«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ғаламтор ғаламаты.Қазақстандағы ұлттар достастығы.Дұрыс тамақтану. Морфология
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, құрылымын, стилін, мақсатты аудиториясын салыстыр. [6]
1-мәтін
Нан
(әңгімеден үзінді)
...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...
— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстінде мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.
Тоқаш Бердияров
2-мәтін
Ұлттық тағам – халықтар достығына жол
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.
Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.
Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.
– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Тақырыбы
|
|
|
Кімдерге оқуға арналған?
|
|
|
Қандай стильде жазылған?
|
|
|
2. Мәтіндерден етістіктің шақ түрлерін теріп жаз: /әрқайсысына 1-2 сөзден [3]
Осы шақ:
Өткен шақ:
Келер шақ
3. Сәйкестендір [4]
Есімше
|
|
Хабарласу
|
Көсемше
|
|
Оқыған
|
Тұйық етістік
|
|
Бәрекелді
|
Одағай
|
|
Майысып
|
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлы және стильдік ерекшеліктерін сай жазба жұмысын жаз. [7]
Бүгінгі таңда телефонға тәуелділік үлкен дертке айналды. Еңбектеген сәбиден еңгейген қартқа дейін телефонға шұқшиып отырғанын көріп жүрміз. Осындай күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Әлеуметтік желінің әлегі» тақырыбында әңгіме құрастыр.
Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік өзгеріске ұшырғана тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой салатын әңгіме құрастырыңыз.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық туралы ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |