№
___ тақырып
Өсімдіктің вегетативті мүшелері. Жапырақ
Ж а п ы р а қ
Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі.
Қызметі:
1) ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу (фотосинтез);
2) жасушадағы артық суды буландыру;
3) газ алмастыру;
4) органикалық заттарды қорға жинау;
5) көбеюге қатысу.
Жапырақтың сыртқы құрылысы
Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі, соңында сағағы өседі.
Жапырақ тақтадан (алақаны) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі – тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ дейді. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақты жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалтады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.
Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді. Қынапты жапырақтар – бидайда, жүгеріде, қамыста, балдырғанда, күріште және т. б. болады.
Асбұршақ, итмұрын, раушан, беде, қараған және т.б. өсімдіктердің жапырақ сағағының түбінде орналасқан әртүрлі пішінді майда жапырақшаларды бөбешік жапырақша дейді. Ол жапырақ тақтасынан бұрынырақ өсіп, бүршікті зақымданудан қорғайды. Бүршік ашылған соң қурап қалады.
Жапырақ алақан санына қарай