Теоретикалық тур 8 сынып биология
Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің жемісі:
Қауашақ немесе бұршаққын
Бұршаққын немесе жидек
Жидек немесе қауашақ
Басқа жауап
Адамда лямблиоз ауруын тудыратын лямблиялар мекендейді:
Асқорту мүшелерінде
Қанда
Ұлпа сұйықтығында
Терісінде
Түбірөркен түзбейді:
Қайын
Емен
Қарағай
Терек
Шеміршекті балықтардың тері жабындыларында болады:
Ганоидты қабыршақтар
Космоидты қабыршақтар
Сүйекті қабыршақтар
Плакоидты қабыршақтар
Бақшаны суаруға су жақын тоған судан алынды. Егер осы бау бақшадан алған көкіністі нашар жуып жесе қандай гельминтті жұқтыруға болады.
Бауыр сорғыш
Шошқа цепені
Аскарида
Эхинококпен
Сарымсақтың «басы» бұл:
Түріөзгерген тамыр
Түрөзгерген өркен
Түріөзгерген сабақ
Түріөзгерген өркендер жүйесі
Келесі сипаттамалардың қайысысы бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілерге ортақ:
Тістерінің болуы
Диафрагманың болуы
Артерия қаны жүректе вена қанынан толық бөлінген
Метанефридиялық бүйректер
Жемістердің пісіп жетілуіне әсер етеді:
ауксин
гиббереллин
цитокинин
интерферон
Шұбалшаң мен сүліктер:
Даражынысты
Жыныссыз, өйткені вегетативті жолмен көбееді
Гермафродиттер
Партеногенетикалық аналықтармен ғана көрсетілген
Долананың тікені–бұл:
Түріөзгерген өркен
Түріөзгерген жапырақша
Түріөзгерген жапырақ
Сабақтың перифериялық жасушалар қабатының өсіп бітуінің нәтижесі
Теоретикалық тур 9 сынып биология
Симпатикалық жүйке жүйесін белсендіргенде аталған белгілердің қайысысы байқалмайды :
Қарашықтың кеңеюі
Қантамырларының тарылуы
Бронхылардың тарылуы
Ас қорыту процесінің баяулауы
Сәбіздің жемтамыры – бұл түріөзгерген:
тамыр
сабақ
тамыр және сабақ
жапырақ
Өсімдіктер энергияны мына түрде қорға жинайды :
гликоген
май
жасунық
крахмал
Фоторецепторлардың жарық энергиясын қабылдайтын компоненті:
Көзбұршақ
Фермент
Пигмент
Фотоэлемент
Картоп түйінегі түзіледі:
Жанама тамырларда
Столондарда
Қосалқы тамырларда
Өсімдіктің басқа бөлімдерінде
Егер біржасушалы қарапайым амебаны және эритроцитті дистилденген суға салса:
Екі жасушада бұзылады
Амеба өледі, ал эритроцит бүтін қалады
Амеба бүтін қалады, ал эритроцит өледі
Екі жасушада бүтін қалады
Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бақныңа қан айналу жүйесі тұрады:
Арқа және құрсақ тамырлардан
Екі камералы жүрек
Үш камералы жүрек және 1 қан айналым шеңбері
Үш камералы жүрек және 2 қан айналым шеңбері
Агар- агарда ауру қоздырғышының келесі түрін өсіруге болады :
Диабет
Тұмау
Безгек
Дизентерия (Қан тышқақ)
Омыртқалы жануарлардың бас миының қандай бөлімі түрі өзгерген «төбе көзі» деп аталады:
гипофиз
мишық
эпифиз
аралық ми
Тиреотропин – гормон:
гипоталамустың
гипофиздің
қалқанша безінің
эпифиздің
Теоретикалық тур 10 сынып биология
Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің жемісі:
Қауашақ немесе бұршаққын
Бұршаққын немесе жидек
Жидек немесе қауашақ
Басқа жауап
Жүректің жалпы босансу фазасында:
Айшық қақпалары ашық, жақтаулы қақпалары жабық
Айшық қақпалары ашық, жақтаулы қақпалары ашық,
Айшық қақпалары жабық, жақтаулы қақпалары ашық
Айшық қақпалары жабық, , жақтаулы қақпалары жабық
Өсімдікте тамыр қысымының әсерімен ксилема сөлінің жылжуы іске асу үшін қажет
Топырақта минералды тұздардың жеткілікті болуы
Топырақта судың жеткілікті болуы
Тамырдың тірі жасушалары
Барлық аталған жауаптар
Адамда қандай фермент болмайды:
ДНК-полимераза
гексокиназа
хитиназа
АТФ-синтетаза
Несеп шығару рефлексінің орталығы орналасқан :
Жұлында
Сопақша мида
Ортанғы мида
Аралық мида
Миелин талшығы арқылы жүйке импульсін өткізу жылдамдығы қандай:
0,2-1 м/с
1-4 м/с
5-120 м/с
130-200 м/с
Аталған селбесіп тіршілік ету жолдарының қайысысы өзара тиімді:
комменсализм
мутуализм
эндосимбиоз
аменсализм
Түрлі түсті көру қаблеті бар :
Бұқада
Маймылда
Итте
Қоянда
Бауырмен жорғалаушылардың қай тобы қазіргі бауырмен жорғалаушылардың арасында ежелгі болып есептеледі:
Кесірткелер
Жыландар
Тасбақалар
Крокодилдер
Жануар және адам қанындағы глюкоза тұрақты деңгейде ненің қатысуымен сақталады:
Бүйрек
Ұйқы безі
Бауыр
Бүйрек үсті безі
Теоретикалық тур 11сынып
Қандай фермент адамда болмайды:
ДНК-полимераза
Гексокиназа
Хитиназа
АТФ-синтетаза
Жүректің жалпы босансу фазасында :
Айшық қақпалары ашық , жақтаулы қақпалары жабық
Айшық қақпалары ашық, жақтаулы қақпалары ашық ,
Айшық қақпалары жабық, жақтаулы қақпалары ашық
Айшық қақпалары жабық , жақтаулы қақпалары жабық
Картоптың түйнегі түзіледі:
Жанама тамырларда
Столондарда
Қосалқы тамырларда
Өсімдіктің басқа бөлімдерінде
Шеміршекті балықтардың тері жабындыларында болады:
Ганоидты қабыршақтар
Космоидты қабыршақтар
Сүйекті қабыршақтар
Плакоидты қабыршақтар
Агар- агарда ауру қоздырғышының келесі түрін өсіруге болады :
Диабеттің
Тұмаудың
Безгектің
Дизентерияның
Бақшаны суаруға су жақын тоған судан алынды. Егер осы бау бақшадан алған көкіністі нашар жуып жесе қандай гельминтті жұқтыруға болады:
Бауыр сорғышты
Шошқа цепені
Аскарида
Эхинококкті
Симпатикалық жүйке жүйесін белсендіргенде аталған белгілердің қайысысы байқалмайды:
Қарашықтың кеңеюі
Қан тамырларының тарылуы
Бронхылардың тарылуы
Ас қорыту процесінің баяулауы
Гетерозис болып табылады:
Екінші ұрпақта гибридтердің қайта жаңғыруы
Хромасомалар санының тақ екі еселенуі
Туыстық емес будандастыру
Бірінші ұрпақ гибридтерінің өнімділігінің, тұрақтылығының, көлемдерінің үлкеюінің, бойының өсуімен сипатталатын өзгерістер.
Нәруыз биосинтезі іске асады:
Микротүтікшелерде
Ядрошықта
Митохондрияларда
Цитоплазмада
Бауырмен жорғалаушылардың қай тобы қазіргі бауырмен жорғалаушылардың арасында ежелгі болып есептеледі:
Кесірткелер
Жыландар
Тасбақалар
Крокодилдер
Практикалық тур 8 сынып биология
1.Сәйкестікті қалыптастыр. Тапсырма талаптарына сай жауаптар матрицасын толтырыңдар.0,5 ұпай -1 жауапқа, барлығы-2 ұпай.
Су
Топырақ
Ағзалық
Құрлық- ауа
|
А)май қоңызының дернәсілі
Б)безгек плазмодийі
В) инеліктің дернәсілі
Г) жүзім ұлуы
|
2.Сіздерге пікірлер түрінде тест тапсырмалары берілген, оның әр қайысысымен келісуге немесе келіспеуге болады. Жауаптар матрицасында «иә» немесе «жоқ» деген жауапты көрсетіңдер. Әр тапсырмаға 1 ұпай, барлығы 10 ұпай жинауға болады
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі үнемі ірі жапырақтары бар қабаттама түрінде болады.
Долананың тікендері түріөзгерген өркен болып табылады.
Суда өсетін өсімдіктердің лептесіктері жапырғының астында орналасады.
Жарықта өсімдік жасушаларының хлоропласттарында бірінші реттік крахмал қорға жиналады. +
Көпжылдық өсімдіктердің сабақтары үнемі фотосинтез қызметін атқарады.
Хламидомонаданың жыныссыз көбеюі қолайсыз жағдайлар туғанда іске асады.
Медузаның жүйке жүйесі, полиптердің жүйке жүйесіне қарағанда күрделірек болып келеді. +
Құстардың бұлшық еттерінің негізгі салмағы құрсағында орналасқан. +
Сүтқоректілердің тері бездеріне тер, май және сүт бездері жатады. +
Қатты суытқанда кейбір құстар ұйқыға кетеді. +1дұрыс жауапқа – 1 ұпай, барлығы 10 ұпай алуға болады.
№
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
"иә"
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
"жоқ"
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Практикалық тур 11 сынып билогия
1. ДНҚ –ның үш иірімінің ұзындығы неге тең? ( Есепті шығар)-1 ұпай.
2.Бір ДНҚ молекуласында тимин нуклеотидтерінің үлесі 18 %. ДНҚ молекласына кіретін басқа нуклеотидтердің пайыздық қатынасын анықтаңдар.2 ұпай
3.Жабықтұқымды өсімдіктің даму циклін көрсететін суретті қараңдар. Әр санмен не белгіленгенін атап, жазыңдар. 4- ұпай.
Практикалық тур 9 сынып биология
1.Органоидтарды үш баған бойына орналастырыңдар ( бір бағанға әр органоид алдына «+» белгісін қойыңдар.
Органоидтер
|
Бірмембраналы
|
Екімембраналы
|
Мембранасыз
|
1.Ядро
|
|
|
|
2.ЭПТ
|
|
|
|
3.Талшықтар
|
|
|
|
4.Митохондриялар
|
|
|
|
5. Гольджи комплексі
|
|
|
|
6.Рибосомалар
|
|
|
|
7.Лизосомалар
|
|
|
|
8.Кірпікшелер
|
|
|
|
9.Пластидтер
|
|
|
|
10.Жасуша орталығы
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |