Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады. Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру – үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз, терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин жасап, термин қолдану жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.1910 – 1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады.1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа принциптерін жасау күн тәртібіне қойылды. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа ене бастады. Жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындары да бар.Ондай сәтсіз жасалған терминдер қазақ тілінің термин жасауға «икемсіздігін», ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін көрсетеді. Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі.Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады.
«Термин» атауының өзі әр кезеңде ұлт тіліне түрліше аударылып,оның бірнеше балама нұсқасы ұсынылды.Сонымен ғасырға жуық уақыт аралығында арнаулы лекcиканың бірлігі болып табылатын бір ғана ұғым атын «Термин» сөзін ұсынды. Бұл атау латын тілінде «шек,шекара» деген мағынаны білдіреді.Терминді әдетте біз ең алдымен,адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде негізінен кәсіби мамандар тілінде,арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз.Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі.Термин жөнінде сөз қозғағанда «Барлық термин-сөз,бірақ сөздің бәрі термин емес» деген тұжырым қолданылады.Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуге болады.
Жалпы термин,термин сөздер жөнінде нақты мыналарды айтуға болады:
терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
терминдер негізінен тілдік бірліктер.
термин-белгілі бір терминологияның мүшесі.
термин деген ұғым аты.
терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер,сөз табына қатысты жағынан зат есімдер болады.
терминдер атауыштық қызмет атқарып,негізінен ғылым тілінде,белгілі бір арнаулы сала шеңберінде қолданылады.
Термин құрамы жағынан түбір сөз де,туынды сөз де,күрделі сөз де,терминологиялық тіркес те болуы мумкін.Мысалы;
Түбір терминдер: сөз(лингв),тау(геогр),сан(матем) т.б
Туынды терминдер: асқазан,ішперде,сөзжасам т.б
Тіркесті терминдер: кіші қан айналым шеңбері.
Терминдер ұлт тіліндегі сөзжасам үлгілерімен қатар шет тілдерінің термин жасаушы терминбөлшектері қатысуы арқылы да жасалады.
Терминбөлшек(терминоэлемент) дегеніміз- терминологиялық мағынасы бар ең кіші бөлшек,яғни бір түбірлі сөздерді құрайды.Термин бөлшектің мағынасын бұдан да толығырақ аша түсетін анықтама бар.Мысалы:
Термин бөлшек-әдетте терминнің құрамында белгілі бір орынды иеленіп,мейлінше тұрақтаған жалпы мағынаны білдіретін,туынды терминдердің үнемі қайталанып отыратын және жаңа терминдер жасауға қабілетті бөлшек.
Қайталану дегеніміз, сөздердегі бір немесе бірнеше бөліктерінің қайталануын айтамыз. Олардың бөліктерінің қайталануы, олардың мағынасына жақындығын көрсетеді.
Термин сөздер латын тілінде 3 топқа бөлінеді.Бірінші топ анатомиялық – гистологиялық термин сөздер. Екінші топ - фармацевтикалық термин сөздер (рецепт, химиялық элементтер).Үшінші топ - клиникалық термин сөздер.
Термин сөз (terminus) - латындық және бұрын бұл «шекара, жеткілікті шеті» деген мағынаны білдіреді.Термин сөздер немесе терминдік тіркес дегеніміз нақтылы мамандыққа немесе жүйеге (ғылым, техника, ұйым ) айтылатын, оларды толық және анықтауға жұмсалатын сөздер.Термин сөздің өзіне сай мағынасы, құрлымы, мазмұны және формасы немесе дыбыстық комплексі (айтылуы және жазылуы) болады.
Термин сөз ғылыми түсінікті білдіретіндіктен интелектуалды аспаптың рөлін ойнайды. Термин сөздердің көмегімен ғылыми теориялар концепциялар, заңдар қалыптасады.Жай сөздерге қарағанда, термин сөздер дефинициялар арқылы ашылады, сөздерге анықтама береді.
Дефиниция (лат, difinitio) – бұл тек негізгі мағынасын көрсету. Мысалы онтогенез (грек – on, ontos сущее, существо - genesis даму, пайда болу)адам морфологиясы, физиологиясы, биохимиясының дамып соңғы өмір сүру дағдысына дейінгі құрылым. «Аэрофия» (грек air ауа + phiotos жақсы көруші) ортадағы, айналадағы оттегінің қышқылдануы реакциясы арқылы энергияны алатын микроорганизмдер.Энциклопедияларда,арнайы сөздіктерде,кітаптарда бірінші рет қолданылып тұрған сөздер(термин) дефиниция арқылы анықталады.
Фармацевтикалық термин сөздерге дәрілік заттардың аталуы және химиялық қосындылар жатады.Бұл көбінесе рецептерде кездесуі мүмкін.Термин сөздерде көбінесе сөз бөліктерінің қайталануы толық немесе толық емес болуы мүмкін.Толық қайталанатындар олар,барлық құрылыс құрылымдары(бөлек морфемдегі немесе жалпы морфемдегі) басқа да сөздерде қайталанатындар.Егерде барлық тек арасында кездесуі немесе басқа жаңа медициналық терминдерде кездесу бұл толық емес деп аталады. Негізгі көптеген терминдер жасалушы сөздер қарапайым жолмен пайда болушы ежелгі грек және латын тілінде немесе арнайы морфем арқылы,тілдің негізі арқылы жасалынатын болса,бұл толығымен қайталанушы болып табылады. Қайталанудың морфем саны мен морфем жинағының маңызды бөлігі жиілік деп аталады. Морфемдік жинақтың әр түрлі сөздерде екі үш рет қайталануынынан олардың жиілігін санауға болады.Жиіктің көп мөлшерде болуы олардың қолданылуына байланысты және осы арқылы үлкен рөл атқарады.Кейбір жоғары дәрежедегі морфемдер және жинақтары ондаған терминдерді жасауға көмек береді. Көптеген ежелгі грек және латын тіліндегі морфемдерді спецификалық терминология иемденген.
Дәрілік заттардың тривиальды(кәдімгі) атауларының жасалу тәсілдері.
Дәрілік заттардың тривиальды (кәдімгі) атауларының жасалу жолдары алуан түрлі.Сөз құраушы негіз ретінде бірнеше сөз қолданылуы мүмкін.Сөз құраудың негізі “құрылыс” материалы –сөз,сөз құраушы элементтер,түбір және грек,латын сөздік бөліктері болып табылады.Мысалы: apisarthronum-апизатрон(грек:apis-apa+arthron)- ара уы (буын суықтағанда қолданылады) Mentholum-ментол (oleum menthae-ментол майы).
Аббревация (лат.қысқа)-қысқарған сөздер
Тривиальды (кәдімгі) атауларды жасауда бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Сөздің бөліктерін жинақтап дәрілік заттар атауларын жасайды.Мысалы: dimexidum-димексид(диметильсульфооксид); Aetaeridinum-этакридин (лактат Г-этокси,9-диамино-ридин); Phenaminum-фенамин(сульфат-х,J-фенил.Г аминопропана).Көп жағдайда қысқарту жолымен,дәрі-дәрмектер жиынтығы атаулары жасалады.Себебі,барлық әсер етуші заттарды тізіп атап жатқаннан гөрі,оларды қысқартып қолдану өте ыңғайлы.Бұл жасалған атаулар тырнақшаға алынып,дәрілік формалардан кейін жазылады.Мысалы:Tabulettae “Ancophenum”- “Анкофен”-таблеткалары.Бұл дәрінің құрамындағы әсер етуші зат тар: Antipyrini,phenaietini 0,25.Coffeini-natrii benzoatis 0,05. Фармокологиялық мағына беретін жиіктік бөлшектер.
Соңғы он жылдықта Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау саласының шешімі бойынша дәрілік заттардың тривиальды атауларына жиіктік бөлшектерді қосуды талап етеді.Себебі,дәрілік заттардың белгілі бір анықталған фармокологиялық тобын анықтау үшін.Қазіргі таңда бірнеше ондық осындай жиіктік бөлшектер қолданылады.Солардың бірнешеуі мыналар:
Латынша
|
Қазақша
|
Фармокологияға қатысты мағынасы
|
Sulfa
|
сульфа
|
Микробқа қарсы сульфаниламидтер
|
Cillin
|
циллин
|
Пенициллиндер-антибиотиктер.
|
Mycin
|
мицин
|
Микробқа қарсы антибиотиктер.
|
Cyclin
|
циклин
|
Тетрациклиннен жасалған антибиотиктер.
|
Barb
|
барб
|
Ұйықтатушы –барбитураттар.
|
Cain
|
кайн
|
Жергілікті жерді жансыздандырушы.
|
Мысалы: 1.Oestronum-oestr-эстрогендер –аналық жыныс гормондар препараты 2.Erythromycinum-mycin-микробқа қарсы антибиотиктер 3.Adriamycinum-mycin-микробқа қарсы антибиотиктер 4.Menthicillinum-cillin-пенициллиндер-антибиотиктер 5.Rifamycinum-mycin-микробқа қарсы антибиотиктер 6.Sulfazinum-sulfa-микробқа қарсы сульфаниламидтер 7.Norsulfazolum-sulfa-микробқа қарсы сульфаниламидтер 8.Novocainum-cain-жергілікті жерді жансыздандырушы 9.Synoestrolum-oestr-эстрогендер-аналық жыныс гормондар препараттары 10.Gentamycinum-mycin-микробқа қарсы антибиотиктер 11.Synthomycinum-mycin-микробқа қарсы антибиотиктер 12.Leocainum-cain-жергілікті жерді жансыздандырушы 13.Phenobarbitalum-barb-Ұйықтатушы-барбитураттар 14.Barbamylum-barb-ұйықтатушы –барбитураттар.
Дәрілік формалар туралы қысқаша мәліметтер.
Aerosolum,i n
|
аэрозоль
|
Арнайы орама көмегімен дисперсті жүйені көрсететін дәрілік форма.
|
Granulum,i n
|
түйіршік
|
Дән түріндегі қатты д.ф.
|
Gutta,ae f
|
тамшы
|
Тамшы түрінде берілген және ішкі,сыртқы қолдану үшін арналған.
|
Unguentum,i n
|
жағылма
|
Теріге жағу үшін арналған жұмсақ д.ф .
|
Linimentum,i n
|
сұйық жағылма
|
Сұйық жағылма.
|
Pasta,ae f
|
паста
|
Құрамында ұнтақ тәрізді заттардың 20-25% бар жағылма.
|
Emplastrum,i n
|
пластыр
|
Температура кезінде денені жұмсартатын және теріге жабысатын пластикалық масса түрінде берілген д.ф. Теріге қолдану үшін арналған.
|
Suppositorium,i n
|
Суппозиторий,балауыз
|
Бөлме температурасында қатты және дене температурасында еруші д.ф. дене қуыстарына енгізіледі.Егер де per rectum(тік ішек арқылы енгізілсе )онда балауыз д.а. Егер суппозиторий шарик түрде болса,онда ол қынапқа енгізіледі,оны globulus vaginalis-қынаптық шарик д.а.
|
Pulvis,eris m
|
Ұнтақ
|
Сырқа,ішке,инъекция үшін қолдануға арналған д.ф.
|
Tabuletta,ae f
|
Таблетка
|
Белгілі бір мөлшерде берілетін престелген немесе қосындылар арқылы жасалған және адамға әсер етуші әрекеті бар д.ф Ішке,сыртқы және инъекцияға қолдануға арналған .
|
Tabuletta obducta
|
Қапталған таблеткалар
|
Қапталған таблеткалар арнайы ауру әсер еткен жерлерге арналған.Ішкі организмнің бірқалыпты және жақсы болуын қамтамасыз етеді.
|
Dragee (фр.)
|
Драже
|
Қатты мөлшердегі д.ф.Түйіршіктер арқылы әсер етеді.
|
Solutio,onis f
|
ерітінді
|
Бір немесе бірнеше дәрілік заттардың ерітілген қоспаларынан жасалған д.ф.Егу арқылы ішке және сыртқа қолдануға арналған.
|
Suspensio,onis f
|
суспензия
|
Сұйық д.ф.Қатты заттарды жұмсақ заттарға айналдыру арқылы жасалатын дисперсті жүйе.Сыртқа,ішке,егуге арналған
|
Emulsum,i n
|
эмульсия
|
Сұйық д.ф. Ерімейтін сұйқтықтардан құралған дисперсті жүйелер.Ішкі,сыртқы,инъекция арқылы қолдануға арналған.
|
Pilula,ae f
|
пилюля
|
Қатты мөлшердегі,шарик тәрізді (салмағы 0,1-0,5 г) әсер етуші дәрілік заттар
|
Tinctura,ae f
|
тұндырма
|
Спиртті,спиртоэфирлі,спиртосулы түрде жасалған д.ф.Ішкі,сыртқы қолдануға арналған.
|
Infusum,i n
|
тұрынды
|
Сулы өсімдіктерден жасалған д.ф.Ішкі,сыртқы қолдануға арналған.
|
Decoctum,i n
|
қайнатпа
|
Қолдану экстрактісі бойынша айырмашылығы бар тұрынды.
|
Sirupus,i m(medicinalis)
|
Сироп(дәрілік)
|
Сұйық д.ф.Ішкі қолдануға арналған.
|
Species,ei f
|
Жинақ(дәрілік)
|
Бір немесе бірнеше дәрілік препараттардың қоспаларынан қайнату арқылы жасалған жинақ.
|
Capsula,ae f, C.gelatinosus,a um
|
Капсула желатинді,қапталған
|
Мөлшерлі д.ф.Белгілі бір дәрілік заттардың крахмалды және қапталған түрлері.Ішкі қолдануға арналған .
|
Дәрілік формалар мағынасын беретін препарат атаулары.
Белгіленген дәрілік препараттар,дәрілік заттар немесе өсімдік шикізаттары дәрілік формада берілсе,онда оның атауы,оның мағынасынан басталады.Орамаларда дәрілік форма атаулары Nom.sing.-те,ал кейбір дәрілік форма атауларында Nom.plur. түрінде қолданылады.Дәрілік заттар немесе өсімдік атаулары Gen.sing.-те бас әріппен жазылады.Мысалы:Solutio Imizini-имизин ерітіндісі,Suspensio Zymosani-зимозан суспензиясы,Linimentum Streptocidi-стрептоцид линименті,Unguentum Aceclidini-ацеклидин жағылмасы,Tabulettae Analgini-анальгин таблеткалары,Pulvis Ampicillini-ампециллин ұнтағы,Tinctura Valerianae-валериан тұндырмасы, Extractum Calendulae-календула экстрактісі.Құрамдастырылған әсер етуші дәрілік заттар дәрілік формалар мағынасын беріп,зат есімде атау септігінде тұрып,тырнақшаға алынып ,қиыспаған сөйлемдердің мағынасын дәрілік формада береді.Мысалы:Tabulettae “Urosalum”- “Уросал”таблеткалары,Unguentum “Calendula”-“Календула” жағылмасы .Дәрілік формамен қиысқан анықтауыш дәрілік препараттың атауын жазуда соңғы орында тұрады.Мысалы: Unguentum Hydrargyri cinereum-сұр сынапты жағылма,Solutio Synoestroli oleosa- майдағы синоэстрол ерітіндісі,Solutio Tannini spirituosa-спирт тининді ерітінді,Tabulettae Tetracyclini obductae-қапталған тетрациклин таблеткалары,Extractum Belladonnae siccum-құрғақ итжидек экстракті.Тұндырма,қайнатпа атауларында дәрілік форма мағыналар аралығында және өсімдіктер ілік септігінде тұрады.Мысалы: Infusum florum Chamomillae-түймедақ гүлдерінің тұндырмасы,Decoctum corticis Quercus-емен қабығының қайнатпасы,Infusum radicis Valerianae-валериaн тамырының тұндырмасы.
Термин сөздің жинақталуы терминоэлементке морфемдердің қайталануынмен сәйкес келмейді,кейбір терминоэлемент сөздері бір жинақта екі-үш морфемнің жиналуы арқылы жасалады.
Қосымша + түбір + жұрнақ,қосымша + түбір + жұрнақ
Термин ғылыми немесе өндірістік технологиялық ұғым атауы болып табылатын арнайы қолданыстағы дефинициясы(анықтамасы)бар сөз немесе сөз тіркесі.Термин ұғым атауы болса,терминнің дефинициясы деген сол ұғым атауына берілген дәл ғылыми анықтама.Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы арқылы анықталады.Терминоэлемент грек латын тілінен шыққан,сонымен бірге интернационалдың «алтын фонд» медициналық және онологиялық терминологияның бөлігі болып табылады.Терминоэлементтер жиілігі арқылы көптеген терминдер тізімін алуға болады. Фармацевтикалық терминология — белгілі бір жүйемен байланысты терминдер жиынтығы. Терминдердің қалыптасуы фармацияның қоғамдық және ғылыми -техникалық дамуымен байланысты, дәрітану саласында жаңа түсініктердің пайда болуына байланысты сәйкес терминдермен белгіленеді. Терминологиялық жүйе заманауи фармацевтикалық саланың даму сатыларына сәйкестендірілген. Көп базалық фармацевтикалық терминдер,латын тілі,грек тілі, химия,биологиямен тығыз байланыста. Фармацевтикалық терминдердің унификациялауын және реттеу мәселелерімен ҚР ДСМ Мемлекеттік фармакологиялық орталықтың номенклатуралық комиссиясы және Фармакопеялық комитет қадағалайды. Фармацевтикалық терминдерді унификациялау және реттеу процессінде бірқатар терминдер мемлекеттік стандарттар түрінде рәсімделеді (терминдер стандартизациясы). Бірақ терминдердің ғылыми анықтамалық мәнін мамандар ғана анықтай алады.Фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы бойынша терминология фармация саласын мемлекеттік реттеу, фармацевтикалық нарықтағы тауар жылжыту жұмыстарын ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық тауартану, фармацевтикалық сауда ұйымдарының экономикалық негіздері: жоспарлау, есеп, сараптау, фармацевтикалық маркетинг және менеджмент практикасы және теориясы салалары бойынша терминдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |