Тобы: орта топ Білім беру саласы: Әлеуметтік.Қатынас



Дата04.10.2020
өлшемі14,23 Kb.
#63993

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Тобы:орта топ

Білім беру саласы: Әлеуметтік.Қатынас

Оқу іс – әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Мен және менің достарым!

Мақсаты: Өзінің есімін,тегін атай білуге жаттықтыру.Топтағы балаларды атымен атауды үйрету. «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.Адамдармен өзара түсінісіп,қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншық тышқан,доп,балалардың суреттері.

Сөздік жұмыс:достық,ынтымыақ



Оқу іс -әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс – әрекеті


Балалардың

іс – әрекеті



Мотивациялық –

қозғаушылық




-Қандай ғажайып таң!Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып,бір бірімізге игі тілектерімізді айтайық.

Бізге қонаққа келіп тұр.Кім болды екен?(Тышқан жылып кіріп келеді).

Педагог тышқанның даусына салып:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!Менің көңіл күйім түсіп кетті,өйткені менің достарым жоқ.Қарап тұрсам,сендер өте көңілдісіңдер,сендер көсіңдер.Мен достардың қандай болатынын да білмеймін.

Балалар, алдымен танысып алайық.Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шыұсаңдар жақсы болар еді.
Тышқанға көмектесіп,достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік.
Сендердің достарың барма?

Достық дегенді қалай түсінесіңдер?





Шаттық шеңберіне тұрады,бір-біріне игі тілектерін білдіреді,тышқанға әрқайсысы

аттарын айтады.

Сұрақтарға жауап беріп,өз білімдерімен бөліседі.


Ұйымдастырушылық-ізденістік



Достық тақырыбында әңгіме өткізу.

Достық – адамдардың бір-бірімен жақсы ниетпен араласуы,бірге ойнауы.Балалар нағыз достың қандай болатынын білесіңдер ме?Ынтымақ – адамдар арасындағы ұйымшылдық,бірлік.

Жеке жұмыс жүргізіледі.

«ия немесе жоқ » ойыны.

Шарты педагог сөйлемдерді айтады,балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «ия», «жоқ» деген жауаптармен білдіреді.

-Ұзақ дос боламыз.

-Достықты біз бағалаймыз.

-Бірге ойнаймыз.

-Бір-бірімізге көмек көрсетеміз.

-Достарды ренжітеміз.

-Досымның қолындағы ойыншығын тартып аламын.

Саусаққа арналған жаттығу.

Достық

Қыздар менен ұлдар



Дос қой біздің топта.

Ұсынса біреу қолын,

Ешқашан бас тартпа.

«Досың туралы айт» жаттығуы


Досыңның есімі кім?

Сенің досың ұл ма,әлде қыз бала ма?

Досың ызықор ма, әлде мейірімді ме?

Педагогті мұқият тыңдап,сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға жауап бере отырып,ойынға қатысады.

-ия


-ия

-ия


-ия

-жоқ


-жоқ

Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.

Өз достарын сипаттайды.

Менің досымның аты-Айша.

Ол қыз бала.

Ол мейірімді.



Рефлексиялық - түзетушілік


Тышқан:Балалар, сендерге көп рақмет.Менің кетуім керек.Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім.

Балалармен қоштасады



Педагогпен бірге сабақты қорытындылыйды.

Тышқанмен қоштасады.



Күтілетін нәтижелер:

орынайды:заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.

түсінеді: металл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.

қолданады:заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.



Алматы облысы

Райымбек ауданы

Тұйық ауылы

«Балбұлақ» шағын орталығының

аға тәрбиешісі:Р.Астемесова
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет