Тараған ауылдар, көрші туысқандары бар, барлығы қырық шамалы ауыл осы



бет1/5
Дата24.02.2022
өлшемі30,12 Kb.
#133071
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Өрде



ӨРДЕ 
 

Құдасынын аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Алшынбай бұлар 


келер қарсаңға мол сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен. Қазыбектің өзінен 
тараған ауылдар, көрші туысқандары бар, барлығы қырық шамалы ауыл осы 
жерге сіресе қоныпты. 
Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте 
байлапты. 
Дағды бойынша Ұлжан бастаған үлкендер құданың аулына күйеулерден 
бір түстік бұрын келіп түсті. Ұлжан қасына әйелден Қалиқаны, күтуші 
келіншек Қатшаны алған еді. Еркектердің үлкені - қазіргі бас кұда - Ызғұтты. 
Содан басқа, әлденеше ақсақал, әнші жігіттер, атшылар бар. 
Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Мұның көпшілігі 
Ырғызбайдың жастары және күлдіргі Мырзахан, атшабар Жұмағұл. Жақын 
туысқаннан Тәкежан бар. Осы топқа Абай өзі шақырып Ерболды қосып алған. 
Жеті-сегіз күндік жол бойында Абай мен Ербол үнемі жұбы жазылмай, бірге 
болған. 
Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. Келген жылқы, түйеден басқа, 
жыртыстың бұл-матасының өзі екі үлкен атанға артылып келіп еді. Оның 
ішінде келінге жасау тігілетін батсайы, мақбал, манат, дүрия, шағи бөлек 
салынған. Бірер сандық осы қымбаттарға толы болса, өзге теңдері құда-
құдағилар сыбағасы. Шапан, кемзал, көйлек, шаршы. Және толып жатқан 
ырымдар бойынша төленетін сый-сипат. 
Қалыңмал басы Алшынбайдың өзіне арналған кесек күміс бесік жамбы. 
Бұл ілу деп аталып еді. 
Екі жаққа да мәлім ілу китке орай. 
Осыдан он жыл бұрын Алшынбай аулына Құнанбай кеп кұда түсіп, Ділдәні 
Абайға айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға кит деп, Алшынбай аулы күміс 
тартқан. Ол күмістің аты - тайтұяқ, мына бесік жамбыдан кіші еді. Тегінде 
есептесіп келсе, әдет бойынша, ілу мен кит құн жағынан қаралас болатын. Бірақ 
Құнанбай оны есептемей, Алшынбайға өз бергенінің дәл өзін жібермепті. 
Құда, құдағи келген күні түнде-ақ барлық кең жазық сый құдалардың 
қандайлық, мырзалықпен келгенін біліп қалған. Сол түннің өзінде 
Алшынбайдың барды аямай, мырзалыққа мырзалық орай етіп көсілетіні мәлім 
болған. Құдағи мен күйеулерге арналып, үш үлкен аппақ үйлер оңашарақ 
тігілген екен. 
Сол үйлердің қонақасысы: қысырдың семіз тайынан, құнан қой, ту 
қойлардан, үйіткен марқадан басталды. Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін 
аштырып, тысқа семіз асау құла тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан бата 
тілетті. 

 
178 
Абайлар Алшынбай аулының тұсына бір шақырымдай жер қалғанда, иіріле 
тоқтасты. Енді тобының ішінен Тәкежан, Мырзахан сияқты жасы үлкенірек 
жолдастар бөлініп, хабар айта кетті. Абай мен Ербол және үш жігіт аттарынан 
түсіп, қарсы алушы қыз-келіншектерді тосып қалды. 
Осыдан осылай толып жатқан күйеу дәстүрі басталатынын мойынға алып, 
Абай Ерболға: 
- Осы үйлену деген ата-анаға да, жастардың өзіне де қуаныш қой. Солай 
емес пе? Ал ендеше сол қызығына жеткенше, күйеу мен қалыңдықтың жолына 
ырым-жырым, әдет-дәстүр деп неше алуан құбыжықтар қоятыны несі? - деді. 
Ербол бұған күлді. 
- Рас айтасың, құбыжық екені рас. Дәл осы қазір кім келеді? Қандай асау 
жеңгелер екен, не бұйырар екен деп, мен де үркектеп тұрмын! 
Күйеу қасында қалған жігіттердің бірі Жұмағұл атшабар. Ол өзі әлдеқашан 
үйленген. Мұндай қиындықтың талайын көріп өткен. Абай мен Ербол жол 
көрген біреу керек деп, мұны ылғи басшы боп отыруға лайықтап, өз қастарында 
ұстайтын боп еді. 
Жұмағұл ауыл жаққа қарай түсіп: 
- Әлі тұра тұр, басыңда үкің жоқ деп қиғылық салады! Тымағыңды көзіңе 
кимесең, жақтан да ұрады. Екеуің бе? Ербол екеуің талай құқайды көресің. Не 
қыласың, тек ұсына бер! 
Басқа үкі тағу - бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен 
биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу, бұл өңірдің 
бар күйеуіне жол болатын. 
Абайға ауылдан шығар жерде Зере, Айғыз сондай киімдерді әзірлетіп 
ұсынған-ды. Кәрі әже әшейінде Абайдың дегеніне көне берсе де, бұл тұста 
ырық бермей, қатты бұйрық еткен: 
- Ата-бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәламайды. «Әкесі күйеу, шешесі 
қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! - деп, дәл аттанар жерде Абайға 
жаңағы күйеу киімінің бәрін кигізді. 
Абай сол күні өзінің өзгеше қалпын бақсы-құшнаштай көрген. Өз 
ауылдарынан шығысымен, Ұлжанға кеп: 
- Япырау, мен күйеу болсам, Бошанға күйеумін, Тобықтыға, Тарақтыға 
күйеу емес ем ғой. Жолдағы елдің бәріне мен күйеу деп, жынды кісіше 
шақыратыным не? Рұхсат етіңіз, барар жерде киейін, әзірше өз киіміммен 
барам! - деген. 
Ұлжан мұны теріс көрсе де, көнген-ді. Сол Абай жаңағы бақсы мен салға 
ұқсататын күйеу киімін әлі кимеген. Үкілі тымақ, қызыл шапан қоржында. 
Жұмағұлдың жаңағы айтқаны сол. Арнаулы киімді кимегенге ол өзі ырза емес-
ті. 
Енді Абайдың сескенгенін әбден түсінген Жұмағұл тағы бір уақыт: 
- «Құрсаулы жаудан қорықпаған жүрегім, қайынға барғанда жеңгелерден 
қорықты» деп, Барақ айтқаны қайда? Қорқарын қорқарсын! Бірак, әйтеуір түбі 
қайыр. Менің білетінім сол-ақ, - деп, Абайларды күлдіріп алды. 
Ербол бұған бұрын айтқан тілегін қайта айтып: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет