Теректі ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



Дата17.06.2018
өлшемі12,43 Mb.
#42676
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Теректі ауданы
  • Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
  •  
  • Авторы: Темірболат Дәурен
  • Сыныбы: 4
  • Жетекшісі:Туралиева Алмагул Гариповна
  • Асық – ұлттық ойын

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Асық – ұлттық ойын» Зерттеу жұмысының мақсаты: - Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу тарихын зерттеу; - Асық ойынының түрлерімен және олардың ойналу ережесімен танысу. Зерттеу жұмысының мақсаттарына жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: - Ұлттық ойындардың ұрпақ тәрбиесінде алар орны қандай дәрежеде екенін білу; - Асық ойыны туралы газет-журналдарда,ғаламторда қандай ақпараттар жазылғанын зерттеу; - Асық ойынын ойнаудың маңыздылығы неде екенін түсіну.

  • Қазақтың ұлттық ойындары
  • Халқымыз қозғалмалы ұлттық ойындарды
  • төрт топқа бөледi:
  • 1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: Асық, Бестас, Сиқырлы таяқ, т.б.;
  • 2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: Соқыртеке, Түйе-түйе, Көксиыр, т.б.;
  • 3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар:  Бөрiкжасырмақ, Түйiлген орамал, Тақия тастамақ, Орамал тастау, т.б.
  • 4. Құрал-жабдықсыз ойналатын ойындар: Шертпек, Ақсерек-көксерек, Жасырынбақ, Көтермек, т.б.
  • Асық неден алынады?
  • Асық – төрт түлік малдың санының орта тұсында орналасқан асық  жіліктен  алынады. Асықты жілік малдың артқы санындағы ортан жілікке тұтасатын ең ұзын жілік. Санның бүгіліп-жазылуына демеуші болады. Жіліктердің ішіндегі ең ұзыны, ең сымбаттысы, оның балалар ойнайтын асығы бар. Асықты жіліктің өзінен бесіктегі баланың шүмегін жасайды. Басқа жіліктер мұның орнын баса алмайды. Асықты жіліктің үлкен басында қатты сіңірлер болады. Оны «Қарғыс өтпес» деп атап, әдейі ырымдап жейді. Асықты жіліктің еті сіңірлі, жұмсақ келеді. Ал асығын сіңірінен арылтып, балаға береді. Қазақ халқы асықты иіргендегі қалай түсуін де сол төрт түлік малының нышаны деп қараған. Видео 1IMG_4355.MOV
  • Асықтың түрлері мен атаулары (Видео2)IMG_4330.MOV
  • Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар - текеден алынады.
  • Қорғасын сақа - табан жағынан ойылып қорғасын құйылған сақа.
  • Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.
  • Жабайт - қой асығының сақадан кейінгі қорғасын құйылмаған түрі.
  • Құлжа – құлжаның асығы.
  • Топай (томпай) - бұзаудың, тайыншаның асығы(жалпы сиыр асығын томпай дейді).
  • Қойлық – қойдың асығы.
  • Ешкімек – ешкінің асығы.
  • Шүкейт (үшкейт) - Жас малдың асығы. Қозы, ешкі асығы.
  • Кеней - көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. Жабай – ірі асықты айтады.  Қолқар – арқардың асығы. 
  • Асықтың атаулары:
  • Алшы – асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол - бірінші дәрежелі асық.
  • Тәйке (Тәйкі) – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. Асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол - екінші дәрежелі асық.
  • Бүге (Бүк) – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. Асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
  • Шіге  (Шік) – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. Асықтың иірілгенде шұңқыр жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
  • Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы. Асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
  • Шоңқай  – асық тұмсығымен көкке қарап (асықтың омпыға қарсы жағымен) тік түсуі.
  • Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.
  • Табан – асықтың тәйке жағы.
  • алшы
  • бүк
  • тәйкі
  • шік

Омпы

  • Омпы
  • Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» деп атайды. Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса алады. Ара қашықтығы 10-20 адым жерге екі көмбе сызыңдар. Әрқайсысың көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігіңдер.
  • Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңмен көнге тігілген асықтарды атып түсірулерің керек. Атып алған асықтарың өздеріңде қалады. Егер омпыға тигізсеңдер, көндегі барлық асықтарды аласыңдар. Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңіске жетесіңдер.
  • Асықпен ойналатын ойындар
  • Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойынын тақыр жерде немесе ашық алаңқайда тегіс жерде ойнайды. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері бар.
  • Хан алшы
  • Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояңдар. Осы асық «хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере-ыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпағандарың жөн. Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан» алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысың өз қолдарыңа түсіруге әрекеттеніңдер. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.
  • Қорытынды
  • Тәрбиелік мәні зор асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Бірнеше адам ойнайтын асық ойыны жас баланың топтан бірінші болып суырылып шығуын, топпен жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады. Асық шахмат пен тоғызқұмалақ секілді арнайы алаңды қажет етпейді. Асық ойынын кез келген жерде, қалаған уақытыңда ойнай бересің. Бір жағынан адам денесі қимыл-қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек тазалықтың ойыны дер едім. Ата-бабамыздан бүгінгі күнге мирас болып жеткен ұлттық спорт түрін біз қастерлемесек, біз ойнама- сақ, оны ешкім қажет қылмайды. Кезінде«Асық ойнаған-азар» дейтін еді, ал, қазіргі таңда олай емес. Керісінше, күні кешке дейін компьютердің алдынан шықпайтын балаға таза ауаға шығып, қимыл-қозғалыс жасап асық ойынын ойнағаны пайдалы дер едім.
  • Ұсыныстар:
  • Ұлттық ойынымыз асықты неге ұмыта бастадық?
  • 1. Ұлттық ойын түрі – асық ойынын қайта жандандыру үшін мектеп бағдарламасына көбірек енгізілсе ұлттық ойындарымыз ары қарай дамиды деген ойдамын.
  • 2. Асық ойынын көтеріп, дамыту қажеттігін кезінде Б.Момышұлы: «Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл -үлкен халықтық тәрбие»-деп жоғарғы басшылыққа хат жазған. Елімізде Ат спорты секілді ұлттық ойын түрлерінің федерациялары бар. Ал Асық ойнына келгенде, мемлекеттік деңгейде ешқандай ұйым жоқ. Асық ойындары қалалық жерді былай қойғанда, тіпті ауылдық жерде ұйымдастырылмайды. Ең азы мектебімізде «Асық» ойыны үйірмесі ашылып, балалар қатысуға тартылса деген ұсынысым бар.
  • Пікір
  • Халқымыздың ата-дәстүрлерін жаңғыртып, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында асықтың түрлері мен атауларын зерттеу барысында 4-сынып оқушысы Темірболат Дәурен өзінің ұлттық ойындарға деген қызығушылығы мен білімділігін таныта білді. Дәурен қазақтың ұлттық ойыны–асықты бар ынтасын сала, қызыға ойнайды және зерттеу жұмысын жүргізбестен бұрын ойын түрлерін, олар туралы мәліметтерді әкесінен білген. Бұл қызығушылығы асық туралы материал жинау барысында Дәуренге көп септігін тигізді. Сонымен қатар ізденіс нәтижесінде асық ойнаудың адам денсаулығына, қимыл-әрекетінің ширақ болуына, көздің көру қабілетінің жақсаруына, бір сөзбен айтқанда, шынайы өмірде асықтың пайдасының барлығына көз жеткізді. Ол зерттеу нәтижесінде бірнеше ұсыныстар тастады. Осындай жас буын Дәуреннің талпыныс еңбегі жақсы бағаланып, ұсыныстары қабылданып, оқушылар халқымыздың ұлттық ойындарын дұрыс пайдаланып, іске асырады деген сенімдемін.
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • 1. Балалар ойындары «Аруна» баспасы Г.Әбілова.
  • 2. «Қазақ совет энциклопедиясы» 1-том.
  • 3. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы.
  • 4. Massaget.kz сайты.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет