2-ТАРАУ ЖАРМА ЗАУЫТТАРЫНДА АСТЫҚ МАССАСЫН ТАЗАЛАУ 2.1 Астық массасының физикалық қасиеттері және оны тазалау әдістері Астық массасын тиянақты тазалап жоғары сапалы жарма өнімдерін өндіруге болады. Қайта өңдеуге арналған астық массасынан басқа дақылдарды, жабайы өсімдіктердің тұқымдарын, органикалық, анаорганикалық, минералды қоспаларды олардың физикамеханикалық: дәннің немесе бөлшектердің геометриялық өлшемдері, аэродинамикалық қасиеттері, массалары, тығыздық ерекшеліктері, металлмагниттіқ қасиеттері, серпімділік, үйкеліс коэффициенті, түсі, электрофизикалық ерекшеліктері және т.б. бойынша тазалайды. Астықты қайта өңдеу өндірістерінде елейтін жұмыс органдары електен, саңылаулары және олардың өлшемдері әртүрлі формада орындалған, тұратын технологиялық жабдықтар (астық елеуіштері, рассевтер, електі сұрыптауыштар) кең тараған. Дәннің көлденең қиындысы бойынша айырмашылығы бар қоспаларды елекпен елеп алады; ұзындығы бойынша триерлерде (цилиндрлі, дискілі); аэродинамикалық ерекшеліктері бойыншааспираторларда, аспирациялық колонкаларда, пневмоелектерде; пішіні, үйкелу коэффициенті, бетінің жағдайы бойынша – спиральді және ленталы сепараторларда; тығыздығы бойынша – тас бөлгіштерде. Металлмагнитті қасиеттері бойынша айырмашылығы бар қоспаларды магнитті және электромагнитті сепараторларда бөледі, электрофизикалық қасиеттері бойынша – электрсепараторларда, түсі бойынша – электронды сепараторларда. Негізгі астық массасын толық бөлу және сұрыпталған дақылды құрылымына, біркелкі бөлікке (фракцияға) бөлетін механикалық үдерісті сепараторлау деп атайды. Қоспалардан тазарту әдісін таңдауда компоненттердің геометриялық белгілерін және физикалық қасиеттерін тиімді пайдаланған өте өтімдірек. Алғаш массалық жолмен қайта өңделетін дақылдың геометриялық және физикамеханикалық сипаттамаларын анықтайды. Әр үлгіден алынған сынаманы електермен жинақталған зертханалық елеуіште елейді, әр електегі қалдықтарды (фракциялар) жеке өлшеп, пайызға келтіріп әр өнімнің массадағы үлесін анықтайды. Осындай сараптама арқылы қоспаларды елеу арқылы бөлуге болатындығы және қоспаларды елеп алуға мүмкін екендігі және қайсы фракция көбірек ластанғанын біліп, қандай саңылаулы електерден қиын бөлінетін қоспаларды ажыратып
алуға болатындығы анықталынады. Егер елеу тиімді нәтиже бермесе, онда қоспаларды жел ағымымен немесе триерлерде және басқа
машиналарда бөлуге мүмкіндігі бар екендігі белгілі болады. Електі
сұрыптау нәтижесі арқылы ірілігі бойынша ауытқу сызбасын орындап,
әр фракцияға келетін қоспалардың құрамын анықтауға толық мүмкіндік
туады.
Өндірістік жағдайда елек саңылауының нөмірін зертханалық ізденіспен анықталынған елек саңылауынан 0,1 мм артық орнатып, аздаған
астық массасын елеуден өткізіп, тиімділігін анықтайды. Үдерістің тиімді
нәтижесі бойынша технологиялық өңдеу режимдерін орнықтырып, басқа
партияны өңдеуге кіріседі.
2.2 Елеуіш машиналарда астықты тазалау және сұрыптау
Штампталған електер және олардың жұмысы. Қайта өңделетін
дақылдардан және астықты фракцияларға сұрыптау үшін негізгі жұмыс
органы електер болатын жабдықтарды қолданады. Олардың басым
көпшілігі саңылаулары дөңгелек, төрт бұрышты және саңылаулары тең
қабырғалы қалыңдығы 0,51,5 мм мырышпен қапталған және мырышпен қапталмаған қаңылтыр табақтардан жасалады (МЕМСТ 21470).
Жарма зауыттарында қолданатын саңылаулары штампталған електер
түрлері 3суретте келтірілген. Қоспадағы астық дәнінің формасы және өлшемдері бойынша, елеу
үдерісінің тиімді өтуі үшін елек саңылауының қажетті конфигурациясын таңдайды.
Сопақтау формалы астықты ені бойынша дөңгелек електерде елейді.
Осындай заттар елек саңылауынан сопақ формасының өсімен түседі.
Егер дәннің көлденең қимасы бойынша дөңгелек сызсақ онда оның ені
дөңгелек диаметріне тең немесе кіші келеді. 4суретте аны талдасақ,
онда ені (б) бірдей, бірақ қалыңдықтары (а1 және а2) әртүрлі екі дәннің
дөңгелек саңылаулы електен тек б формалысы өтеді. Осындай електің
сырғымасын ені елек саңылауы диаметрінен үлкені құрайды, яғни електен өтпейді.
Қалыңдығы бойынша астықты саңылауы төртбұрышты електерде елейді. 4сурет бда саңылауы тік бұрышты електерде қалыңдығы
(а) бірдей, бірақ ендері (б1 және б2) әртүрлі астықтың сұрыпталынуы
келтірілген. Елек бетінде елексаңылауынан ені (а) бойынша үлкені
өтпейді, яғни сырғыма өнімді құрайды. Електерді машинаға саңылау
ұзындық өсін астықтың қозғалу бағыты бойынша орналастырады.
Төрт бұрышты електерде астықты қалыңдығы бойынша елейді.4
суретте саңылаулары тік бұрышты електерде қалыңдығы (а) бірдей,
бірақ ені (б1 және б2) әртүрлі астық дәнінің електен өткені келтірілген.
Елек саңылауының ұзындық өсі өнімнің қозғалу бағытымен бірге болуын ескеріп, оны машинаға орналастырады.