Топтық жұмыс



Дата14.10.2022
өлшемі124,38 Kb.
#152981
Байланысты:
5- дәріс
СРСП!!!, СРСП!!!, СРСП!!!, Алимбаева ОПиЛТ Задачи, тб сессия1-50, тб сессия 1-70, Ayan-ivie-jauaptary, №4 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ, Абубакир Дариға логикалық есептер

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті




ЭССЕ


 Топтық жұмыс 


Орындаған: Шарбаев Е.Е.

Тексерген: Сеитова А.Л.



Алматы,2022ж.

“Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын” А. Эйнштейн



«Оқушы-толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»
Мектеп қабырғасында жалпы білім берудің көптеген әдіс-тәсілдері белгілі, оларды қолданудағы басты мақсат- оқушылардың білім игеруінде. Жаңашылдықтарды енгізу мен бұрынан қалыптасқан сабақ құрылымына үйлесімді түрде ендіру қажырлы еңбекті талап етеді. Оқу модульдерінен: белсенді, белсенді емес және интерактивті түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Белсенді емес, яғни пассивті оқытуда оқушылар материалды мұғалімнің айтқан сөздерінен ,оқулық беттерінен игереді, оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасамайды, шығармашылық тапсырмалар орындалмайды. Бұл модель ең дәстүрлі және де жиі қолданылады, дегенмен заманауи білім, қоғам, әлем белсенді әдістердің қолданылу талап етеді. Белсенді әдістер оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық әрекеттерін белсендіруге бағытталады. Бұл модельдегі басты қарым-қатынас оқушы-оқытушы бағытындап болып, шығармашылық (жиі үй жұмысы) тапсырмалар міндетті түрде орындалады. Интерактивті модель білім берудің жайлы ортасын қалыптастыру мен оқушылардың бір –бірімен қарым-қатынастарына бағытталады. Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізінде өмірлік ситуациялар мен рольдік ойындар, сондай-ақ ситуациялар мен жағдаяттарды анализдеу арқылы бірлескен шешім қабылдау жатады. Әрине, интербелсенді сабақ құрылымы, дәстүрлі сабақ құрылымынан өзгеше, сол себепті осындай сабақты өткізу мұғалімнің тәжірбиесі мен кәсібилігін талап етеді. Құрылым –интерактивті технологиялар, нақты әдіс пен тәсілдер енгізіледі, басты мақсат сабақты барынша өзгеше және қызықты ету.
Оқыту процессін ұйымдастру дегеніміз , бұл- оқытушы мен оқушының арасындағы өзара қарым-қатынасы мен оқыту процесін құрылымдау, оның ішінде оқу материалы, оқытушының білім беру мен оқушының білім алу әрекеті қарастырылады. Оқыту процессінің жоғары нәтижесі, оқушылардың әрекетімен сипатталады, ұстаз қандай болмасын, өз пәнін жоғарғы деңгейде білсе де, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алмаса, қызығушылықтарын оята алмаса және де оқушылардың өзара білімді де мазмұнды қарым-қатынастарына қол жеткзе алмаса, ол мұғалім жоғарғы нәтижеге жете алмайды. Оның оқушылары емтиханда жатталған материалды нақты айтып өтеді, алайда мұғалім оқушының данына шығармашылық отын енгізе алмайды.
Оқу процесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған , барлық принциптерге сай өткізілетін болса да, оқушының білім алуға, тәрбиеленуге , дамуға құлқы жоқ болса, оқыту процесі осы оқушыға қатысты тиімсіз болып табылады. Сол себепті де әр мұғпалімнің басты міндеті- әр бір оқушыда білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, дамуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады.В.А.Сухомлинский жазғандай: « Мектептерде қызық оқиғалар орын алуда…. мұғалімдер тәрбиеленбейтін оқушыларды тәрбиелеуге тырысуда» ( 1, 121 б)
Тәрбиелеу адам бойында тәрбиеленуші болуға деген қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Тәрбиеленуші болу қабілеті- жанның сезімталдығы, тәрбиешінің сөздеріндегі нәзік түстерін, көзқарасын, күлкісі мен үндемеуінің себептерін тануға деген жүрек сезімталдығы.Оқушылардың оқу әрекеттерән басқару- бұл тек жоспарлау, материал дайындау мен сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар әр бір оқушы сынып ұжымында қалыпты эмоционалды көңіл –күй алуы мен қажеттілік-мотивациялық ортасын қалыптастыру болып табылады. Сыныпта шеткері қалған оқушылар мен өзге де эмоционалды түрде алғанда сәтсіз оқушылар қалмауы керек.
Мектеп, оқытушылар бір емес бірнеше күрделі түрде байлаынсқан мәселелерді шешумен айналысады. Мектеп бір емес, бірнеше мақсат қояды. Осы мақсаттар белгілі бір тәртіпке сүйене отырып, иерархиясы жасалады, яғни негізгі және басты мақсатқа өзге мақсаттар бағынады. Басты мақсатты оған жету құралдары анықтайды: мектептің және оқытушылардың әдістер мен тәсілдері. Педагогикалық еңбектің жеке мақсаттары екі басты және негізгі мақсаттарына бағытталады.
Бірінші мақсат барлық оқушылардың ғылым негіздерін игеру мен білім мен білік, дағдыларын қалыптастыру мен физикалық және еңбек әрекеттерін дамыту, профессионалды қабілеттерінің негізін қалау.
Ж. Пиаже «Адамның ақылы өзін таниды, яғни психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста болады» деген. Біз бір-бірімізбен қатынасқа түскенде дамимыз, соның нәтижесінде жаңа түсініктер қалыптасады. Ал, қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарастарына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Шағын топтық, жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік сезім қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатынасы бар екендігін сезіндіреді. Ал, «бірлесе көтерген жүктің жеңіл» екендігі баршамызға аян.
Екінші мақсат , жоғарғы құндылықты, жан-жақты дамыған , шығармашылық белсенділігін және қоғамдық саналығын тәрбиелеу. Мектептің тәрбиелік мақсаты ретінде қарастырылады, оқыту процесінің шеткері аумақтарына тиісті. Яғни, «оқыту тек қана білім берумен шектелмейді, оқыту мен тәрбие қатар жүреді» дегенді білдіреді.
Бүгінгі күні әрбір мұғалім оның жұмысының негізі оқушыларды тәрбиелеу мен әрбір оқушына жан-жақты дамыған, қоғамның белсенді мүшесін қалыптастыру болып табылады. Әрине, пән-мұғалімдернің өзгеше қойылған мақсаттары болуы мүмкін, тек бұл мақсат оқушыдан тұлға қалыптастыру мақсатымен бірлесе жүргізілуі тиіс. Тек тәрбие беру мен оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы қазіргі кездегі білім берудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға болады.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар қоғамның мектеп алдына қоятын талаптарының негізінде жасалады, Оқушының саналы, терең, сапалы білімін қалыптастыру, тәрбие негіздерін қалыптастыру, қоғамдық еңбекке белсенді қатысуын қалыптастыратын, дағдыларын, белсенділік, еңбекқорлық қаситтерін сабақта қалыптастыру. Сонымен қатар, білім мен танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық, инициатива, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын, білімдерін практикада қолдану, білімге деген қажеттіліктерін, қоғамдық және азаматтық парызын түсіну қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ- логикалық түрде аяқталған, оқыту-тәрбие процесінің белгілі шектеулерімен анықталады.
Сабақтың сапалы деңгейде өтуі, әр бір компонент, яғни мақсат, мазмұн, әдістер, тәсілдердің дұрыс таңдалып алынуы мен тиімді түрде қолданылуына байланысты. Сабақ құрылымын жасау кезінде тек қана оқушылардың білім игеруіне ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар осы сабақтың қай кезеңінде білім игерілуі тиіс екендігін анықтап алған жөн. Сабақ- оқыту процесінің бір бөлшегі болып табылатындықтан, білім үш деңгейде игерілуі мүмкін:

  • Таным деңгейінде, саралау мен есте сақтау;

  • Үлгі бойынша іс-әрекет ету деңгейінде;

  • Жаңа ситуацияда білімді қолдану деңгейінде.

Сабаққа қойылатын бір қатар талаптар бар:

  1. Сабақ ьтек қана материалды берумен шектелмеу тиіс, сонымен қатар осы білімді практикада қолдана алатындай бірнеше тапсырмалар берілуі тиіс.

  2. Білімнің белгілі бір көлемі оқушылардың ізденімпаздығы мен мәселелерді шешуі нәтижесінде игерілуі тиіс.

  3. Материалды беру вариативті негізде жүргізілуі тиіс.

  4. Бірде бір сабақ оқытудың барлық мәселелерін шеше алмайды. Сабақ белгілі бір курстың, тақырып пен бөлімнің бөлігі. Оның логикалық өлшемі болып табылады.

  5. Сабақ құрылымы логикалық түрден қарастырған нақыт болуы тиіс яғни бір кезеңнен екінші кезеңге өту дидактикалық мақсатқа, оқыту процесінің заңдылықтарына сай болуы тиіс.

  6. Оқу процесін бұрын алған білім ,білік, дағдыларды қайталаусыз елестету мүмкін емеес.Әр сабақта міндетті түрде бекіту кезеңі болуы тиіс.

  7. Игерілген білім жүйелі түрде жоспарлы тексерілуі тиіс. Мұғалім мәдениеті мен оның интеллектуалды және адами құндылықтары сабақ тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет