«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы
2014-2015 оқу жылы
Ой - өрісімізді кеңейтетін сабақ.
“Өзін-өзі тану ”пәні –мазмұны мен құрылымы жағынан басқа пәндерге ұқсамайды. Себебі,біз осы пәнді оқи отырып, өзгені және өзімізді тануды, өмірдің мәнін ұғынуды, кез-келген қиыншылықтарды жеңе білуді, әдепті болуды үйретеді. Пән оқулықтарында берілген даналық сөздердің мәнін ұғынып, өнегелі аңыз- әңгімелерден тағылым алып, ұлылардың философиялық ой – тұжырымдарына талдау жасау арқылы адамға қажетті өмір құндылықтарының жалпы адамзаттық, рухани адамгершіліктің мәнін терең түсіне аламыз.
Тегі:Наукенова
Аты:Айнур
Әкесінің аты:Нурланқызы
Туған жылы, айы-күні:01.03.2001
Сыныбы:8 “а “
Мектебі: Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі.
Сен дүниеге келгенде неге осы есімді берді?Мағынасы нені білдіреді?-Мен дүниеге келгенде менің атымды Айнур деп қойған себебі айдай нұр шашып барлығының айы болсын деп қойды.
Сен қазір нешінші сыныптасың?Нешінші сыныптан бастап осы мектепте оқисың? -Мен 1 сыныптан бастап осы мектепте оқимын.Қазір 8 сыныпта оқып жатырмын.
Сыныптан тыс іс-әрекет( қосымша білім: үйірме, секция т.б ) -Мен химия үйірмесіне, ән сабағына қатысамын.
Бос уақытыңда немен шұғылданған ұнайды? –Маған бос уақытта кітап оқып,таза ауамен тыныстаған қатты ұнайды.
Қандай фильм, тележоба, телехикаяны көруге болады деп ойлайсың?– Менің ойымша жас мөлшеріне байланысты тележобалар мен фильмдер көрген дұрыс. Мысалы Қазақфильм киностудиясының фильмдерін қарауға әбден болады.
Саған бәрінен қай әнші және ән ұнайды?–Маған көбінесе қазақ әншілерінің ішінен Майра Мұхаммеджанова мен Мейрамбек Бесбаевтың әндері ұнайды.
Сен бос уақытыңда нені және не туралы оқығанды ұнатасың?–Мен бос уақытымда ағылшын классикасы мен қазақтың ақиық ақындарының өлеңдерін оқығанды ұнатамын.
Сенің әуесқой ісің (хобби)?–Мен тамақ пісіргенді және кітап оқығанды жақсы көремін.Және оларды өз хоббиіме айналдыра білемін.
Саған оқу пәндерінің қайсысы ұнайды?–Маған барлық пәндер ұнайды.
Саған оқу пәндерінің қайсысы ұнамайды?–Маған барлық пәндер дерлік ұнайды.Себебі олардың әрқайсысы әр нәрсеге үйретеді.
Қайсы оқу бағыты сені көбірек қызықтырады пәнді (пәнді сызып белгіле):
Жаратылыстану – математика бағыты: физика, математика, биология, химия, география.
Жалпы білім бағыты: тарих, философия, қоғамтану, экономика.
Гуманитарлық бағыт:әдебиет, орыс тілі, шет тілі.
Кім болғың келеді? Неге?–Мен болашағымды химия саласымен байланыстырғым келеді. Себебі қазіргі кезде химия саласына мамандар жетіспейді.
Тағы қандай мамандықтар қызықтырады?
–Мені архитектор мамандығы қызықтырады.
Сен де бір кірпіш дүниеге...
“Өзін-өзі тану” адамгершілік –
рухани білім беру жобасының авторы - С.А.Назарбаева.
Таным жолында
«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі.
Сара Алпысқызы Назарбаева
Қарым-қатынас жарастығы
Алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аларсың.
В. Гете
Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.
Б.Бұлқышев
4
Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.
Өмір қымбаттылығы адамның жан-дүниесінде ең бірінші орын алуы тиіс. Өмір болуы үшін ең алдымен денсаулық болуы керек. Сонда ғана адам өмірге, ал өмір адамға қымбат боладығ.Өмір қымбаттылығын әр адам әр жерден іздейді.Біреу отбасынан іздесе,енді біреулер сырттан іздеп, берекетін қашырады.Өмірде ең басты төрт нәрсе қымбат болуы тиісті. Біріншісі- денсаулық, екіншісі-өмір, үшіншісі- адалдық пен ар-ождан, төртіншісі-сені аялаған ата-анаң. Өмірде қателесу де, дұрыс жол табатын да кездер болады. Бірақ кейбір адамдар үнемі түңіліп, өз-өзіне қастандық жасап жатады. Бұдан шығатын қорытынды өмірде
өз-өзіне сенімділік те қажет екен.
Жақсылық жан азығы.
Жақсылық жасау- Аллаһ Тағаланың алдында бір күнәңді жуып-шаю болып
табылады. Жақсылық жасау үшін адамда кең пейіл мен адамгершілік болуы тиіс.
Адамдардың кейбірі жасаған жақсылықтарын міндетсініп, оның өтемін талап етіп жатады.Ол жақсылық емес қарызға ақша беру секілді аналады.Адамгершілік және жақсылық жасау қасиеті тек жақсы да адамгершілігі мол адамға ғана беріледі. Ол адамның кеңпейілділігінде шек болмай, айналасындағы адамдарға жылулығын шашып, бар шапағатын адамдарға төгеді.
Құдіретті Жер-Ана! Біз жыл сайын жерге дәнді-дақылдар мен неше түрлі астық өнімдерін егіп, бар ынтамызбен оларды күтіп баптаймыз.Біздің анамыз тек бізді әлдилеген ана ғана емес, сонымен қатар Жер-Ана. Жер болмаса қазақстандықтар өз күн-көрістерін айыра алмас еді. Жер болмаса қауырт тіршілік те мүлдем болмас еді. Осыған қарамастан біз осы жерлерімізді мадақтаумен емес, қоқыспен байытып отырмыз.Сол қоқыстарды өзіміз тастап, өзіміз зардабын тартамыз. Себебі біз қоқыстардың әсерінен неше түрлі инфекциялар мен неше түрлі вирустарды денемізге ауа арқылы сіңіреміз. Сондықтан бұдан былай Жер-Анамызды қоқыспен емес, мадақпен байытайық! Бақытқа барар жол! Бақыт-адамның қуанышы, жұбанышы. Бақытты адам ешқашанда қиындыққа мойымайды, себебі оны бақыты алға жетелейді де, ол адам қандай қиындық болмасын бар күш-жігерін жинап, жеңіске ұмтылады.Бақыт адамды жігерлендіреді, бар уайымы мен қайғысын жеңуге көмектеседі де ол адамның өмірге деген құштарлығы артады. Бақыт- ауру, адамға керекті бірден- бір препарат деп айтсақ та болады.Себебі бақытты адам әрқашанда күліп, бар күшін бойына жинап, аурумен күреседі. Бақытты адам ғана бар қиындық пен бар ауырлықты жеңеді.