Тәрбиеші Нурланова Г. Н. Қараша екінші апта Тақырыбы



Дата12.11.2019
өлшемі43 Kb.
#51609
Байланысты:
Жаңғақтан жасалған тасбақа

«Бөбек» ересек тобының

Күннің екінші жартысында ұйымдастырылатын «Қол өнері» топтық дамыту сабақтарының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші Нурланова Г.Н.

Қараша екінші апта

 Тақырыбы: « Жаңғақтан жасалған тасбақа»

 Мақсаты: Табиғи материал жаңғақ қабығының басқа да келтірер пайдасымен, оның бөлшектерін біріктіру тәсілдерімен қалыптастыру,  көз мөлшерін па      йдалана отырып жұмыс жасау шығармашылықтарын арттыру.Табиғи материал мен ермексаз арқылы тасбақаның пішінін жасатып үйрету.Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

К/құралдар: Жаңғақтың  қабықтары, үлгі, тасбақа(ойыншығы), тақтайша, тасбақа туралы бейнетаспа, ермексаз, қол сүрткіш.

Алдын-ала жұмыс: Сурет құрау, әңгіме өткізу, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.

 


Әрекет кезеңде

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу

Тәрбиеші топқа сиқыршыны қонаққа шақырады. Топқа сиқыршы келеді де ғажайып сәт ұйымдастырады.Сиқыршы тірі тасбақаны әкеледі.

Балалар сиқыршымен танысуға тілек білдіреді. Тасбақаны көріп қызығушылық танытады.

Ұйымдастыру,

іздену

 


Тәрбиеші балаларға«Дауысымнан таны» деген ойын ойнатады.Ойынның кезінде бір әдемі әуен естіледі. Тәрбиеші топқа бір қонақ келіп тұрғанын ескертеді.Топқа сиқыршы келеді.Сиқыршы амандасып,өзін таныстырады..Балалар мен сендерді күнде үлкен айнадан көріп отырамын, ал бүгін мен сендерге балабақшаға барып келейінші деп, қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Бізге қонаққа келгеніне қуанамыз, енді балаларға сиқырыңды көрсетші.Сиқыршы қарды көрсетеді де, қардан жасалған тасбақаны шығарады, матаны көрсетіп матадан жасалған тасбақаны шығарады, тасты көрсетіп, тірі тасбаны шығарып балаларға көрсетеді. Осы әрекеттің бәрін сөзбен айтып, шапалақтап, сиқырлы таяғымен орындатады.. Тәрбиеші:Қандай керемет сиқыршы. Қыста ұйықтап жатқан тасбақаны оятып әкеліпті. Балалар қыстағы қандай жан-жануар ұйықтайды.

(Аю, кірпі, борсық)

Тәрбиеші тасбақа туралы әңгіме өткізеді.Сұрақ қояды.



  • Тасбақаның үсті қандай?

  • Тасбақаның қандай мүшелері бар?

  • Ол жауыннан қалай қорғанады?

 

Балалар ойын ойнайды. Әуенді тыңдап сиқыршы келгеніне қуанады.Балалар сиқыршымен танысады. Сиқыршыны жасаған сиқырын көреді, қызығады.Тірі тасбақаны көріп қызығушылық танытады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Балалар сұраққа жауап береді. Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.Теледидардан тасбақа туралы көреді.

 

Тасбақа туралы әңгімелеп береді.Тасбақа бауырымен жорғалайды, ол суда да құмда да өмір сүреді.Тасбақа шөппен, судағы балықтармен, шаянмен қоректенеді. Қыста мұздың астында терең жерде қыстайды, ұйықтайды.Көктемде мұз ерігенде судың бетіне шығып рахаттана ауа жұтады және құмға барып жүреді.Шілденің ыссы күндерінде жазда,, аналық тасбақа судан алыстау жердегі құмға барып жұмыртқалайды.Уақыты келгенде жұмыртқалар жарылып, кішкентай тасбақалар шығып, өздері суға барып түседі.

Тәрбиеші бейнетаспадан балаларға тасбақаның түрлерін көрсетеді. «Сергіту сәті»

«Бақа,бақа,балпақ» (қимылмен көрсетеді)

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Түнімен,түнімен

Көшіп жүр үйімен.(Тасбақа)

Тәрбиеші үлгі бойынша көрсетеді. Тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды қадағалайды.Дидактикалық ойын ойнатады. «Пішіндерді ата». Психолог психожаттығу жасатады.


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Балалар теледидардан әртүрлі тасбақаны тамашалайды.

Сергіту сәтін орындайды.

 

 



Жұмбақтардың шешуін табады.

 

 



Тәрбиешінің жасаған жұмысын қадағалап тыңдайды. Үлгі бойынша орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды

Психожаттығу жасайды.


Рефлексивті түзету

 

 



 

 

Тәрбиеші сиқыршыға балалардың жұмыстарын көрсетіп мадақтайды.

 

 


 

Балалар алған әсерімен бөлісіп қуанады.Сиқыршымен қоштасады.



 

 


 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет