Тобы: Бк -305 Тақырыбы: Адам туралы жалпы түсінік. Жеке адамның құрылымы. Адамның мүдделері мен қажеттіліктері



Дата07.02.2022
өлшемі22,32 Kb.
#90598
Байланысты:
1.10 Когам


Күні: 1.10.20
Тобы: Бк -305
Тақырыбы: Адам туралы жалпы түсінік. Жеке адамның құрылымы. Адамның мүдделері мен қажеттіліктері
Мақсаты: Адам және жеке адам туралы жалпы мағлұмат беру

Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен саналы іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер (түрткі, себеп) көп.


Адамның қажеттіліктері. Кез келген адамға қалыпты өмір сүру және даму үшін белгілі бір материалдық игіліктер қажет. Олардың қатарына: азық, киім, баспана, көлік тағы басқалар жатады. Сонымен қатар адамның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі. Оған өзге адамдармен жүздесу, танысу, сыйласу, сүйіспеншілік сезімдері де тән. Осының бәрін біз қажеттілік дейміз. Қажеттіліктер адамның тілек-қалауын, эмоциясын, ойы мен еркінің бағыттарын айқындай отырып, оны белсенді әрекетке итермелейді.
Қажеттілік — организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағат-таңдырылмауымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталеан. Адамзаттың тарихи дамуының алғашқы кезеңінде адамдардың қажеттіліктері орай адамның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған материалдық игіліктерді: күнделікті тұтынатын заттар және ұзақ мерзім бойы оларсыз күн көре алатын заттар деп белуге болады. Бұлардың
біріншісіне — тамақ, ауыз су, киім, баспана және сол сияқтылар жатады.
екіншісіне — қымбат және сәнді бұйымдар, көпшіліктің қолы жетпейтін автомобиль маркалары, виллалар жатады.
Адам тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектеліп қалмайды. Қоғамның дамуы адамның әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады. Белгілі америкалық ғалым А.Маслоу адамның қажеттіліктерінің құрылымын мейлінше айшықты анықтап берді. Ол ұсынған жүйе бойынша адамның кажеттіліктері бес топқа бөлінеді және маңыздылығының өсуіне сай ретпен орналасады. Олар мыналар:

  • физиологиялық қажеттіліктер (аштық, шөл, демалыс);

  • өзін қорғау қажеттілігі (қауіпсіздік, қорғану);

3) әлеуметтік қажеттіліктер (адамдармен қарым-
қатынас, билік, махаббат);
4) тұлға ретінде танылу қажеттілігі (мәртебе, бедел);
5) өзін көрсету қажеттілігі (өзін-өзі дамыту, ойы мен санасындагыны жүзеге асыру).
жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қаты-настарды айқындайды, олардың базисі болып табылады.
Еңбек бөлісі мен маманданудың пайда болып, дамуымен материалдық игілік өндірушілер бір-біріне тәуелділікке түседі. Еңбек бөлісінің дамуы жоғарылаған сайын, олардың арасындағы тәуелділік те күшейе түседі. Олардың әрекеттерін үйлестіру қажеттігі артады. Тауар өндірушілердің кызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруа-шылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.
Өндіріс және өндіріс факторлары. Өндіріс — өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек. Олардың біріншісі — сол өнімді дайындайтын табиғи зат; екіншісі—өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатъш еңбек құралы; үшіншісі — адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі; төртіншісі — аталған үш элементі өндіріске қосатын ұйымдастырушы. Экономика тілнде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент, тиісінше: жер, капитал, еңбек жэне кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
«Қажеттілік» дегенді қалай түсінеміз? Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс — әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім – тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұдай қанағаттандыру қоғамдық – даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани – мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материалдық – заттық қажеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын – үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет – журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарих дамуына орай және оларды тұтыну обьектісіне сәйкес түрлі – түрлі болып бөлінеді.


Үй жұмысы: Дәрісті конспектілеу және оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет