Тақырып. Тұрғын үй құқығының түсінігі



бет1/2
Дата13.09.2020
өлшемі17,49 Kb.
#78495
  1   2
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ
ЛЕКЦИЯ

1-тақырып. Тұрғын үй құқығының түсінігі.
Мақсаты: студенттерде тұрғын үй құқығы пәні бойынша білімдерді қалыптастыру, ҚР құқық салаларының жүйесіндегі тұрғын үй құқығының орнын анықтау.

Дәріс жоспары:

  1. Тұрғын үй құқығының түсінігі және оның ҚР құқық салаларының жүйесіндегі орны.

  2. Тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеудің пәні мен әдістері.

  3. Тұрғын үй құқығының негізгі қағидалары.

Тұрғын үй құқығы мен оны зерттеу тәсілдері соңғы кезде едәуір өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер бірінші кезекте экономиканың маңызды өзгерістерге ұшырауымен, меншік қатынастарындағы өзгерістермен тығыз байланысты.

Кеңестік дәуірде қазақстандық тұрғын үй заңнамасы азаматтық заңнаманың құрамына кірген болатын. Мұндай жағдай 1982 жылы КСРО және одақтас республикалардың Тұрғын үй заңнамасының негіздері қабылданып, күшіне енгенге дейін сақталды. Бұл Негіздерде барлық республикаларға бірдей және маңызды тұрғын үй қатынастарын реттеу қағидалары мен ережелері анықталды. Кейінірек Қазақ КСР Тұрғын үй кодексі қабылданып 1984 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Осы кезеңне бастап, яғни, 1984 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда тұрғын үй заңнамасы азаматтық заңнамадан бөлек дами бастайды. Алайда азаматтық заңнамада тұрғын үй қатынастарын реттейтін нормалар жоқ деп айтуға болмайды, мысалы ҚР АК- нің 194-бабы «Тұрғын үйге меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» деп аталып, онда «Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi» көрсетіліп, сілтемелік сипатқа ие. Сонымен қатар, ҚР АК-нің 30 тарауының «Тұрғын үйді жалдау» нормалары тұрғын үйдщі жалдаудың негізгі ережелерін беріп, сілтеме жасайды.

«Тұрғын үй құқығы» түсінігі заң әдебиеттерінде екі мағынада қолданылады: тар мағынада тұрғын үй құқығы – бұл нақты бір адамның тұрғын жайға деген субъективтік құқығы болса, ал кең мағынада, - бұл тікелей тұрғын үй қатынастарымен байланысты, не тұрғын үймен байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды қамтитын басқа құқық салаларының нормаларын қамтыған кешенді құқық саласы болып табылады. Бұл құқық салаларына конституциялық, азаматтық, әкімшілік, жер, қаржы құқықтары жатады.

Әдебиеттерде «тұрғын үй құқығы» түсінігі мәселесіне қатысты әртүрлі пікірлер бар. Біріншісі бойынша, тұрғын үй заңнамасы – азаматтық заңнаманың бір бөлігі дейді. Бұл пікірді жақтаушылар: И.Л.Брауде, Ю.Г.Басин, В.Ф.Чигир, И.Л.Корнеева.

Екіншісі бойынша, тұрғын үй заңнамасы әртүрлі салаларға жататын нормалардың кешені деп атайды. Бұл пікірді жақтаушылар Грибанов В.П., Крашенинников П.В., Марткович И.Б., Корнеев С.М., Толстой Ю.К., Седугин П.И., Брагинский М.И.

Үшіншісі бойынша, тұрғын үй құқығын жеке құқық саласы ретінде таниды. Бұл пікірді П.С.Никитюк алға шығарады. Яғни, бұл мәселеге қатысты тұрғын үй құқығының құқық жүйесіндегі орны мен ролі әлі толық анықталмағандығын байқаймыз.

Алайда көптеген ғалымдар тұрғын үй құқығы – бұл азаматтық, әкімшілік және өзге де құқық салаларының нормалары мен құқықтық институттары біріктірілген кешенді құқық саласы деп санайды. Ол конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, отбасы, жер құқықтарымен қатар жеке құқық саласы болып табылмайды. Ол ерекше қатынастар, тұрғын үй қатынастарын реттейтін және ерекше материалдық объект – тұрғын жайға қатысты туындайтындап дамиды және ерекше, қосалқы кешенді құқық саласын қалыптастырады.

Осылайша, тұрғын үй құқығы – ерекше объектке (тұрғын жай) қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін ерекше кешендік құқық саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:

      1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;

      2) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану құқығының жүзеге асырылуына және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алуға;

      3) жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

      4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;

      5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына;

      6) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жəне əскери қызметшілер қатысатын тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.

Тұрғын үй заңнамасымен реттелетін келесі қатынастарды бөліп көрсетуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет