Тексерген: Иманова Э. М алматы 2020 Акселерация және ретардация, реактивтілік және организмнің резистенттілігі



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі219,01 Kb.
#80182
  1   2
Байланысты:
СӨЖ Акселерация және ретардация реактивтілік және организмнің резистенттілігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


СӨЖ
Тақырыбы: Акселерация және ретардация, реактивтілік және организмнің резистенттілігі
Орындаған: Даркенбаева А.С
Тексерген: Иманова Э.М

Алматы 2020
Акселерация және ретардация, реактивтілік және организмнің резистенттілігі
Жоспары:
1. Акселерация және ретардация түсінігі 2. Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні 3.Әр жестағы балалардың дене дамусының зандылықтары 4. Организмнің рективтілігі және резистенттілігі туралы түсінік
Қорытынды бөлім Пайдаланған әдебиеттер
Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жасөспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы. Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі. Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады. Ретардация (лат. Retardatio-баяулау) - акселерацияға қарама-қарсы процесс және физиологиялық жүйелердің өсу, даму және қалыптасу қарқыны бойынша балалар мен жасөспірімдердің құрдастарынан 1-2 жылға артта қалуын білдіреді. Жеделдету сияқты, ол үйлесімді және үйлесімсіз болуы мүмкін. Көптеген қасиеттердің даму қарқыны мен соңғы деңгейі әрдайым байланысты емес.

Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6 -10жас), тоғыз жылдық (10 – 15жас), орта мектеп оқушылары (15 – 17 – 18жас) болып үшке бөлінеді. Баланың денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері баланың өсімталдығы, салмағының артуы, бұлшық еттерінің шынығуы, кеңейіп ұлғаюы, әр жас кезеңде түрлі өзгерістерге түседі. Өсіп дамып келе жатқан баланың ағзасында болатын барлық өзгерістерді жүйке жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Балаладың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстардың акселерация (лат. Жеделдеу) деп аталады. Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Осындай тез өсетін ағзаға жүрек-тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Сондықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын, ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне білмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімер ескеріп отыруы қажет. Осыған байланысты кейбір мәселелерді мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілері, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендерін қайта қарау т. б. шешіледі. Акселерация ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы, онымен бірге өзара байланысты бірнеше факторлар ықпал жасайтын күрделі педагогикалық-психологиялық үрдіс болып табылады.
Әр жестағы балалардың дене дамусының заңдылықтары. Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі көрсетілген. Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
Организмнің рективтілігі және резистенттілігі туралы түсінік. Реактивтілік латынша (reactio)- қарсы әсер деген сөзден шыққан. Реактивтілік – организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті;ол да бүкіл тіршілік атаулының зат алмасу ,өсу көбею т.б маңызды қасиеттері секілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет