ОҚО,Отырар ауданы,Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі: Дәулетбай Ақмарал Серікқызы
Сабақтың тақырыбы:
Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генетикалық аурулар
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушылардың ген /белгі, қасиет/ жайлы білімдерін тексеру. Адамдардағы тұқым қуалау материалының бұзылуына ортаның әсері, тұқым қуалайтын аурулардың жыл сайынғы өсу себептері және оның организмнің тіршілік әрекетіне қолайсыз әсерін тигізуі, генетикалық аурулар, олардың белгілері, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және оларды емдеу жолдары жайлы білім қалыптастыру.
2 топтың оқушыларынан 2 оқушыдан тақтаға шығарып, сұрақтар қойылады, жауап берген оқушының қолына бір реттен жіп орап отырамын.Әр топ жетекшілері өз топ мүшелерінің балдарын жазып отырады
1.Организмнің өз ата-аналарынан гаметалар арқылы қабылдаған гендердің толық жиынтығын қалай атайды
2.Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар бөлінеді:
3.Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы
4.Хромосомалық мутацияның хромосомаішілік түрлерін ата?
5.Генотипіне қарай организмдерді қандай топтарға бөлуге болады:
6.Қоршаған ортаның әсерінен болатын тұқым қуаламайтын өзгергіштік?
7.Мутациялық өзгергіштіктер дегеніміз не?
8.Адам генетикасының зерттелу әдістерін ата?
9.Егіздік зерттеу әдістері, егіздердер пайда болуына қарай қандай топтарға бөлінеді:
10.Гетерозиготалы организмдердің аллельдері қандай ?
11.Гомозиготалы организмдердің аллельдері қандай?
12.Атавизм белгілері дегеніміз не?
13.Рудименттік қалдықтар
дегеніміз не?
Екі шындық, бір өтірік.
1.А) негроидтік нәсілдердің терісі қара түсті, шашы бұйра, мұрны жалпақ, ерні қалың, көзі қара.
ә) Еуропоидтік нәсілдердің терісі ақ немесе қоңырқай, шаштары жұмсақ әрі тік және бұйралау
Стол үстінде әрбір парақта жазылған жасырын әріптер болады. Екі топтан оқушылар шығып әр қайсысы стол үстіндегі әріптерді алады. Біреуіне Т әрпін алса, екіншісі А ...... Орындарында қалған оқушылар немесе мұғалім сұрақ қоя баятайды.Әр оқушы өз әріпінен бастап сұраққа жауап айтуы керек. Өз әріпінен бастай алмаса, жауап жарамсыз.
Стол үстінде әрбір парақта жазылған жасырын әріптер болады. Екі топтан оқушылар шығып әр қайсысы стол үстіндегі әріптерді алады. Біреуіне Т әрпін алса, екіншісі А ...... Орындарында қалған оқушылар немесе мұғалім сұрақ қоя баятайды.Әр оқушы өз әріпінен бастап сұраққа жауап айтуы керек. Өз әріпінен бастай алмаса, жауап жарамсыз.
1.Тұқым қуалайтын қан ұйымайтын ауру? /Тақырыпқа сай сұрақтың жауабы: гемофилия/
2.Адам генетикасын ешқандай дәрі –дәрмексіз шежірелік сызбанұсқа жасау арқылы зерттеу /Тапқыр болсаң тауып көр демекші бұл сұрақтың жауабы: генеологиялық әдіс болуы керек/.
3. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды ма? /тұқым қуалайды/ т.с.с
/Қазіргі уақытта адам баласын неше нәсілге бөледі? /3 нәсілге: негроидтік, еуропеидтік, монғолоидтік/