Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ повесі және Мәңгілік ел мұраты
Тәуелсіздік – тәңірден келген, қыспақта қиналған қазақтың көз жасы мен сел боп аққан қанының өтемесі, тәтті сыйы. Бабалар аманын бүгінгі әдебиетіміз – ел тәуелсіздік туын тіккеннен бастап-ақ, ақтап келеді.
Мәңгілік ұғымы – тек тарихпен ғана емес, әдебиетпен де ұштасып, сонау сақ бабаларымыздан, бүгінгі аңсаған “қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтындай” заманға оңаймен келмегенін ұрпақтары, мына әдебиет қаламгерлері жаңғыртып, жаңа заманмен байланыстыры, тарих тұғырын жаңалап жазуда. Оған Тынымбай Нұрмағанбетов шығармалары дәлел бола алады. Дәуірдің дауысы заманның тынысы болған әңгіме-повестердің оқиғалары тартымды, сюжеті шымыр, тілі көркем. “Әулеттің иесі әңгімесі” – соғыс тақырыбында өзек тебеді. Ондағы оқиға желісі аты аталып тұрғандай - “соңында ел, әулетімде ие қалған екен-ау”, - деген Шоқан шалдың ыстық көз жасынан туған қуанышты көре аламыз.
Тынымбай шығармаларының жалпы көлемі он томды құраса да, тәуелсіздіктің жаңа идеалдарын орам ете алды.
Ел еңсесін көтерген тұста, философиялық мұң сарыны мен трагедиялық дүниетаным жүйесін көтерген қаламгерлердің бірегейі – Роза Мұқанова. Ол “Әлем” альманағына аға редакторлық қызмет етіп жүріп, “Шықпайтын есік”, “Құдырет кие”, “Тіршілік үшін жанталас” шығармасын жазады.
Тәуелсіздік жылдарында – қазақ ұл-қызы қысыл-таяң шақтан босап, шығармалар оқып, дүниеге деген көзқарасын өзгертер тұстың бірі болды. Дәл сол дүниетаным тұрғысынан Розаның “Күнә” (1993) әңгімесі қалың көпшілікке көз-түрткі, ойсалғы дүние болғаны анық. Сюжеттің желісі 50 жылдан бергі апаның таңды сүймеуі. Жиен немересі неге?, - деген сұрақты қойғанында, апаның 50 жылғы құпиясын қымсынбай: жастық буына мас болып, өз перзентін өлтіруі – қалың көпшілікке тың ақпар, жаңа дүниенің беташары іспеттес болды.
Жазушының “Тәуелсіздік тұғырында” жазған өзге де замандастарынан артықшылығы – өмір құбылысы мен өнер туындысын байланыстырып, шынайы фактпен жаза алуы еді.
Кез-келген жазушының тек өзіне ғана тән, тек өзіндік желісі, идеясы, сюжеттік дерегі болары анық. Ал, ел ескі қоңын шешіп, жаңаны үстіне жамамай, жаңа тұрғысынан алуы – тәуелсіздік тұсына қатар келген жазушылардың бәріне бірдей тән емес. Оның елеулі екеуі – Тынымбай мен Роза шығармашылығы дер едім.
Достарыңызбен бөлісу: |