Түлкібас ауданындағы әулиелі жерлер. Түркібасы әулие



Дата22.08.2020
өлшемі15,94 Kb.
#76511
Байланысты:
Түлкібас ауданындағы әулиелі жерлер


Түлкібас ауданындағы әулиелі жерлер.

  1. Түркібасы әулие. Азаттық ауылының жанындағы тік, биік төбеге әулие басына үлкен кесене тұрғызылған.

Ұзын, биік баспалдақтармен көтеріліп, басына зиярат еткен жандарды әулие әруағының рухы ниетін қабыл етеді және қызметінің өсуіне шарапаты тиеді. Басына емшілер емшілік қасиетім, көріпкелдер көріпкелдік қабілетім арта түссін деп ниет етіп барады.

  1. Тамшы баба. Әулие әруағының рухы Машат шатқалының керемет тамаша бір қойнауында.

Қож-қож жартастар, сан алуан желектер көмкерген, көргенде көз сүрінетін, әсері керемет көріністі қуыс қойнауында тастан тамшы тамып тұрады. Оған барған адам судың құдіреті қандай екенін сезінеді. Сусыз өмір, тіршілік жоқ екенін және бір түсінеді.

  1. Сиқым баба. Машат шатқалының жазық беткейіне әулие басына жаңа, үлкен кесене тұрғызылды.

Әулие әруағының рухы көріпкелдердің жолын ашуға шапағаты тиеді. өзінің кісі алдында кінәм бар деген жандар әулие басына түнегенде айыбының сырын, себебін түсініп қайтады. Талқы тезіне түскендей сезімде болады.

  1. Қараүңгір үңгірі. Қараүңгір үңгірінен алынан материалдарды Орта Азиядағы келтеминар, гиссар, орталықферғана секілді неолиттік мәдениеттердің материалдық қалдықтарымен салыстырып қараған кезде келтеминар мәдениетінде алғашқы жаңқалау техникасында, екінші қайтара өңдеуде, құралдар жиынтығында аздап болса да жақындық (ұқсастық) бар екендігін айта кеткен жөн.

Қараүңгір үңгірінде нақты жерлеу орны жоқ. Бірақ кем дегенде екі адамға тиесілі тіс қалдықтары, қызыл түсті заттардың қалдықтары, әшекейлерде сақталып қалған тесіктер мен әшекейлер секілді фактілер өзіне ерексіз назар аудартады. Егер де бұл құбылыстарды кешенді түрде қарастырсақ, онда белгілі бір дәрежеде адамды жерлеу ғұрпы орын аландығын байқауға болатын сияқты. Остеологиялық материалдар мен сүйектен жасалған бұйымдардың, қабыршақ-ұлутастардың жақсы сақталуы антропологиялық материалдардың да осындай күйде сақталуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ең алдымен, біріншіден, үңгірде адам қаңқасы толық жерленбеген болуы мүмкін, оның тек белгілі бір бөлігі, айталық бас сүйегі ғана жерленуі мүмкін. Мұндай сирек кездсетін жерлеу ғұрпы ерекше жосын-жоралғыға байланысты болуы да ықтимал. Мұндай ғұрып Месопотамияның халав мәдениетінде, Солтүстік Қазақстандағы Ботайда кездеседі, онда бірнеше жұлынмен бірге бас сүйек және қызыл түсті балшық ұшырасқан болатын. Айта кететін бір жайт, Қараүңгір үңгірінен табылған тістердің бірінен қызыл түсті затпен бірге мойынға іліп жүруге арналған тесік жасалғандығы анықталған.

Екіншіден, ол инициация ғұрпымен байланысты болуы мүмкін. Жас ерекшелік инициациясы түрлі ғұрыптар мен манипуляциялардан тұрды, бұлар жасөспірімдерді ересектерге тән қасиеттерге баулуы тиіс. Олардың арасында денені жарақаттау, әдетте тісті ұрып түсіру, т.б. болды. Мысалы, Австралияның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тайпаларда ғұрып бойынша тіс, соның ішінде күрек тіс әдейі сындырылды. Қараүңгір үңгіріндегі тістер жас мөлшері 20-30-дардағы әйел адамдарға және 55-60 жастағы тағы бір адамға тиесілі болған, демек, шыдамдылыққа баулуға арналған ғұрып мұнда орын ала қоймаған секілді.

Үшінші пайымдау бойынша, тіс сүйектері магиялық жосын-жоралғыларда пайдаланылып, бойтұмар ретінде қолданылуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстандағы бірқатар неолиттік тұрақтардан да (Тасқотан, Шілік, Дермене-1-4, Арыс-1, т.б.) нақты материалдар алынған. Олардың көпшілігінде қыштан жасалған ыдыстар жоқ. Мұны археолог Х.А.Алпысбаев кейбір жергілікті тайпалардың теріден жасалған ыдыстарды кеңінен пайдаланғандығымен түсіндіреді. Оңтүстік өңірдегі кейбір ескерткіштерде қыш ыдыстардың болмауы немесе болуы (мысалы, Қараүңгір үңгірі) мұнда көне замандарда-ақ сан қилы мәдениеттердің тоғысқандығын көрсетеді.



  1. Дәу би (б.з.б. 178 жыл). Үйсін мемлекетінің Күнбиі Қытай жылнамасындағы деректер бойынша билікке таласқан арыс тайпаларының көсемдері Шу өзенінің бойында отырған Дәу бидің ордасына тұтқиылдан шабуыл жасап, шағын жасақпен қарсы соғысқан Дәу биді Арыс өзенінің аңғарында қуып жетіп мерт қылады. Дәу бидің денесі сол жердегі шатқалда жерленеді. 1793 жылы Түркістан өлкесіне ғылыми сапармен келген В.В.Бартольд Исламға дейінгі ескерткіштерді іздестіру кезінде жергілікті адамдардың айтуымен Дәу бидің бейітін табады. Әулие саналған тұлғаның басына қойылған көне жазу бар ескерткіш тақтаны беліне 14 аршын арқан байлап түскен жол көрсетушілері шатқал түбінен шығара алмайды.

Шежіре деректері бойынша Дәу би Үйсін мемлекетінің жетінші Күнбиі болған. Бартольдтің мәліметі бойынша Дәу бидің денесі Машат ауылынан солтүстік – шығысқай қарай 16 шақырым жерде жатыр. Ол жер Дәу баба тауы, Дәубаба өзенінің аңғары аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет