Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі244,47 Kb.
#160718
  1   2   3
Байланысты:
4609cdc3-82b3-4788-9734-9f6f6322b96d

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.

Жоспар

  • 1.Терінің құрылысы.
  • 2.Терінің сезімталдығы.
  • 3.Терінің гигиенасы.
  • 4.Терінің қызметі.

ТЕРІ

  • Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
  • Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.
  • Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.
  • Тері - ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы теріден айқын байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т. б.

Терінің сезімталдығы

  • Терінің сезімталдығы онда орналасқан сезімтал жасушалармен және жүйке ұштары – рецепторлармен байланысты.
  • Тері тіршілік үшін D дәруменін өндіреді. Күн сәулесінің әсерінен D дәруменінің синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.
  • Қор жинау қызметі – қоректік заттарды жинау терінің үшінші қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет