Тілдік талдаудың маңызды шарттарының бірі – жеңілден күрделіге қарай бағытталуы



Дата21.08.2024
өлшемі13,89 Kb.
#203731
Байланысты:
Тілдік талдау


Тілдік талдаудың негізгі шарттары
Тілдік талдаудың маңызды шарттарының бірі – жеңілден күрделіге қарай бағытталуы. Дүниетанымына жақын ұғым-түсініктерден бастап оны күрделендіру ғылыми ақпаратты қабылдауды мейілінше оңайлатады.
Кез келген талдауға көшпес бұрын оқушыны ақпаратпен қамтамасыз ету, оның негізгі заңдылықтары, ерекшеліктерімен таныстыру керек, келесі сатыда тілдік фактілер негізінде оқушының өз бетімен ойлауға, сол құбылыстың белгілеріне сүйене отырып өзіндік ереже шығаруына жол ашады. Мұны тіл ғылымында «конструктивизм» деп атайды. «Яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері, көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі».
Тілдік талдау жүйелілікті қажет етеді. Мәселен, морфологиялық талдауды өтпес бұрын синтаксистік талдауға көше алмаймыз, себебі арадағы логикалық байланыс үзіледі. Ә.Байжоловтың «Грамматикалық талдау жұмыстарының кейбір мәселелері» атты мақаласында атап көрсетілгендей: «Тілге байланысты талдау жұмыстары неғұрлым дәйекті және жүйелі түрде жүргізіліп отырса, оқушылардың грамматикадан алған мағлұматы солғұрлым айқын, тиянақты және берік болатыны да белгілі». Осы жүйелілік принципін ұстана отырып, білімнің шағын көлемінен бастап едуәуір мол көлеміне дейін қамтуға болады. Ғалым Н.Құрманова атап көрсеткендей: «... жүйе дегеніміз – үйлесімді орналасқан бөлшектердің тұтастығы» [4, 55-б.] десе, Н.А.Оразахынова жүйелілікті білімнің мазмұн-мағына жағынан тығыз байланыстылығы ретінде атап, «...әуелі бір мазмұн-мағына туралы айтып түсіндіріп, келесісінде екінші бір мазмұнмағынаға ауысып кетпей бұрынғы мен соңғының іштей бірлестігін сақтай отырып, жалғастыра айту» деп түсіндіреді. Ал, «Морфологияны оқытудың методикасы» деген еңбекте:
«...бөліп оқытылған объектілер баспалдақты жүйемен үнемі еске түсіріліп, жаңадан түсіндіріліп жатқан материалдармен қабаттаса жүрген дұрыс» [6, 8-б.] деп топшылайды. Ж.Н.Сүлейменова жүйелеу жөнінде: «игерген білімнің ішкі механизмі арасында логикалық байланыстар, жеке элементтер арасында ішкі шартты байланыстар орнату, білім, іскерлік, дағдылардың бірізділігі, сабақтастығы, жиынтығы» [7, 27-б.] дейді. Сонымен, жаңа білімді игеру жолында жүйелілік ұстанымы ең басты қағида ретінде алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет