Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылымдармен байланысы



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі20,57 Kb.
#91618
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№2 дәріс (1)


2 дәріс
Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа
ғылымдармен байланысы

Болмыстағы құбылыстардың бір тобы – жаратылыс кұбылыстары болса, екінші тобы – қоғамдық құбылыстар. Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика т.б.) зерттесе, қоғамдық құбылыстарды - қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, психология, логика, саяси экономия, заң, тіл, әдебиет т.б. ғылымдар) зерттейді. Осыған орай, ғылым атаулы, әдетте, екі топка бөлінеді: оның бірі – жаратылыстану ғылымдары, екіншісі – қоғамдық ғылымдар.


Тіл білімі - ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық ғылымдар тобына жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Жалпы алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Өйткені материалдық дүниенің өзі органикалық бірліктен тұрады. Сондықтан, материалдық дүниенің әр түрлі жақтарын зерттейтін ғылымдардың өздері бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.
Біз сөз еткелі отырған тіл білімі де көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қарым-қатынаста дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста. Себебі: тіл – қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс. Ол қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қызмет атқарады.
Қорыта келгенде, тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.
Тіл білімі, бірінші кезекте,

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет