Тапсырма:
Ауа температурасын барометрлік қысымды анықтау.
Жер атмосферасының маңызды сипаттамасы - бұл жер шарындағы жел мен ауа-райының заңдылықтарын анықтайтын оның ауа қысымы. Жоғарғы атмосфералық қысым - әсеріне белгілі бір жұмыс категорияларында жұмыс жасайтын адамдарда болады, ол кессондарда, су асты тоннельдер құрылысын салуда, метро, барокамерада жұмыс істеуде кездеседі. (Су астында, жер астында жұмыс істегенде арнайы жұмыс камералары салыналды-кессондар) Кессон қысылған ауамен толтырылады да, жұмыс зонасындағы суды шығарады.
Нормативтік параметрлерге сәйкесетіні жайлы қорытынды жасау
Барометр-анероидтың жұмыс істеу принципі – қысымды өлшеу кезінде қобдишаның ішкі қабырғасы иіледі немесе түзеледі. Ол толқын іспетті кедір-бұдырлы беткейлі металл қобдишадан тұрады, онымен градуирленген циферблатпен қозғалатын бағытша байланысқан болады. Құралмен жұмыс жасар алдында саусақпен беру бөлігіндегі үйкелісті жою мақсатымен шыныға соққылайды. Мұнан соң циферблаттағы бағыттағыш жағдайын тіркейді, ол атмосфералық қысымды көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
Ауа темперетарасын қалай өлшейді?
Ғимарат ауасының температурасын өлшеу мақсатында максималды, минималды, электро термометрлер мен термографтар , ал қоршаған құрылымдар температурасын өлшеу үшін - қабырғалық термометрлер қолданылады.
Максималды термометрлер – сынаптық болып табылады. Мұндай термометрдің резервуарына (сыйымды бөлігінде) шыны штифт дәнекерленіп орнатылады, ол капилляр кеңістігін тарылтады, соның салдарынан сынап кеңейген сәтте ғана айналып өте алады, ал мұндай көрініс ауа температурасы жоғарылағанда ғана байқалады. Ал ауа температурасы төмендегенде капиллярға енген сынап бағанасы төмен түсе алмайды да сынап, максималды температура кезіндегі шамада қалып қояды. Максималды темпе¬ратура шамасын сынап бағанасының жоғарғы деңгейімен алып өлшейді.
Минималды термометрлер – спирттік болып табылады. Термометрдің капиллярлық түтігінде жылжымалы шыны штифт орнатылған оның ұштары жалпайып аяқталады. Өлшер алдында термометрдің төменгі ұшын (резервуарын) штифті өз күшінің әсерінен спирт менискіне түскенінше жоғары көтереді. Ауа температурасы жоғарылағанда спирт кеңейіп, капилляр бойымен еркін өтіп, штифтті қозғалтпайды. Ал, ауа температурасы төмендегенде спирттік баған ұзындығы қысқарады да беткейлік қабыршақ өзімен қоса штифті резервуарға қарай қоса қозғалтып кері төменгі температура байқалғанынша ағады.
Ауа температурасын анықтау кезінде қандай құралдар қолданылады?
Термографтар - тәулік немесе апта бойы үздіксіз сипатта температуралық өзгерістерді бақылап, тіркеу мүмкіндігін беретін құралдар. Құралдың қабылдайтын бөлігі (термоқабылдағышы) дәнекерленген металл тақташасынан тұратын әртүрлі кеңею сипатындағы температуралық коэффициенті бар биметаллды тақташа, немесе толуолмен немесе спиртпен толтырылған қуысты металл тақташасы түрінде жасалады.
3. Атмосфералық қысымды қалай анықтайды?
Атмосфералық қысымның ауытқуларын үздіксіз бақылау үшін өздігінен жазатын құрал-барограф қолданылады. Оның жұмыс жасау принципі жұқа қабырғалы металл қобдиша қабырғаларының (50 - 60 мм сынап бағанасындағы сұйытылған ауаға толы) атмосфералық қысым ауытқуларына әсер етуіне негізделген.
Құрал термограф пен гигрографқа ұқсас етіп жасалынады. Қағаз таспадағы бөліктер 2 мб тең. Көлденеңінен алғанда тәуліктікте – 15 минут, апталықта – 2 сағатқа тең.
Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз 760 мм сынап бағанасын құрайтын қысым (теңіз деңгейімен алғанда 0°С температурадағы). Метеорология практикасында қысымды бар түрінде білдіріп, қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |