Мақсаты: паренхималық дистрофиялардың себептерін, даму механизмі мен функциялық маңызын және морфологиялық бейнесі негізінде басқа патологиялық үдерістерден ажырату жолдарын ұғындыру.
Әр түрлі диспротеиноздар дамыған мүшелердің морфологиялық сипаттамасы.
Липидоздар.
Липидоздар дамыған мүшелердің морфологиялық сипаттамасы.
Паренхималық көмірсулы дистрофиялар.
Гликогеноздар дамыған мүшелердің морфологиялық сипаттамасы
Паренхималық дистрафиялар
Паренхималық дистрофия деп зат алмасу үрдісінің тек жасуша ішінде бұзылуын айтады.Бұлар: белоктық,майлы,көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп бөлінеді.
Паренхималық дистрофияларға түйіршікті, гиалинді-тамшылы, гидропиялық (грекше: hydor – су, сұйықтық) және мүйізгекті(қасаңданған) дистрофиялар жатқызылады. Бұл дистрофиялар цитоплазмада денатурация мен коагуляцияның немесе гидратация мен колликацияның басымдылығына қарай цитоплазма белоктарының метаболизмі бұзылуының бір-біріне жиі ұласатын стадиялары болып табылады. Осы өзгерістердің ақырында коагуляциялық(құрғақ) немесе колликациялық (ылғал) некроз дамуы мүмкін.