Қабылдаған: Айтжанова э алматы 2021ж Қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі



бет1/3
Дата20.10.2022
өлшемі20,27 Kb.
#153989
  1   2   3
Байланысты:
Қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі тәрбие технологиялары
Мектеп АКТ 4 апта Майбасар Сая, англ2, Отбасының тәрбие әдістерін таңдау, Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрлері, Жоба әдістемесіне қойылатын талаптар, Адамгершылык, Ас қорыту жүйесі, идеома жане фраза, АПТАЛЫК ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Орындаған: Гуншебай М
Қабылдаған: Айтжанова Э
Алматы 2021ж
ҚАЗІРГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ
ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

1.Қазіргі оқу-тәрбие процесіндегі тәрбие технологиялары
2.Тәрбиенің модульдік, топтық, проблемалық технологиялары

Тәрбие әрқашанда барлық халықтар үшін қоғамның рухани өмірінің құбылысы. Тәрбиенің гуманистік парадигмасының мәні баланы адам өмірінің ең жоғары құндылығы ретінде қарастыру. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.


Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құңдылықтарымен танысады. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді. Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалык өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлілігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шьнықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие түрлерін ажыратады. Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады. Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Отбасы барлық уақытта өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы–болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында отбасы тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психолгиялық даму денгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасыдағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған. Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасыдағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет.
Баланың отбасыда орындайтын тапсырмалары, оларды орындауға қатынасы, оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі негізінде көрінеді. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың отбасыдағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады. Мемлекеттің құрылымынан тәуелсіз түрде кез келген қоғам елдің дамуын қамтамасыз ету үшін өндіру және қайта өндіру функцияларымен қатар өзінің мүшелеріне білім беру функциясын да атқарады. Осы мақсатпен қоғам білім беру жүйесін құрады.
Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Бұл жерде адам өндірістік фактор ретінде қарастырылады. Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәйкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.
Жалпы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар: қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру; соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы; білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау.
Әр түрлі әлеуметтік институттарға қарайтындығына байланысты отбасылық, мектептік, мектептен тыс, конфессиялық (діни), балалар, жасөспірімдер ұйымдарындағы, арнайы білім беру мекемелеріндегі тәрбие түрлері болып бөлінеді.
Тәрбие принципі – бұл тәрбие процесін ұйымдастыруға, әдістерге, мазмұнына қойылатын негізгі талаптар көрсетілген жалпы қоғамдық құбылыс.
1. Тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы.
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы.
3. Тәрбиеде жағымдылыққа сүйену.
4. Тәрбиенің гуманизациясы.
5. Тұлғалық қатынас.
6. Тәрбиедегі қарым-қатынас бірлігі.
Тәрбие заңдылықтары – бұл тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға өнімді нәтижеге жетуге мүмкіндігін жүзеге асыратын, тәрбие процесіндегі тұрақты, қайталанатын және маңызды байланыстар.
Педагогтың диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "балалармен ынтымақтастықта бола алу қабілеті" критерийі - қазіргі педагогтардың зерттеу іс-әрекеттерінің ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастықта ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін байкай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу.
Педагогикалық балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта кұру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, іздемпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
Мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формалары әр түрлі факторларға байланысты өзгеріске түседі, жаңаланады. Негізгі факторлар:

  • - білім саласындағы мемлекеттік саясат, заңдық актілер мен құжаттар;

  • - тұлғалық және кәсіби-әрекеттік көрсеткіштерді диагностикалық өлшеу процесінде анықталған мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың әдістемелік сауаттылығы;

  • - ұжымдағы моральдық-психологиялық климат, әдістемелік жұмысты жүргізудің материалдық-техникалық мүмкіндіктері.

Әдістемелік жұмыстың тиімді формасы – проблемалық семинарлар мен практикумдар болып табылады. Олар педагогтардың теориялық және практикалық даярлығының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған. Семинар жұмысының мазмұны қазіргі педагогикалық теориялар болуы мүмкін.
Әдістемелік жұмыс жүйесіндегі практикалық жұмыстар түрлері: іскер, рольдік ойындар, практикум-ойындар, ұйымдық-әрекеттік ойындар, түрлі тренингтер. Семинарлар мен практикумдар жүргізу үшін білікті басшылық, жан-жақты дайындық болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет