жатады?
Әдебиеттің үш тегі бар, олар мыналар:
Эпос. Лирика. Драма
4. Егер эпос болса, мына түрлердің қайсысына жатады?
5. Шағын көлемді эпос:
– Миф
– Аңыз
– Мысал
– Новелла
– Әңгіме
– Очерк
– Фельетон
6. Орта көлемді эпос:
– повесть (хикая)
– поэма (дастан)
7. Кең көлемді эпос:
Роман: эпопея, трилогия, дилогия
8. Шығарманың негізгі көтеретін мәселесі (тақырыбы) қандай?
Әлеуметтік мәселе
Махаббат
Еңбек
Отбасы
Білім, өнер
Адамгершілік
Достық
Детектив, т.б.
9. Қандай көркемдік әдіспен жазылған?
Романтизм
Реализм
10. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау:
Достарыңызбен бөлісу: |