Жоба
«Философия және толеранттылық» кафедрасының 2014-2015 оқу жылы бойынша есебі
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ШЕШІМІ
26 қаңтар, 2015 жыл Тараз қ.,
Жалпы биылғы оқу жылында кафедраның әдістемелік жұмыстары жоспар бойынша толық орындалды: 1 электронды оқулық, 12 оқу-әдістемелік нұсқау, оның 11-і институттың ғылыми кеңесінде бекітілген, 1 әдістемелік нұсқаулар факультеттің әдістемелік бюросында бекітілген. Кафедраның ғылыми потенциалы – 46,2% құрайды, біліктіліктің орта жасы – жоғары (52,8 жас).
«Философия және толеранттылық» кафедрасының қол жеткізген жетістіктерімен қатар, төмендегідей кемшіліктер орын алған:
-
Кафедра профессор-оқытушылар құрамының сапалық көрсеткіші бойынша ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың сандық пайызы жылдан жылға біршама кеміп келеді, оның себебі ғылыми дәрежесі бар профессор-оқытушылар құрамы басқа жоғары оқу орныларына ауысуы және биылға жылы екі жас маманның жаңадан жұмысқа орналасуы болып отыр.
-
Семестр бойынша кафедраның оқу жүктемесі бөлінуі тең емес.
-
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы жеке медиатекаларын толықтыруды жетілдіруы қажет. Ол сабақ үдерісінің сапалық көрсеткішінің артуына септігі тиеді.
-
Кафедра оқытушылары дайындаған әдістемелік жұмыстарын белгілі бір тұрғыда жүйелеу қажет және студенттердің қолдануы үшін реттелген механизімін жетілдіру қажет.
-
Кафедрада үш тілдік сабақты ұйымдастыру үшін бағытталған жұмыстарды орындауда белсендіктерін артыру керек.
-
Кафедрада әсіресе гендерлік саясат пәндері бойынша студенттердің білімдерін бақылау үшін жасалған әдістемелік жадығаттарды дайындау барысына назар аударғандары дұрыс.
-
Достарыңызбен бөлісу: |