Тәуелсіздік дәуірі!



Дата07.02.2022
өлшемі18,66 Kb.
#93962
Байланысты:
Тәуелсіздік


Тәуелсіздік дәуірі!
Біздің еліміз 29 жыл бұрын өзінің тәуелсіздігін жариялап, тарихи дамудың жаңа кезеңіне өтті. Өткен уакт бойы қиын және сонымен бірге даңқты жолға көз жүгіртсек, біздің халқымыздың еңбегі қаншалықты ауыр болғанын, біз өзіміздің тәуелсіз даму барысында жасаған жұмысымызды көреміз.Тәуелсіздігімізді алған соң мемлекетімізде көртеген реформалар әмелге асырылады. Қазақ халқы өз тағдырын өзі шешуге құқылы болды, ал халық мемлекет биілігінің жалғыз иесіне айналады. Қазақстанның тәуелсіздігі республикада әділетті, демократиялық және ізгілікті қоғам құруға жол ашып, өзінің ұлттық мемлекеттілігін құруға мүмкіндік берді.Тәуелсіздік арқасында Қазақстан өзін халықаралық деңгейде танытуға, сондай-ақ әлемнің барлық елдерімен халықаралық құқық негізінде ынтымақтастық жасау мүмкіндігіне ие болды. Әлемдік картада Қазақстан жаңа, жас тәуелсіз мемлекет ретінде өз орнын алды. Экономикада түбегейлі өзгерістер жасауға мүмкіндік басталды. Басқаша айтқанда, әлемдік практикада дәлелденген нарықтық экономикаға өту үшін жағдайлар жасалды. Меншікке деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, қоғамдағы меншік иелерінің жаңа тобына мүмкіндіктер туды. Тәуелсіздік халықтың рухани оянуына толық мүмкіндік жасады. Елдің тарихы, ежелгі мәдениеті қалпына келе бастады. Оған өз халқының ежелгі дәстүрлері мен рухани құндылықтары қайтарылды. Дінге деген көзқарас жақсы жаққа өзгерді. Сөйтіп жаулап алынған тәуелсіздік қазақ халқының тарихында мүлдем жаңа дәуір ашты, ұлттық дүниетанымда жаңа ойлау қалыптаса бастады. Халық болашаққа сеніммен қарай бастады. Ол өз елінің толық қожайыны екенін, өзінің тағдырын өзі анықтауға мүмкіндігі бар екенін сезіне бастады.Тәуелсіздігіміз арқасында біз өз заңдарымызга,Конституциямызға,мемлекеттік нысандарымызга,өз аймағымызға иіе болдық.Тағыда қәзіргі заманғы білім мен кәсіп негіздеріне ие болды, ешкімнен кем болмайтын жастарымыздың білім, ғылым, мәдениет, өнер және спорт саласындағы алғашқы жетістіктері осының дәлелі. Біздің барлық жетістіктеріміз бен мақсаттарымызды нығайту, әлемнің дамыған демократиялық елдерінің арасында берік орын алу, халқымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін аянбай тер төгуіміз қажет. Біздің даму жолында көптеген сынақтар мен қыйындықтардан өткен біздің ержүрек және еңбекқор халқымыздың өз еңбектері арқасында мемлекетімізді гүлдендіріп жатқанына мақтанамыз.Біздің тәуелсіздігіміз халқымыздың осындай еңбекқорлығы, елді дамытуға күш салуы ертеңгі күнімізге берік сенім береді.
Қортындылай келе:Ойым анық
Мойымадық тік тұрдық
Бугін белін отаршының бүктірдік
Ар намысын жібермейтін ешқашан
Әлемге біз Қазақ атын ұқтырдық,
Еліміздің ертеңі біз жастардың қолында!Тәуелсіз елімізді әр жақтама дуниеге таныту,елімізді дамыту ертеңіне улкен уміт пен карау біз жастардың қолында.Бірлікті ел озады,бірліксіз ел тозады дегеніндей халқымыздың татулығы,еліміздің тәуелсіздігі мәнгі болсын дегім келеді.

Ережепова Ханзада Кеңесбай қызы


Құқықтау 101/3

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет