ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
«Ресей тарихы» пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050114 тарих мамандығына арналған
Семей, 2013
Құрастырушы: Тарих магистрі, Керейбаева А.С.
Кафедра отырысында бекітілді.
«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхамеджанова Н.А.
Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.
«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М.
Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.
«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________
Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М.
Мазмұны
Пән бойынша глоссарий ……………………………………………… 4-15
Пән бойынша жұмыс бағдарламасы………………………………….. 16-18
Дәріс сабақтарының тезистері …………………………………………18-72
Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау……………………….......... 72-80
ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………80-87
СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау……………………………………. 87-88
Бақылау тапсырмалары ...............................……………………………88-135
ГЛОССАРИЙ
Атака – шабуылға шығу
Арбалет - өздігінен ататын садақ, көздегіш тетігі бар, техникалық жағынан біршама күрделі қару
Абсентеизм – егіншілікті жер иеленушілердің түрі. Мұнда өндіріс шапқы ретіндегі жер өз иесінен оқшау тұрады
Аббат – 1) католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты. 2) еркек монастырь басшысы
Абрис – шамамен суреттеу
Алтын Орда – монғолдардың феодалдық мемлекет, ХІІІ ғасырдың 40 жылдары Батый хан негізін қалады. Алтын Орданың құрамына Батыс Сібір, Солтүстік Хорезм, Болгария, Солтүстік кавказ, Қырым, Қыпшақ хандығы, Орыс князьдығы Алтын Орданың вассалдық бағынуында болды. Өзара соғыстың нәтижесінде ХV ғасырда Алтын Орда, Сібір, Қырым, Қазан, Астрахань жерлері құлады.
Апостол – орыс – грек шіркеуінің діни кітабы. Бұл кітапта апостолдардың «Деяния» мен «Послания» туралы және шіркеудегі құлшылық ету кезіндегі оқуға арналған
Архимендрит – ( грек сөзі ) православиелік шіркеудегі священник – монахтың ең жоғарғы атағы. ( Ерлер монастрындағы монах, рухани білім алу орындарында ректор болып табылады)
Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат дамуының алғашқы қадамы, ол қауымдық құрылысқа дейінгі табиғатқа тәуелденген адамдардың ұжымы. Адамзаттың қалыптасуымен сол кездегі қоғам бірнеше кезеңнен тұрады: алғашқы қоғамдық құрылыс - өмір сүруге ізденіс жолындағы адамдар тобы; аналық және аталық ру – бірнеше тайпалардың бірігуі.
Әскери қызметкерлер – бұл адамдардың түрлі мемлекеттік қызметтегі ХІV – ХVІІІ ғасырлары бай жағында (байлар, шенеуліктер) жақын жерлерді иеленіп, үлкен басқарушы қызметін атқарып, онда садақшылар, пулиметшілер болған.
Баталия – ұрыс, шайқас, төбелес
Бруствер – топырақ үйінді, душпанның оғынан қорғанатын жал
Берестова – Х ғ. қолданыла бастаған Киев маңындағы князьдардың жазғы резиденциясы
Бекініс – қорғану мақсатында салынған қамал
Бағзы заман хикаясы – Нестордың еңбегі
Богородица десятинасы – ежелгі орыс мемлекетінің алғашқы мешіт атауы
Барщина – орыстың " еңбекпен өтеу салығы " деген сөзі, шаруаның феодал иелігіне тегін істелетін еңбек
Братчина – шіркеу мерекесіне байланысты жасайтын той
Бүлік ғасыры – бұлай аталуы тарихта орыс мемлекетінің ХVІІ ғасырдағы әр түрлі халық қозғалысының болуымен байланысты. Мысалы: И. Болотников пен С. Разинның шаруалар соғысы, 1648 – 1650 ж.ж. қалалық бас көтерулер, 1662 ж. Мәскеуде болған мыс көтерілісі, т.б.
Басқақ – монғол – татар хандарының уәкілі, жаулап алған жерлерді, алым – салықты басқарып отырған. Русь жеріне басқақтар ХІІІ ғасырдың ортасында келді. Бұндай басқақтық басқаруды ХІV ғасырдың ортасында Иван І Калита кезінде болдырмаған болатын, оны орыс князьдарына берілді.
Барокко – стиль. ХVІІ ғ. І жартысы - ХVІІІ ғ.- да Италияда, Испанияда, Фландрия, Германия, Францияда, кең жайылған стиль түрі. Күрделі сезімдерді бейнелеуде ұлылықпен ерекшеленген. Архитектуралық сарайлар да осы стильде салынғандар көп кездеседі: ХVІІІ ғ. І жартысында кең тараған. Расстрелии және оның қасындағы шеберлер өз архитектураларында көп қолданған.
Боярлар – Русь мемлекетіндегі ІХ - ХVІІ ғ.ғ. феодалдың жоғарғы сословиесі. Мемлекет басқаруда жоғарғы шендерді алып отырған.
Библия – христиандықтар мен индустердің қасиетті кітабы. 1564 ж. Мәскеу басылым орталығында Иван Федоров « Апостол » шығарды. 1580 – 81 ж.ж. Ол Острог қаласында библияны толығымен басып шығарды. ХVІІ ғ. соңында Пастор Э. Глюк библияны орыс тіліне аударды өкінішке орай аударма сақтамаған.
Вятичтер – Ока өзені бойын мекендеген славян тайпалары.
Вече – белгілі бір мәселені шешуге жиналатын адам тобы.
Верник – сотта жұмыс атқарушы.
Веревная – адам өлтірген қылмыскерден алынып, князь пайдасына түсетін ақщалай өсім.
Вселен соборлары – христиан шіркеуіндегі жоғарғы дін иелерінің патриарх, кардинал, архиепископ ордендер басшысының съезі.
Волос – мал құдайы.
Вервь – 5 – 6 одақ отбасыларының біріккен одағы.
Владимир Мономахтың оқытуы – тарихи саяси өмірдің трактаты. Онда данышпан князьдың образы бейнеленген. Ол – Русьтің бірлігі үшін күрескен, саясаткер және дарынды жазушы, « оқытуда » ежелгі және орыс әдебиетіндегі Мономахтың өмірі туралы жазылған.
Вселен соборы – дүние жүзі көлеміндегі рухани христиан шіркеулерінің съездері. Бұндай жиналыстар тек шіркеуге байланысты маңызды сұрақтарды шешу үшін өтіледі. Православия шіркеуінде 7 Вселенский собор, католик шіркеуінде - 21. Никейский соборы алғашқы болып саналады. 325 жылғы Никеяға байланысты аталған.
Великие Устьи Миней – 12 томнан тұратын және аударма әдеби ескерткіштер жинағы. Бұған « рухани пайдалы оқуға арналған » шығармалар кірген. Оның құрамы шіркеу арқылы таңдалып алынған және нақтыланған, ол жыл бойында әр күнде оқылуы керек болды. Митрополит монархияның жетекшісімен жазылған.
Волость – ежелгі Русьтен 1923 ж. дейін князьға бағынған жерлер.
Волостельдіктер – ІІІ Иван кезінде ауылды жерлерді басқарушылар. Волость – административтік территориялдық бірлік.
Варягті – Скандинавия халықтарынан шыққан әскери жасақтар, оларды нормандар деп те атайды, яғни орыс князьдарының әскерінде қызмет жасаған.
Варягтар жолы – Солтүстік Русьті Оңтүстікке жалғастырған өте маңызды су жолы.
Великий князь – Х – ХV ғасырлардағы Русь князьдығының басшысы.
Вече – Х – ХІV ғасырлардағы халық жиналысы. Русь мемлекетіндегі соғыс пен бейбітшілікті, князьдарды сайлаған, заң шығарумен айналысқан осы жиналыс.
Византия – Рим империясының шығысында ІV ғасырда пайда болған мемлекет. Астанасы – Константинополь. Русь мемлекетінде Царьград деп атаған.
Вотчина – феодалдардың ата – бабасынан мұраға қалған жері.
Гвардия- әскердің іріктелген бағытталған бөлігі. Ресейде бірінші гвардиялық бөліктерді- Преображенский және Семеновский- 1690 жылы «потешный» әскерлерден Петр I өзі жасады.
Гренадер – ХVІ ғасырда қол гранаталарын лақтыруы тиіс болған солдат; гренадерлер флангілердегі жауынгерлік тәртіпті күшейту қызметін атқаратын жаяу әскердің ерекше түрі; кейінде жаяу әскердің іріктелген бөлімі.
Гридь – князьдік жауынгер жасақшы.
Гусары – жеңіл атты әскер солдаттары.
Гусли - ежелгі музыкалық аспап.
Гриве – ертедегі славяндар гривна деп мойынға тағатын күміс әшекейді айтады.
Гривна – 409,5 г. Шамалай күміс немесе алтыннан құйылған ежелгі Русьте қолданылған ақша.
Глаголица – ежелгі славян алфавиті. Оны ІХ ғасырда славянның ағайынды Кирилл мен Мефодий енгізген. Х – ХІ ғасырда оңтүстік – батыс славяндарға тарады. Кириллицада жазылуы жағынан айырмашылық бар.
Государство ( мемлекет) – тұрақты халқы бар, жері, әскери қоғамдық тәрбиесі бар саяси институт.
Драгуны – алғашқыда атты әскер, кейінде атпен және жаяу сапта жүріп, қимыл жасайтын атты әскер.
Дайжбог – күн құдайы.
Доминион – отарлық империя шеңберіне өзін - өзі басқару правосына ие болған отар.
Домовой – үй шаруасын қадағалап отыратын үй аруақтары.
Данник – жер салығын жинаушы.
Дворяндар – мұрагерлік атқарушылықты пайдаланған жер иеленуші ақсүйек сословиесі.
Домострой – Ресейдің қызықты мәдени ескерткіштерінің бірі. « Домострой » үш бөліктен немесе « құрылыстан » тұрады. Біріншісі негізгі жанұя өміріне арналған, қалғаны әр түрлі үй шаруашылығы мен тұрмыстағы сұрақтарға арналған. Бұл кітаптың басты ойы: адамға барлығы оңайлықпен емес, еңбек арқылы келеді, « Домострой » оқулығында көптеген сұрақтар бар және оның әрқайсысына нақтылы жауаптар берілген. « Домостройдың » авторы Сильвестра деп санайды, ол Иван ІV – нің рухани кеңесшісі.
Дворянство – жоғарғы сословие. Жер аристократтары мен негізгі орташа және ұсақ жер иеленушілердің бірлестігі. ХІІ – ХІІІ ғасырдағы Ресейде князьдық немесе ірі бояр қол астына кірген ең төменгі әскер қызметкерлер сословиесіне жатады. ХІV ғасырдан бастап қызметі үшін жер поместье алып, ХVІІ ғасырда жер иеленушілердің негізгі құрамын құрды, олар кеңес түрінде крепостнойлық түрінде крепостнойлық право құрды.
Догмат – грек тілінен аударғанда « оқу» , көзқарасы деген мағынаны білдіреді.
Дружина – 1) тайпа көсемінің маңайына жиналған әскери жасақ. 2) ежелгі Русьтегі князьдің әскери жасағы.
Духовенство – Х ғасырда Ресейдегі негізгі сословиялардың бірі, ол қара (монашество) және ақ (священник) болып бөлінген.
Династия – бір рудан шыққан, кезекпен келіпотыратын ел билеушілері. Олар бір – бірін туысқандық құқықтары арқылы ауыстырып отырған. Русь мемлекетінің тарихында екі династия болған: Рюриктер және Романовтар династиялары.
Епископ – Русьтегі шіркеу басшысы.
Епорхия – грек тілінде православ шіркеуіндегі белгілі бір территориясы.
Ерте феодалдық монархия – алғашқы қауымдық құрылыстан феодалдыққа өтудегі мемлекеттің өтпелі кезеңі. Бұл өз дамуында құлиеленуші құрылыс дәуірін басынан кешпеген, шығыс славяндарға тән.
Жития святых – христиан шіркеуі арқылы берілген рухани және ақсүйек адамдарының өмірбаяны. Жазба ескерткіштер болып табылады. ( мысалы, Борис пен Глеб, І Владимир, Ольга, және т.б.) Бұған митрополит Марияның кітабы « Великие Четьи Миней » кірген.
Жидоводствующие – Мәскеу жеріндегі лудизиге иілетін, яғни табынатын адамдарды кінәлау, содан кейін туған жерінен қуып жіберу.
Жылнамалар – ХІ – ХVІІІ ғасырдағы Ресейдегі тарихи хроникалар. Ауызша немесе жазбаша әрбір жылға жазылған.
Жанбасы салығы- 1724 жылы аулалық салықты алмастыру, бұл салықтыбағынышты сословиенің өз жасына қарамастан барлық ерлер төледі. Ол XIX ғ 80 жж жоққа шығарылды.
Заимкалар – ормандарды егістік үшін арналған шаруалар поселкесі.
Закуптер – жер иесінен қарыз алушылар ( мал, бидай, т.б.). Олар қарызын қайтарғанша жұмыс істеуге тиіс болған.
«Заповедные лета» - уақыт, кей жерлерде Ресейдің мемлекеттік христиандардың бір феодалдың екіншіге Юрьев күні (26 қараша). Грозныйдың саясатымен байланысты.
Земщина – Ресейдің басты мекендеген жерлері. Боярдың саясаты мен приказдар өздерінің өлім жазасын әскерімен басқарылған.
Изгок – қапыда шабуыл жасау көне Русьте осы шабуыл үшін арнаулы изгондық ұландар құрастырылған.
Игумен – монастырь басшысы.
Иудаизм – Еврейлердің арасында кең өріс алған діни ағым.
Иосифляне – Ресей мемлекетіндегі ХV – ХVІ ғасырлардағы шіркеудің саяси басшылары.
Интервенция – басқа бір мемлекеттің ішкі жағдайына езушілдік арқылы бір немесе бірнеше мемлекеттің араласуы.
Империя (лат. – билік, күшті, мемлекет)- басында император отырған монархиялық мемлекет. Империяны орталықтандырудың және жалпы билік етудің қатаң саясаты сипаттайды. Ресейде империя 1721 жылы жарияланды.
Киев Русі – Кіші князь басқаруы кезінде Рось бойында құрылған шығыс славяндар мемлекетінің атауы.
Колт – ХІ – ХІІ ғ. Киевтегі әйелдер әшекейі.
Көпестер – алыс жерлердегі теңіз жолымен басып жүрген орыстар.
Король – мемлекетті монархиялық басқарушы.
Культар – полян, вятич, северян тайпаларының саяси одағы. Орталығы – Киев.
Кіші Рось - өзен Киев князьдарының мемлекеттері осы өзен бойында құрылған.
Католик шіркеуі – гректің « әлемдік » бүкіл дүниежүзілік сөзінен шыққан.
Князь – орыс халқын басқарушы адам.
Каре - әскерлердің сапқа тұруы.
Кириллица – славян алфавиті. ІХ ғасыр басы – Х ғасырда дамыды. Кирилл мен Мефодий грек алфавитінен алған.
Казачество – ( түрікше – азат елдер ) ХІV – ХVІІ ғ.ғ. азат елдер, бас бостандығы бар елдер, жұмысқа жалданып, шекарашы аудандарға Донда, Волга, Урал, Терек, Польшада және Днепрде азаматтық борыштарын өтеген. Өз - өздеріе басқару орталықтарын құрып, сиаршын сайлаған. Казачествоның жартысы бұрынғы қашқан шаруалар. Соғыс кезеңінде оларды шекараны күзетуге қолданды. Біріккен Казачество бөлімі Ұлы Отан соғысына қатысты. ХХ ғ. 90 жылдары Казачество құрылды.
Католизм – ( гр. – бәріне ортақ, бәрін басып алу ) христиан дініндегі 2 бөліктің бірі. Саяси және мәдени кезеңіндегі Рим империясының Батыс және Шығыс болып бөлінуі шіркеулерге әсерін тигізбей қойған жоқ. 1054 ж. Батыс және Шығыс шіркеулерінде қарама – қарсы көзқарас пайда болып екінші бөлінуге әкеледі. Батыс шіркеуі католик деп аталса, ал шығыс – православиялық. Бұған қарамастан католик шіркеуі бәр жерге қажет деп саналады.
Кресшілер – крес соғысына қатысушылар (1096 – 1270ж.ж.)
«Книга степенной царского родослава» - ХVІ ғасырдағы көлемді тарихи шығарма. Бұл шығармада І Владимирдан Иван Грозныйға дейінгі ұлы метрополиттер мен князьдардың өмірін сипаттау арқылы Ресей тарихын жүйелеп көрсетеді.
Кананизация – ұлылардың қатарына қосу.
Князьдықтар - өздік және вассалдық мемлекетшығыс славяндарда VІІІ ғасырда пайда болған. Әр князьдықтың өз князі болған.
Крещение ( шоқындыру ) – христиан дініне кірген адамды шіркеуге қабылдау рәсімі.
Князь – князьдықтың басшысы.Ресейде үлкен князьдер,ұлы князь деп атаған. Князьдыі тайпалар сайлаған және ол атақ ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырған. 1547 ж. ұлы князь орыс императорлары да ұлы князь атағымен аталған.
Кучум – Сібір хандығы 1582 – 1585 Ермакпен жауласқан болатын.
Кабала – ( араб тілінен аударғанда міндеттілік ) біреуден қарыз алумен байланысты қойылатын міндет, яғни белгілі уақытта қарызды қайтармауына байланысты.
Крепостное право – феодалдық мемлекеттегі құқықтық нормалардың сабақтастығы, шаруалардың феодалдардан бағыныштылығын бекітіп, анағұрлым толық нышаны: жерге және феодалға бағынушылығын бекіту.
Коллегиялар- Ресейдегі орталық ұйымдар мемлекеттің жеке тармақтарын басқарған. Оларды Петр I XYIIIғ басында бұйрықтардың орнына жасаған. Бастапқыда 1718 жылы 14 желтоқсандағы указ бойынша 9 коллегия құрылған: Әскери, Берг, Дивизиен, Шетелдер ісінің, Адмиратейская, Мануфактур және т. б. XYIII ғ алғашқы ширегінің аяғында 13 коллегия болған. Коллегия президенттері Петр I ең жақын жақындастары болған. Коллегиялар жұмыстарында император мен Сенатқа бағындырылды.
Қаған – ежелгі түрік халықтарының, мемлекеттік лауазымын атаған ( авар, печенег,хазар, т.б. ). ХVІІІ ғ. аяғы – ІХ ғ. басында шығыс славяндарда, ХІІІ ғ. – да монғолдарда.
Қоғамды модернизациялау- (фр- қазіргі заманғы) түрлі жаңашылдық пен жетілдірулерді енгізу арқылы әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени, діни- салттық және қоғамның басқа өмір негіздерін жаңарту.
Лать – жауынгердің ( рыцарьдың ) сақтық ( қорғаныс ) металл киімі (сауыты).
Лапты – Шығыс славян христиандары киетін аяқ киім.
Леший – орман перілері,орман патшалары.
Ливония – ерте заманнан ХІІ – ХІІІ ғасырларда ливи елдерінің тарауы, фин – угор тайпалық одақтарының шығуымен, қазіргі Латвия және Эстония территорияларына дейін ьараған. ХІІІ ғ. ІІ мыңжылдықта неміс әскерлері жаулап алған. Бес феодалдық мемлекеттен тұрған.
Ливон ордені – мемлекеттік, Шығыс Балтық жағалауындағы рыцарьлардың католиктік және әскери – саяси ұйымы, 1237 – 1561 ж.ж. Ол Батыс русь жерінде жаулап алушылық соғыс жүргізді. Ал орыс және Литов жерлерінде Мұздық соғыс 1242 жылы, Бугемен соғысы 1260жылы, Эргемдік шайқас 1560 жылы, Ливон ордені 1558 -83 ж.ж. орыс армиясының соққысынан кейін тарап кетті.
Лавра – Ресейдің ең ірі ерлер монастырларының бірінің атауы.
Меч – екі жағы өткір жүзді және томпақ келген немесе эфестен тұратын суық қару, қылыш.
Мономах уставы – Владимир Мономахтың « Русская правда » заңдарына ( процент төлеу мен қарыз өтеуді жеделдеткен сияқты т.б.) енгізген қосымшалар.
Мечник – князьдың қылышы бар қорғаушысы.
Мир – славян халықтарының көпшілік қауым аты.
Мытник – сауда орнынан салық жинаушы.
Мъеза – ежелгі Русьте қолданылған сый беру мағынасы.
Мирландар – діни емес, қарапайым көпшілік адамдар деген сөз.
Монахтық орден – католиктік монахтардың орталығы, католиктік шіркеудің әсері құрылған храмдарға, бұндай орден ірі феодалдық жеке меншік болған. Ең беделді ХІІІ ғ. додиминикан ордені еді. Ортағасырларда әскери – монах ордендары шықты, оны крес соғысына қатысқандар алды. Жоғары ордендер Тевтондық, Ливон, семсершілер ордені болатын.
Мануфактура – ( лат. – қол + өндірісі ) капиталистік қоғамда қалыптасқан қолөнер. ХVІІІ ғ. ортасында Ресейде белең ала бастады.Алғаш мануфактура Ресейде Олонецки металлургиясында пайда болады. Еуропада мануфактура жолдамалы жұмысшылармен меншік кәсіп орындарынан құрылады. Жалпы бұл мануфактура сауда мен ақша айналымының жүруіне әсерін тигізді.
Меркантилизм – ( лат. – сатушы, саудагер ) алғашқы капитализмде саяси экономикалық кезең, онымен қоса мемлекет ауыл шаруашылығымен қарым – қатынас нығайтты, өнімдерді тасуғы шет кендерімен теңесуге, жер көлемін кеңейтті. Ресейде Алексей Михаиловичпен царь шаруашылықтарда меркантелизм саяси элементтері қарала бастады. І Петр көбірек осы саяси меркантелизмді жақтаған. Ол мынандай принципті ұстанды: « арзанға сатып алу, қымбатқа сату ».
Московское княжество – ХІV – ХV ғ.ғ. Русь жеріндегі феодалдық мемлекет.
Мәдениет – ( лат. - өңдеу, тәрбиелеу, дамыту) халықтың материалдық және рухани жағынан дамығанын көрсететін тарихи сана.
Миниатюра – түрлі түсті немесе бір түсті сурет қолжазба кітаптардың беттерін әшекелеуге қолданылған. Ежелгі Русьте кітап миниатюрасына краскалар қолданылып, пергаментте жасады. Кейіннен техниканың дамуына байланысты гуашь, акварельдермен қағазда жасады. ХVІ ғасырдың басында кітаптар басыла бастағаннан кейін миниатюра сирек кездесетін болды. ХVІІІ ғасырда портрет миниатюрасы кеңінен тарады, оны лупа арқылы іске асырады. Портретті ұзақ сызықшалармен май, эмаль, гуашь, акварельді пайдаланып ағаш, металл, піл сүйегімен пергаментке немесе қағазға салады.
Митрополит – православ шіркеуіндегі патриархтан кейінгі екінші басшы.
Монастырь - өз тәртібімен өмір сүрген әйелдердің немесе еркектердің діни топтары монастырлардың өз жері, жұмысшылары болған. Ірі монастырлар Лавр деп атаған.
Москва үшінші Рим – бұл саяси термин.Ресей мемлекетінің астанасы ХV – ХVІ ғ.ғ. яғни Мәскеу қаласының саяси және діни мағынасын қалыптастырды. Бұл термин ХVІ ғасырдың басында Псковтік монах Филофейдің Мәскеудің ұлы князі ІІІ Василий Ивановичке жолдаған хатында қолданылған: « Римді варварлар құлатты, екінші Рим – Константинопольды Осман түріктері құлатты, үшінші Рим – Мәскеу мәңгі тұрады, төртінші Римнің болуы мүмкін емес ».
Мухи – шығыс славяндардағы тәуелсіз жауынгерлер, олардың халықтық жиналыстарға қатысуға құқығы болды.
Монархия – монарх басқарған мемлекеттік басқару формасы,яғни бір адамның билігі (князь, царь, король, император ). Олар басқару құқығын атадан балаға қалдырып отырды. Монархия шексіз және шекті болып бөлінеді.
Николовская летопись – (ХҮІІ ғ. патриарх Никол – үлкен жылнамалар жинағы, ХҮІ ғ. өзіндік тарихи энциклопедиясы. Никол жылнамасының бір тізімінде 16 мыңға жуық миниатюр – түрлі – түсті иллюстрациялар берілген. Сондықтан «Лицевого свода») деп атаған.
Норманская теория – тарихи географтардың бағыты. Нормандар ежелгі Ресейдің негізін қалаған деп санайды.
Нестяжателдіктер – ХҮ – ХҮІ ғ. Нил Сорски басқарған діни – саяси ағым.
Огнищанин – басқарушы.
Оброк – шаруалардан қинаушылықпен алатын салық.
Обер- прокурор- XYIIIғ бастап Ресейде жоғарғы билік тағайындаған (светский аудандардан) Синодтың басқарушысы.
Озвало – ескі Русь маңайындағы шатқал.
Орден – монахтардың ұйымы.
Ордендік тепкі – Русьте жалғасуы 240 жыл. 1242-1480 ж дейін. Кейбір Алтын Орда, атақты қағанға бағынды, Қарақорым жеріндегі. Бірақ ол басқаруды өз қолына алды. Оның қарамағында Шығыс Европа Батыс Сібір, Орта Азия жерлері Батыймен бірге монғолдардың келуі, түркі елдермен бірігіп этнос болып кетті, татар атауымен. Монғолдардың бірігуі ислам дінінің әсері тиді, ол ХІҮ ғ. Алтын Орданың мемлекеттік дініне айналды. Монғолдардың басқаруында болған орыс князьдары Алтын Орданың вассомына айналды. Алтын Орда тепкісі – Русь елінің мәдени, саяси, эканомикасының дамуына үлкен кедергі жасады.
Остром – еж орыс князьдарының шекараларын бекитін ағаш қазықтар. ХІІ ғ. бастап белгілі бола бастады. ХІҮ – ХҮІІ ғғ. Оңтүстік Ресейде, ХҮІ – ХҮІІ ғғ. аяғында Сібірде таралды. ХҮІІІ – ХІХ ғғ.түрме аттары, қабырғалардан тұрғызылды.
Орда – түрік монғол халықтарының әскери - әкімдік ұйымы, кешірек – көшпенділер болған. Орта ғасырларда – мемлекет басқарушылардын төлемақысы болған.
Ордендік шығу – Алтын Орданың орыс жерлерінен алым алуы (ХІІІ-ХҮғғ.) өлшемі әртүрлі: Алымды бәр жерлерден, тұрғындардан алған. Дін басшыларынан басқа оны басқақтар жинап отырған.(ХІХ ғ басы содан орыс князьдары алған).
Орталықтандырылған мемлекет – ертеде құлаған мемлекеттерді бір орталыққа біріктіру процесі.
Ополчения - әскерге адамдардың бірігуі, соғыстағы адамдар, әскери міндеттегі (тәуелсіз шаруалар, дворяндар, қалалықтар)
Пищаль – көне орыс оқ ататын мылтығы (әуелгі кезде мылтық, ал содан кейін зеңбірек осылай аталды).
Достарыңызбен бөлісу: |