Тақырып: Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу Орындаған: Бағдат Еламан Тобы



Дата07.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#86969
түріПрезентация
Байланысты:
Зияты зақымдалған балалар
Lesson 37

Презентация
Тақырып: Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу
Орындаған: Бағдат Еламан
Тобы: Кок 91 дк
Зейін бұл психикалық іс - әрекеттірдің белгілі бір объектіге шоғырлануы және бағытталуы. Ол сенсорлы, интелектуалды және қозғалыс белсенділігінің деңгейін жоғарылатады. Зейін аса маңызды психикалық процесс. Зейін негізгі психикалық процесс болып табылады, басқа психикалық функцияларды және әрекет түрлерін «қоректендіреді». Зейін арқылы әсер етуші факторлардың нәтижесінде сезімталдық өзгеріске түседі. Баланың зейінінің тұрақсыздығы, оның білім алуына кедергі келтіреді. Барлық жастағы зияты зқымдалған баланың зейінінің тұрақсыздығы белгілі бір түрде олардың ерік – жігер сферасының әлсіздігіне негізделеді. Олар ұзақ уақыт орындалып жатқан объектіге зейіндерін шоғырландыра алмайды.
Зияты зақымдалған балалардың зейіні ырықсыз болып келеді. Баланың зейінінің құрамы оның кемістік құрылымына байланысты әсіресе, зейін көлемінің аздығы және оның қысқа мерзімділігі қозғыш оқушыларға тән. Бұл балалар импульсивті және тұрақсыз болып келеді.
Л.С. Выготский көптеген зерттеушілерге қосылып, зияты зақымдалған балалардың ырықты зейінін қарастырған. Ол зейіннің 2 түрі бар деген зерттеушілерге қосыла отырып, ырықты зейіннің әлсіздігінің себептерін анықтауға тырысқан. Л. С. Выготский ырықты зейіннің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылуымен байланыстырған, ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен болған.
Зияты зақымдалған балалардың зейіннің негізгі қасиеттерінің бірқатар көрсеткіштері бойынша (көлемі, төзімділігі, таратылуы) зияты зақымдалған балалар жалпы мектептегі өз қатарындағы оқушылардан едәуір қалыс қалады.
Хомская зейіннің тұрақсыздығын қарастыру барысында оның себептірін анықтай отырып, шартты ақыл – ой әрекетін кеңінен зерттеген. Адамның зейін ерекшеліктерін қарастыру барысында бас ми қабатының жеке бөлектерінің өте үлкен рөл атқаратынын атап өткен.
И.Л. Баскакованың зерттеуінде көмекші мектеп оқушының зейінін анықтау үшін біртіндеп күрделенетін эксперименталдық тапсырмалар жүйесін қолданған. Ол біртекті жұмыстарды орындау барысындағы зейін тұрақтылығын зерттеген. Бұл тапсырмаларды ол біртіндеп күрделендірген.
Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихы, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды – көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Зияты зақымдалған балалардың зейіннің негізгі қасиеттерінің бірқатар көрсеткіштері бойынша (көлемі, төзімділігі, таратылуы) зияты зақымдалған балалар жалпы мектептегі өз қатарындағы оқушылардан едәуір қалыс қалады. Осылайша жоғары сынып оқушыларының арасында дамуында артта қалушылығы бар немесе зияты зақымдалған балалар бірден байқалады.
Жоғары сыныпта оқитын балаларды дамыту көрсеткіштері жоғарылаған, яғни көмекші мектептердің оқыту шаралары бойынша зияты зақымдалған балаларды жалпы дамытуға байланысты зейін қасиеттерін анықтау жоғары көрсеткіштерге сәйкес келіп отыр. Алайда зияты зақымдалған балалардағы зейіннің даму қарқыны жалпы мектептегі балаларға қарағанда төмен болады және сапалық тұрғыда кемістігімен олар өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі.
Зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларының зейінінің көлемінің түрленуі жоғары екендігі үнемі бақыланып отырады, ол нысанмен танысу барсында оны қабылдауына және түсіну кезіндегі кемістігінің байқалуына, осы нысандардың арасындағы байланыстың сипатына байланысты болады.
Зияты закымдалған жоғарғы сынып балалары өздерінің кемістігімен ерекшеленіп тұрады, олар бір бірінен негізгі зейін қасиеттерімен байқалады. Тұрпаттық ерекшеліктері сыныптан сыныпқа өткенде де деңгейлеспейді.
Зияты зақымдалған балалардың зейінінің даму қарқыны кемтарлық құрылымы арасындағы ерекшеліктермен бірдей анықталмайды.
Ол кемістіктің асқынбаған түрімен балаларда жылдам байқалады екен. Сынама топтарындағы балаларға қарағанда бұл балалардың зейінінің негізгі қасиеттерінің көрсеткіштері төмен дәрежеде болған, олар қалыпты балалармен салыстырғанда қалыс қалады.
Жеңіл деңгейдегі (F70) зияты зақымдалған балаларда зейіннің негізгі қасиеттерінің даму динамикасы салыстырмалы түрде жылдам екені байқалады. Дегенмен зияты зақымдалған балалармен салыстырғанда өзге топтағы балалардың зейіні өте төмен, олар өз зейін қасиеттерін, ойын жеткізу, білдіру кезінде едәуір қиналады.
Орташа деңгейдегі (F71) зияты зақымдалған балалардың зейінінің даму динамикасы барынша бәсең. Жоғарғы сыныпта олардың төзімділік көрсеткіштері мен өз ойын жеткізуі кемістігі асқынбаған зияты зақымдалған балаларға қарағанда едәуір төмен болып отыр, әсіресе қалыпты дамыған балалармен салыстырғанда зейін көлемі бойынша қалыс қалуы тым жоғары.
Жалпы зияты зақымдалған балаларға сигналды тану үшін, көбірек уақыт керек, ал танудың өзі тұрақты болмайтындығы белгілі. Зерттеуші-ғалымдардың барлығы, зейіннің оның ішінде ырықты зейіннің жеткіліксіздігі туралы туралы айтады. Зияты зақымдалған балалардың ырықты зейініне енжарлық тән, көңілдері бөлінгіш. Кейбір балаларда, 10-15 минут жұмыс істегеннен кейін, қимыл-қозғалыс, мазасыздық басталады. Ал енді біреулері селқос, енжар күйге ауысады.
Зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушылары белгілі бір тапсырманы орындау кезінде зейін салмайды, соның салдарынан оқуына кедергі жасайды, көптеген қателіктер жіберуіне алып келеді. Зияты зақымдалған баланың зейінінің тұрақсыздығы олардың ерік жүйесінің әлсіздігіне байланысты. Олар белгілі бір әрекетке зейіндерін тұрақтата алмайды, алаңдаушылықсыз жұмысты орындай алмайды.
Ең бастысы, жалпы ғылыми деректерге сүйенетін болсақ, зейін туралы зерттеулер қорытындысына сай теориялық мәліметтер зор. Тек қалыпты балалардың зейін ерекшеліктері ғана емес, зияты зақымдарған балалардың да зейін ерекшеліктері жайлы мол мағлұмат алуға болады. Ал зияты зақымдалудың дәрежесіне сай балалардың зейіндерінің ерекшеліктері жайлы анық мәліметтер айтарлықтай ашылып көрсетілмегенін көруге болады. Қорытындылай келе, келешекте жеңіл және орташа деңгейдегі зияты зақымдалған балалардың зейін ерекшеліктерінің айырмашылығын ажырата зерттеуді ұсынамын. Бұл өз кезегінде оларға нәтижелі педагогикалық - психологиялық және коррекциялық көмек көрсетуге зор үлесін қосатын құнды материал болатынына сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет