Бекітемін:
Алматы қаласы
Алатау ауданы
«№164 б\балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі Шаметова Г.А
Вариативтік компонент
Тақырыбы: «Жас зерттеушілер»
Тәрбишілер:Тастанбекова. Р Шаншарова А
2018-2019жж
Түсініктеме:
Орыс халқының ғұлама жазушысы Лев Толстойдың баланың мектеп жасына дейінгі қабілетіне ерекше бас иіп айтқан мына сөздерді бүгін де өмір шыдығын танытып отыр. «Мен, - деп жазады Лев Николаевич, -қазіргі өмірдегі бар білетінімді ең жас кезімде меңгердім және сонша қып, тез меңгергендіктен қалған өмірімде оның жүзден бірін де меңгергем жоқ.
Бес жастағы баладан маған дейін бір-ақ қадам. Жаңа туған баладан бес жасар балаға дейін үлкен қашықтық».
Мектепке дейінгі шақтағы балалардың ой-өрісінің ерекшелігі ол сезімдік қабылдаумен негізделеді. Балалардың айнала қоршаған орта туралы анағұрлым көп мағлұмат алып, көп білгісі келеді. Өйткені негізгі ғалымдардың зерттеу дәлелдемелері бойынша мектепке дейінгі шақтағы балалардың туғаннан дарындылығы мен ізденушілік қабілеттері табиғатынан туа біткен қасиет.
Ал ол қасиет баланың мектепке дейінгі және мектеп шағында басылып, ақыры жоғалады екен. Көбінесе балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі дайындылық деп аталады. Біздің елімізде осы күнге дейін барлық балаларға бірдей көзқараспен қарым қатынас болып келді. Міне осы негізінде балалардың туа біткен қасиет қабілеттері азаюы болды. Қазіргі таңдағы технологиялар мен жаңашылдықтардың даму кезеңінде балалардың әрқайсысының ерекшеліктері мен жақын даму ортасы негізіне келе отыра дамытушылық жұмыстарын ғалымдар мен психолог- педагогтар өз шеберліктеріне қарай зерттеуде және дамыту жұмыстарын жүргізуде.
Мектепке дейінгі білім саласының мамандары мен дидактары бойынша мектепке дейінгі шақтағы балалар қасиетін дамыту өте тиімді де ең алғаш кірпіші қаланатын кез деп белгілеген. Сондықтан баланың өзіндік ойлау қабілеттерін бағыттаудың тиімді жолдарының бірі болып танымдылық – тәжірибелік зерттеулік іс-әрекет саналады.
Әлемдік психологиялық еңбектерінде зерттеушілік пен дарындылық бойынша нақты деректер көп жинақталған. Мәселен, Л.С. Выгодскийдің, А. Савенковтың, Е. Белованың, Д.Б. Эльконин еңбектерінен нақты ойларды оқуға болады. Ал мектепке дейінгі балалар психологы Н:Н: Поддъяков « балалар тәжіриебесі» атты еңбегінен балалардың әр- түрлі әрекет барысындағы қызметі мысалы: сурет салу, мүсіндеу, құрастыру негіз емес ал осы процесс кезіндегі өзіндік ерекшелікттері мен таным, қабілеттерінің дамуы жетілуі мағыналы деп көрсете отыра әрекет ол бастаушы қызметі деп атаған. Мектепалды топтарының балалары балабақшада мен үйде зерттеулер жасайды әр түрлі тіршілік ахуалар нәзігірек, күрдклі әлеуметтік тәжірибиелерін жүргізу жолдары қабілеттері дамыту үшін бағыттыболу қажетдеген. Сонымен қатар Поддъяков әлеуметтік зерттеулерге арнайы болуының жолдарын ұсынған:
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мектепке дейінгі мекемедегі зерттеулер әрекеттерін ұйымдастырудың ережелерінің негіздерін анықтауға тырысайық.
Сұрақ (құбылысты бекіту) балаларды дербес әрекеттенулерінен ( тәжіриебе үстінде) айқындалуы, тууы керек. Мысалы, бақылауда, көркем немесе энциклопедиялық әдебиетті оқығанда ( қандайда бір құбылыс туралы оқыдыңыз немесе өзгеше, ерекше дерек, оның пайда болу себебін, табиғат құбылысын білгіңіз келіп кетті); Еңбектенупроцесінде (қол еңбегінде, табиғатта, шаруа-тұрмыстық); иллюстративтік материалды анықтап қарау кезінде және т.б.
Басқа сөзбен айтқанда зерттеу әрекетті балардың қажеттетсінуінен, мотивіне ұйымдастырылады.
Осы кездегі педагогтың міндетті – балаға осы қажетсінуді түсінуіне көмектесу. Балалар өздері құбылыстың пайда болуының себептері туралы (сөйлем) болжамдарын, оларды тексеру амалдарын (қарапайым тәжірибе) жасаулары керек. Болжам шынайы өмір деңгейінде жасалуы керек.
Тәрбиеші жаңа эксперименттерді (өткен тәжірибеде орын алмаған) ұсынуы мүмкін, тек дайын түрінде беруге болмайды, өзінің түсінігі ретінде және « Егерде біз осылай істесек... онда нені білеміз?» деген балалардың ұсынысынан кейін ғана беріледі. Эксперименттеу балардың белсенді әрекеті ретінде ұйымдастырылады. Осындайда әр бала өзінің нені білгісі келетінін, қалай тексергенін , не болғаның, түсіндіре білуі керек. Эксперименттің нәтижесін схемалармен, суреттермен белгілеген жөн (кіші-орта топтарында тәрбиешінің көмегімен, ересек топтарында балалар өздері жасайды)
Ең үлкен мәселе осы бағытта оның жан-жақты танымдылығына дұрыс бағыттап, дамыту. Осы бөлмеге арналған әдістемелік нұсқаулар өте бай және толыққан, тәрбиешіге өз шығармашылығын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Осындай жолдар арқылы балаларда қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылық қана қалыптасып қоймайды, сонымен қатар туындаған ситуациялардан шығуға арналғандербес жұмыстарға қажет,пайдалы ой- тұжырым дағдылары қалыптасады.
Ересек топтың балаларына арналған
«Жас зерттеушілер» вариативтік компоненттің тақырыптық жоспары.
Р\с
|
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Сағат саны
|
Өткізілу мерзімі
|
1
|
Түстер экологиясы
|
Ағаштарды күтуге оң сезімдерін жалғастыру.Балаларға «қабақ» ұғымымын анықтату,ол ағашқа қандай қызмет көрсетеді. Ағашты сырт пішініне қарап оны тануға үйрету. Ағаштың жасы туралы түсіндіру
|
1
|
|
2
|
Үйде жасалатын зерттеулер
|
Балаларға тәжірибелерді еске сақтауға жетілдіру. Қарапайым тәжірибелерді үйде ата-аналарының басшылығымен орындауға тәрбиелеу.
|
1
|
|
3
|
Өлі табиғат
|
Өлі табиғатқа деген көзқарастын, құбылыстары мен объектілерін экологияларық қалыпты жағдай жүйелеу және тереңдету
|
1
|
|
4
|
Сиқырлы электр
|
Электр туралы білімдерін жалпылау. Электрдің қайда «тұратынын» білімдерін кеңейту және ол адамға қандай көмек көрсететіні туралы түсіндіру, статикалық электрдің пайда болу себебімен таныстыру. Электр құралдарың қолдануда қауіпсіздік сақтау ережелерін бекіту
|
1
|
|
5
|
Табиғат және біз.
|
Балаларды табиғат құбылыстарының біртүрі-желмен таныстыру, адам өміріндегі алатын орны және оның қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.
|
1
|
|
6
|
Күз алтынын түсіреді
|
Табиғатта маусымдық өзгерістер туралы балалардың білімдерін және көзқарастарын қалыптастыру
|
1
|
|
7
|
Тірі табиғат
|
Бала табиғат әлеміңінің бірбөлігі екен сезімін қалыптастыру. Тірі табиғаттың физикалық жағына қызығушылықтарын арттыру
|
1
|
|
8
|
Нан бізге қайдан келеді
|
Балаларға нан адам тамақтануында күнделікті азық мөлшері екені жөнінде түсінік беру. Нан қайдан келетінің, оны қалай дайындайтыны, кім оны өсіреді және пісіретіні туралы әңгімелеп айту. Үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу
|
1
|
|
9
|
Орман және біз
|
Орман түрлерімен таныстыру, орманда жүру тәртібін бекіту, табиғат әлемі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруына тәрбиелеу.
|
1
|
|
10
|
Орман тұрғындары көмек сұрайды
|
Адам мен табиғаттың байланысың бөлінбейтіні туралы ұғымдары қалыпастыру. Балаларды жабайы жануарлармен және олардың тіршілік ету үшін жануарлардың әдеттерімен таныстыруды жалғастыру
|
1
|
|
11
|
Жануарлар неге құриды?
|
Балаларға табиғаттың әртүрлілігі туралы мәлімет беруді жалғастыру, кейбір жануарлардың қырылуы туралы негізгі мәлімет беру, қорғауды қажет ететін жануарларды атау, олары не үшін қорғау керектігін түсіндіру.
|
1
|
|
12
|
Қысқы орманға саяхат
|
Қоршаған ортаға деген сезімдерін тереңдету. Жыл мезгіліне байланысты орман ерекшеліктерін атау.
|
1
|
|
13
|
Сиқырлы су
|
Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру: судың өзіндік пішіні жоқ, ағымдағы, су заттарды ерітеді. Балаларға суды неге кей кезде тазартып отыру қажеттілігін түсіндіру. Зертханалық тәжірибелер жасау кезінде зерттеу дағдыларын дамыту, шыны және мөлдір ыдыспен жұмыс жасау дағдысын бекіту. Таныс емес ертінділермен жұмыс жасауын бекіту, зерттеу кезінде тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтануын қадағалау.
|
1
|
|
14
|
Біздің айналамыздағы әлем
|
Қоршаған материалдық дүние туралы ұсыныстардың жүйесін құрастыру. Жеке құбылыстар және қоршағанортасы табандатқан гармониялық қабылдауға қалыптастырылған қоршаған орта объектілері туралы балардың өнер-білімін кеңейтіп тереңдету
|
1
|
|
15
|
Кереметке толы қысқы орман
|
Балаларды қысқы пейзажбен таныстыруды жалғастыру, ауа райының қай мезгілде болмасын ғажайып екенін көрсету, эстетикалық қабылдауын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру
|
1
|
|
16
|
«Құстарға астау жасаймыз»
|
Жануарлар мен құстар тіршілігі туралы түсініктерін бекіту
|
1
|
|
17
|
«Көңілді көжектер мен қонжықтар»
|
Ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды және құстарға қамқор болуды үйрету.
|
1
|
|
18
|
«Біздің балабақшаның ауласы»
|
Балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан жасай алуға үйрету.
|
1
|
|
19
|
Табиғи материалдар және оның қасиеттері
|
Табиғи материалдармен таныстыруы жалғастыру. Жүннің , түйе шудасының пайдасы туралы, былғары және оның шығу тегі, пайдасы туралы білім беру. Әр түрлі аттарды санына қарай теңестіруге үйрету.
|
1
|
|
20
|
Таза және ластанған ауа
|
Өсімдіктердің біздің өміріміздегі орны мен олар ауаның тазартылуына қалай әсер ететіні жайлы және адам денсаулығына қалай ықпал ететіні туралы түсінік беру. Ауаны ластайын факторларға теріс қатынасты тәрбиелеу.
|
1
|
|
21
|
«Жаяу жүргіншілерге, машиналарға арналған тар және кең жолдар»
|
Балалардың пайдалы азбалар және олардың қасиеті туралы білімдерін кеңейтіп, бекіту. Жауапты дұрыс беруге тәрбиелеу.
|
1
|
|
22
|
Су адам өмірінде
|
Адам өміріндегі су туралы білімдерін жетілдіру. Су өмір көзі, адам өмірін және денсаулығын қамтамассыз етуін сүйемелдеулері үшін қажетті судың қасиеті, мөлдір, түссіз, иісі жоқ, еріткіш, үш күйде кездеседі: қатты(қар,мұз), сұйық, газ түрінде – бу
|
1
|
|
23
|
Магнит және оның қасиеттері. Магнитті сынау
|
Балаларды магниттің кейбір заттарға тартқыш қасиеті бар екенін түсіндіріп, таныстыру. Балалрды тәжірибе қоюға пәндік – тізбек моделін құрастыруға үйрету. Маңызды белгілердің негізінде кең таралған материалдарды тұрмыс –салттарда танып біліп және бұл туралы айтуға үйрету.
|
1
|
|
24
|
Жаяу жүргіншілерге, машиналарға арналған тар және кең жолдар»
|
Адамға су және электрсіз өмір сүру мүмкін емес екенін түсіндіру. Су мен электрді үнемдеп отыру қажеттілігін түсіндіру.
|
1
|
|
25
|
Бәйшешек
|
Балалардың жыл мезгілі көктем туралы түсініктерін кеңейту. Көктемнің алғашқы құбылыстары туралы түсінік беру.
|
1
|
|
26
|
Көктем келді
|
Балалардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамыту, бала мүмкіндіктерінің толық іске асырылуы үшін керекті шартты жасау, көктемдегі құбылыстар туралы ұсынысын жалпылау
|
1
|
|
27
|
Жел қалай үрлейді?
|
Балаларды табиғат құбылысы желмен таныстыру.
|
1
|
|
28
|
Ауамен тәжірибелер
|
Балаларға ауамен жасалатын тәжірибелерді жасату, тәжірибелерді жасату, тәжірибе барысында қортындысын дәлелдей білуге тәрбиелеу
|
1
|
|
29
|
Күн және ғаламшар
|
Ғарыш кеңістігіне қызығушылықтарын, ғарышкер мамандығы туралы білімдерін арттыру. Мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу. Елестету мен қиялын дамыту.
|
1
|
|
30
|
Жәндіктердің жандануы
|
Көктем мезгелінің құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру, оның ішінде жәндіктердің жандануы туралы мәлімет беру. Табиғи лупа жасап, жәндіктерді өздері істеген өқ
|
1
|
|
31
|
Жәндіктердің қорегі
|
Топырақта ауа бар екенің көрсету, топырақты таптау барысында жер асты мекендеушілердің тіршілік етуі қиындайтыны туралы түсіндіру. Балаларға демалыстағы мінез- құлықтың ережелерін сақтауға, өз алдында қажеттілік туралы бір қортындыға келуге көмектесу
|
1
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |