Түйсіктердің негізгі заңдылықтары- Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп аталады. Сезгіштік: 1)абсолюттік; 2)айырма сезгіш деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз ─ сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық ─ түйсік табалдырығының шегі. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Айырма сезгіштік деп ─ сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады.