«Тіл жүйрікте кім жүйрік?» -интеллектуалды сайыс.
Мақсаты: Сөздік қорларын, ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын кеңейту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арты түсу. Еркін сөйлеуге, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, педагогтар! Бүгінгі іс-әрекетімізді бастамас бұрын бәріңді ортаға шақырғалы тұрмын. Енді экранға назар аударайық , экрандағы бірнеше сұраққа жауап берейік.
1-сұрақ. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің қайсысы тиімді деп ойлайсыз?
2-сұрақ. Өз тәжірибеңізде ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің қайсысын қолданасыз?
-Міне, ата-аналармен әр-түрлі формады жұмыс атқаруға болады екен. Ендеше тіл үйретуде атқарып жатырған жұмысымыз жемісті болсын .
-Бүгінгі әс-шара, яғни, сайыс ата-аналардың қатысуымен өтпекші. Ортаға топтарды шақырайын. 1- «Болашақ» тобы, 2- «Тұлпар» тобы.
Бүгінгі сайысымыз «Тіл жүйрікте кім жүйрік кім » деп аталады. Әр топ өзін таныстырады.
Болашақ . Ұраны- Білімменен болашаққа бастаймыз,
Тіл үйреніп жастай біз!
Тұлпар . Ұраны- Тіл білгірде біз білгір.
Бүгінгі сайысымызда тілді кім жүйрік меңгерді соны анықтайтын боламыз.
Ал,ендеше тұрмайық,
Ойынымызды бастайық.
Не үйрендік,не білдік,
Соны ортаға тастайық.
Экранда сұрақтар жасырылған бірнеше киіз үйлер берілген.
1-киіз үй тапсырмасы . Жыл мезгілдері
Болашақ - Күз мезгілі туралы әңгімелейді
-Суретте күз мезгілі. Күзде жаңбыр жауады. Күзде жапырақтар сарғаяды. Күз айлары –қыркүйек ,қазан , қараша. Маған күз мезгілі ұнайды. Күн суытып, құстар жылы жакка ұшып кетеді.
Тұлпар – Қыс мезгілі туралы әңгімелейді
-Суретте қыс мезгілі. Қыста күн салқын болады. Қыста қар жауады. Адамдар жылы киінеді. Балалар шана ,коньки,шаңғы тебеді. Қыста жаңа жыл мейрамын тойлаймыз. Қыс маған қатты ұнайды.
2-киіз үй тапсырмасы . Жануарлар әлемі
Болашақ – Үй жануарлары туралы әңгімелейді
Тұлпар – Жабайы жануарлар туралы әңгімелейді
Глеб
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
Сергіту сәті
3-киіз үй тапсырмасы . Менің жанұям
Үй- іші бейнеленген үлкен плакатқа жанұя мүшелерін орналастыру. Оларды қазақша атап, суретті әңгімелеп айтып беру.
- Ата теледидар қарап отыр. Әке кітап оқып отыр. Әже шұлық тоқып отыр. Марат ойнап жүр. Анасы салат жасап жатыр. Айдана анасына көмектесіп жатыр. Суретте тату-тәтті жанұя . Әр бала таңдауы бойынша жанұядағы ең сүйікті адамының суретін алып келіп, сол туралы айтып береді.
Даша
-Бұл менің анам. Оның аты- Ира. Менің анам ақылды,әдемі. Анам екеуміз ас дайындаймыз. Мен оған көмектесемін.
Арина
-Бұл менің әкем. Менің әкем жақсы адам. Ол маған көп нәрсе үйретеді. Мен әкемді жақсы көремін.
Полина
-Бұл менің әже . Менің әжем өте мейірімді жан . Ол маған ертегі айтып береді.
Глеб
-Бұл менің әкем. Менің әкем мықты, қайратты адам. Мен әкемді мақтан тұтамын.
Вика
-Бұл менің анам. Менің анам ақылды,мейірімді. Мен анама көмектесемін. Мен анамды жақсы көремін.
Лиза
-Бұл менің атам. Мен атамды жақсы көремін. Мен оған көмектесемін.
Саусақ жаттығуы «Жанұя».
4-киіз үй тапсырмасы. Менің Отаным-Қазақстан!
Болашақ – «Астана- әсем қала !»
Тұлпар – « Оралым – Асыл қазынам!»
Тақпақтар
Даша
Арайлы таң –Астанам,
Тек өзіңмен мақтанам.
«Бәйтерек» пен «Ақорда»,
Жас та болса , бас қала.
Полина
Елордам менің- Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті , жаңа үйлер коп.
Көрікті сондай жас қала.
Арина
Қазақтың дархан даласы,
Оралым әсем қаласың.
Өскен сайын өзіме,
Ыстық болып барасың.
5-киіз үй тапсырмасы. Мақал-мәтелді жалғастыр !
Отансыз адам ,
Ормансыз бұлбұл .
Отан оттан да ыстық.
Жалыны бар шоқтан да ыстық.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Тілге құрмет – елге құрмет.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Көп сөз - күміс,
Аз сөз - алтын.
Бірлік болмай - тірлік болмас.
Өнер алды- қызыл тіл.
-Жарайсыңдар, міне барлық тапсырмаларға мүдірмей жауап бердіңдер. Бүгінгі сайыста Тіл білгірінің нағыз білгірлері болдыңдар.
Дипломдар мен медальдар табыс етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |