Термодинамикалық ЖҮйенің тепе-теңдігі



бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі81,21 Kb.
#173354
  1   2   3   4
Байланысты:
7 дәріс
Лекция 3 КО 7.02.2022г Үшбұрыштар, ОФД №2, МУ к лаб., тапсырма, График учебного процесса бакалавриат, Ер есімі ел есінде, Кешенді емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ 5В072700 ж. каз 1, docsity-syrany-fiziko-himiyaly-k-rsetkishi, ЛЕКЦИЯ 2 ӨСІМ ШАР, ТЕСТ Өсімдік шаруашылығы-1, treatise125445 (5), тест шпаргалка казак новый, tazhiribelik sabaktard or ndau ushin adistemelik nuskaul k, 1-3 aptaga arnalgan taps rmalar (pdf.io) (1), Пластилин Классика 8цв. стек (Луч) в Екатеринбурге, цена 49 руб пластилин 6-12 цветов – купить в интернет-магазине с доставко

Термодинамикалық системаның тепе – теңдік және орнықтылық шарттары

Термодинамикалық жүйелер мен термодинамикалық параметрлер

Өзара және қоршаған ортамен жылулық әрекеттесу жүріп тұратын денелердің жиынтығын термодинамикалық система деп атайды.

Қарастырылып отырған жүйенің шекарасынан тыс орналасқан барлық денелерді қоршаған орта деп атайды.

Бізді қоршаған денелердің қасиеттері мен күйін сипаттау үшін микроскопиялық және макроскопиялық параметрлерге бөлуге болатын физикалық шамалар қолданылады.

Молекулалық дүниені сипаттайтын шамаларды, мысалы, молекулалар жылдамдығын, оның массасын, энергиясын микроскопиялық (грек. «микрос» – кішкене) шамалар деп атайды. Макроскопиялық­ (грек. «макрос» – үлкен) параметрлер деп, тұтастай термодинамикалық жүйелердің немесе денелердің қасиеттерін, олардың ішкі құрылыстарын ескермей сипаттайтын шамаларды айтады. Дененің күйін сипаттайтын макроскопиялық шамаларды термодинамикалық параметрлер деп атайды. Термодинамикалық параметрлерге V – көлем, p- қысым, T- температура жатады.

Егер температуралары әртүрлі екі немесе бірнеше денелерді байланыстырсақ, біршама уақыттан соң термодинамикалық тепе-теңдік орнайды: яғни, денелердің температуралары бірдей болады. Денелер арасында байланыс орнағанда энергия алмасу жүреді: ішкі энергиясы жоғары денелер оны энергиясы аз денелерге береді. Дене температурасы молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясымен анықталады, ол молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өлшемі болып табылады: молекулалардың кинетикалық энергиясы көп болған сайын, дененің температурасы да жоғары болады. Демек, энергия қатты қыздырылған денелерден аз қыздырылған денелерге беріледі.

Термодинамикалық тепе-теңдік – тұйық денелер жүйесінің барлық макроскопиялық параметрлері ұзақ уақыт бойы өзгермей тұратын кездегі күйі.

Сыртқы­ шартт­ар өзгер­мей­тін­ кезде­ кез-келг­ен тұйық­ дене­лер­ жүйе­сі өздігінен термо­ди­на­ми­ка­лық­ тепе­-теңдік­ күйіне­ өтеді­. Жылу­лық­ тепе­-теңдік­ кү­йінде дене­нің­ барлық бөліктеріндегі ­ темпе­ра­ту­ра­­ бірдей бола­ды­. Температура – макроскопиялық жүйе­нің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет