Технологическая карта урока



Дата08.04.2022
өлшемі4,2 Mb.
#138405
түріСабақ
Байланысты:
Электрондық үкімет порталы
Пайдаланушы функцилары және процедуралары, Понятие многогранника. Призма и ее элементы, виды призм. Развертка, площадь боковой

ГККП «АКТЮБИНСКИЙ АВТОМОБИЛЬНО-ДОРОЖНЫЙ КОЛЛЕДЖ»
«АҚТӨБЕ АВТОЖОЛ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК


Оқу сабағының жоспары/План учебного занятия
(теориялық немесе өндірістік оқыту/теоретического или производственного обучения)


Модуль/пән атауы / Наименование модуля/дисциплины Информатика
Педагог Алтынбаева А.Л., Алжанова А.К. дайындады/Подготовил педагог
Мерзімі / Дата «____» _________ 2021 жылғы/года
І Жалпы мәліметтер/ Общие сведения
Тақырыбы/ Тема занятия Электрондық үкімет порталы.

Курс, топ / курс, группы
















Мерзімі / Дата


















Сабақ түрі/Тип занятия Аралас сабақ


2. Мақсаты, міндеттері/ Цели, задачи
Студенттерге электронды үкімет туралы түсінік беру.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі / Перечень ожидаемых результатов и (или) профессиональных умений,
которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия.

  • Электронды үкіметтің пайда болуы;

  • Электронды үкіметтің дамуы;

  • Электронды үкімет дегеніміз......

  • Egov.kz порталы бойынша түсініктерді біледі.



а) Пәнаралық байланыс / Межпредметная связь математика, ағылшын.


4. Қажетті ресурстар/ Необходимые ресурсы
а) оқу-көрнекілік құралдар/ учебно-наглядные пособия
Дербес компьютер, интерактивті тақта, тұсаукесерлер, таратпа қағаздар, флешка, диск.


Қолданатың әдебиет /Литература к занятию

  1. Мұхамбетжанова С.Т. «Мектеп информатикасын оқыту әдістемесі» (9- 11 сынып материалдары негізінде) –Алматы,2006.

  2. М.Н. Байжұманов Информатика:оқу құралы. .-Астана: Эверо,2004.

Өз бетінше жұмыс/Самостоятельная работа. Компьютермен жұмыс жасау.


5. Сабақтың барысы /Ход занятия


Ұйымдасытру кезеңі / Организационный момент

  1. Студентермен сәлемдесу және түгелдеу.

  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру;

  3. Техникалық қауіпсіздік ережесін сұрау.

  4. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру;Сабаққа дайындығын тексеру.

Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру/Проверка знаний и умений обучающихся (өткен тақырыпты пысықтау/ обобщение пройденной темы)
Өткен сабақты пысықтау мақсатында тест тапсырмаларына жауап беру. (Таратпа қағаздар).


Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі /Содержание и последовательность изложения новой темы.
Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.



Электрондық үкімет - азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды. Жеке беттерге қатынау мүмкіндігіне ие болу үшін веб-порталда тіркелу қажет. Жеке бет азаматтарға электрондық пошта, күнтізбелік жоспарлау, жөнелтімдер, қатынас құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.





«Электронды үкімет» порталына тіркелу үшін ең алдымен www.egov.kz сайтына кіруіміз қажет «Электронды үкімет» порталының мүмкіндіктері.
Тіркелу үшін ең алдымен терезенің басты беттің жоғарғы жағында тіркелу сөзін басамыз. Тіркелу батырмсын басқаннан кейін «Электронды үкімет» веб-порталын пайдалану құқығы туралы келісім терезесі ашылады. Барлығын оқып шыққаннан кейін таныстым батырмасын басып, қызымет субъектісін жеке немесе заңды тұлғаны таңдаймыз. Егер сіздің ЭЦҚ-ңыз болса ЭЦҚ арқылы тіркелу батырмасын, болмаса уақытша тіркелу батырмасын басамыз.



Уақытша тіркелу кезінде берілген бос орындарды толтыру керек. Содан соң сіздің электронды поштаңызға сілтеме келеді. Сілтемені бассаңыз тіз порталға тіркелесіз. Тіркелу сәтті аяқталды.



Жаңа материалды бекіту / Закрепление нового материала.
Презентация арқылы тест сұрақтарына жауап беру.















Сабақтың қорытындысы/ Подведение итогов занятия _____________________________________
kahoot.com программасы арқылы тест тапсырмаларымен қорытындылау.


Рефлексия. Ең жоғары балл алған студент өз группаластарынан бір тілек сұрайды. Ол сұрақ не тапсырма немесе бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақ болуы мүмкін. Көңілін ешкімнің қайтаруға қақысы жоқ. Бұл шарт тек қана «Электрондық үкімет порталы» сабағының соңына дейін ғана жүзеге асырылу құқығы бар.


Бағалау / Оценка. Студенттерді білімдеріне қарай бағалау.
Үй тапсырмасы/ Домашнее задание. Электрондық үкімет порталы.


Оқытушының қолы/Подпись преподавателя ____________________________________________

ААЖК Оқу сабағының жоспары/ ААДК План учебного занятия




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет