Орхон енисей ескерткіштері негізінен YI-YIII ғасырдағы тарихи деректерді баяндаумен қатар, түркі тайпаларының салтын, мәдениетін, күн көру жайларын шын мәнінде сөз етеді.
Ескерткіштің негізгі идеясы түркі тайпаларының ғасырлар бойы еңсегей мақсаты, өз елінің тәуелсіздігі мен өз жерін ішкі сыртқы жаулардан қорғау.
Енесей ескерткіштері
Талас жазу ескерткіштері
Күлтегін ескерткіштері
Білге Қаған ескерткіштері
Тоньюкук ескерткіштері
Тілші ғалым. Күлтегін, Білге қаған, Онгин, Тұй-ұқұқ мәтіндерін қазақ тіліне аударған.
Аманжолов А.С.
Тілші ғалым. Байырғы түрік жазуының графикасын зерттеуші.
Жолдасбеков М.Ж.
Филолог, түріктанушы. Күлтегін, Тұй-ұқұқ мәтіндерін алғаш қазақ тіліне аударған ғалым. «Асыл арналар», «Орхон ескерткіштері», «Орхонские надписи», «Тастар сөйлейді» еңбектерінің авторы. Байырғы түрік мұраларын зерттеу, жинау ісін жаңа сатыға көтерген мемлекет және қоғам қайраткері
Зәкенұлы Т.
Синолог, тарихшы. Білге қаған, Күлтегін ескерткіштеріндегі көне қытай (Тан дәуірі) мәтінінің жаңа аудармасын жасаған.
Сартқожаұлы Қ.
Түріктанушы.
Қысқарта айтқанда, орхон жазулары қалай болса, солай жазыла салған дүние емес. Оның да өзінің жасалу, қалыптасу, даму тарихы бар дүние. Дегенмен көптеген ғалымтардың жобалауы бойынша орхонда кездесетін 36 әріптің 150 қолай таңбасы бар. Соларлың 70-80% түркі халықтарда кездесетін таңбалармен ұқсас келетіндігіне ешқандай шүбә келтіруге болмайды.
Кейбір ғалымдар орхон енисей ескерткіштерін жеке бір халыққа тән деп қарайды. Орхон енисей ескерткіштері бір емес, бірнеше түркі тілдеріне ортақ жалпы түркілік мұра. Бірақ айта кету орынды: олардың кейбір элементтері бір тілде көбірек, бір тілде азырақ. Мұның бәрі жеке түркі тілдерінің өзіндік даму тарихына, территория, күн көру, т.б. ерекшеліктеріне қатысты дүние.