КІРІСПЕ Акционерлік қоғамдардың қаржысы - ішкі қызмет етудің ең күрделе жүйесі болып табылады. Акционерлік қоғамдар жеке және заңды тұлғалардан құралған үлкен шеңберді, яғни акционерлер шеңберін құрайды. Акционерлер құқықтарының сақталуы - акционерлік қоғамның қаржылық қызметі шарттарының бірі болып табылады.
Акционерлік қоғам бұл - жарғылық капиталы белгілі бір акциялар санына бөлінген және бұл акциялар қоғамға байланысты әр бір қатысушының міндетті құқықтарын куәландыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.Акционерлік қоғамның түсінігі Акционерлік қоғам болып өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығарытын заңды тұлғалар акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциалар құнының шегінде қоғамның қызметтеріне байланысты шығындар тәуекелдік көтееді. Акционерлік қоғамдар коммерциялық ұйымның бір түрі. Себебі олардың қызметтерінің басты бағыты пайда табу.
Акционерлік қоғамдар Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың ішіндегі ең негізгі түрі болып табылады. Өйткені республикадағы ең ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам нысанында құрылады. Бұл ең алдымен мемлекетіміздегі болып жатқан нарықтық эканомикалық өзгерістерге байланысты. Сонымен қатар мемлекттік кәсіпорындарға жекешелендірудің де әсері бар.
Акционерлік қоғамдарды басқа коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындардан ажырата білу қажет.
Мемлекеттік кәсіпорыннан акционерлік қоғамнан айырмашылығы -акционерлік қоғамның өз оқшау мүлкі болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі тек шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару нысанында ғана беріледі. Мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің иесі болып мемлекет табылады.
Шаруашылық серіктестіктердің акционерлік қоғамнан айырмашылығы -шаруашылық серіктестіктің қатысушылары серіктестік мүлкіне ортақ жауапкершілікте болады. Ал акционерлік қоғамда мұндай ортақ жауапкершілік жоқ. Сонымен қатар шаруашылық серіктестік тұлғалардың бірігуі, ал акционерлік қоғам капиталдардың жұмылдыруы болып табылады.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бір-бірімен ұқсас болып келеді.Олардың құқықтық жағдайлары алғашында бірге реттелді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңның кейбір ережелері, Акционерлік қоғам туралы заңнан алынған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің де, акционерлік қоғамның да қатысушылары кәсіпорынның міндеттеріне жауап береді. Ал екеуінің айырмашылығы мынада: акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акцияларға бөлінеді, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестіктікі — қатысушыларының үлестеріне бөлінеді.
Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың басқару құрлымы бойынша да айырмашылығы бар. Акционерлік қоғамның жоғарғы органы болып — акционерлердің жиналысы, басқару органы — ұжым немесе басқарма, қадағалау органы ревизиялық комиссия немесе ревизор.
Ал жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқару құрлымы екі құрлымдық жүйеден тұрады. Яғни қатысушылардың жалпы жиналысы және атқарушы орган. Бірақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңға сәйкес жалпы жиналыстың шешімімен директорлар кеңесі (қадагалау кеңесі) құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғам акционерлері акцияның барлық түрлері бойынша тең құқықтарға ие болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушыларының шешімімен қосымша құқықтар мен міндеттер белгіленуі мүмкін.
Акционерлік қоғамның өндірістік кооперативтерден айырмашылығына тоқталатын болсақ, акционерлік қоғам бұл — кәсіпорын қызметтеріне қатысуы міндеті емес капиталдардың бірлестігі болып табылады. Ал өндірістік кооперативтің қатысушылары кооперативтің еңбек қызметіне міндетті түрде тікелей қатысуы тиіс.
Өндірістік кооператив жарғы капиталы мен заңдарда көзделген реттерде субсидарлы жауапкершілікте болады. Акционерлік қоғам құқық субьектісі болып, заңды тұлға құқықтарын қолдана отырып, арнайы құқық қабілегтілігі болады. Ол кез-келген құқықтар мен міндеттерге ие болуга, сондай-ақ кез-келген қызмет түрімен айналысуға мүмкіндік береді.