Тұрдыбай А. 102-23 топ студенті, Әлімқұл Ф. С. с102-14ж топ студенті Ғылыми жетекші Алиева К. С



Дата15.09.2017
өлшемі55.5 Kb.
ӘОЖ 51-053.4

ШАМА ҰҒЫМЫН ОҚЫТУДА ҰЛТТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Тұрдыбай А.-102-23 топ студенті, Әлімқұл Ф.С.-с102-14ж топ студенті

Ғылыми жетекші Алиева К.С.-аға оқытушы,ҚР білім беру ісінің үздігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты


Резюме

В статье рассматривается методика применения национальных мер измерения в обучении понятия величины.

The article discusses the technique of application of national measurement measures in teaching the concept of magnitude.
Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі қоғам дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және мақсаттарға орай жан–жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, сауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр.

Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, бастауыш білім– үздіксіз білім берудің алғашқы бастамасы, бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын кезеңі. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алатын білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін шамаларды оқыту маңызды.

Шама ұғымы математиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Әрбір оқып үйренетін шама–бұл бізді қоршаған дүниедегі нақты тұжырымдалған объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті.

Математика сабағында ұлттық өлшемдерді пайдалану және ұлттық бірліктерімен таныстыру, түрлендіру оқушыларды іскерлік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ертеден қазақ халқы дәстүр бойынша баласын бес-алты жасында аузы дуалы шешендердің ел бастаған көсемдердің, даналардың, мергендердің, батырлардың соңынан ерте білген.

Онысы – балам халық дәстүрін, жол – жоралғысын көңілге тоқып өссін дегені болуы керек. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу–басты талап. Мәдениеттің дамуының алғашқы сатыларында адам өлшеу бірліктерін айналасындағы табиғаттан алған, мысалы, ұзындық бірліктері ретінде әдетте адам денесінің жеке мүшелері алынған: қолдың қарысы, ересек адамның табанының ұзындығы (фут), саусақ буынының ұзындығы (дюйм), миля (мың қада – mille passuum), саусақтың жалпақтығы (елі) т.с.с.

Мәселен, математика сабағында ұзындық өлшеуіштерін өткенде қазақша ұзындық өлшемдерді байланыстыра өтуге болады. Мысалы, бес саусаққа байланысты өлшемдер:

Елі-саусақтың көлденең қалыңдығы (ені)

Сүйем — бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.

Сынық сүйем — сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем.

Қарыс-бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері

Тұтам- бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас өлшемі

Құлаш- иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы

Табан-аяқтың өкшесі мен екінші саусағының арасы

Адым-жүру кезіндегі екі аяқтың ұзындығы

Аттам- екі аяқты созғандағы аралық ұзындық

Шымшым- ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем

Шөкім- ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғагндағы өлшем

Бір уыс-қол саусақтарының жымдастыра бүккендегі өлшем

Қос уыс- қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра бүккендегі өлшем. Азық-түлікке қатысты өлшемдерді төмендегідей атайды.

-Бір уыс (бидай)– қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұң-қырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер.

- Бір үгім (тұз)– бір шымшым, үш саусақтың ұшымен алынған.

- Бір үзім (нан) –өте жұқа, жарты бөлшек.

- Бір шөкім (тұз) –үш саусақтың ұшымен өлшенген.

- Бір шымшым (тұз) –үш саусақтың ұшымен өлшенген.

- Жұдырық басындай (ет) –саусақты бүгiп жұмғандағы қолдың жұмылған басының көлеміндей ет.

- Бір қайнатым (шай) –шымшып аларлық өлшем, яғни 5 грамм.

- Бір салым( шай )– бұйыpған нәpсе, ыpзық, несiбе, яғни екі рет шымшымдай.

- Турам (ет) –кішірек бір кесім, бір асам.

Биіктікті, тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін қолда

бар заттардың ұзындығы айдаланылған, яғни солардың бойымен өлшеген:

- Оқ бойы = 1,0 – 1,5 м жебе ұзындығы;

- Найза бойы = 3 – 5 м

- Арқан бойы = 10 – 12 м т.б.

Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері:

- Айшылық жер- айлап жүретін жер.

- Ит өлген жер- өте алыс, ұзақ жер.

- Қырық күншілік жер- қырық күн жүретін жер.

Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері:

- Ат жетер жер- атпен бір қалыпты жүргендегі 1күндік жер.

- Ат шаптырым жер- атпен тез, шапшаң баратын жер.

- Аяқ жетер жер.

- Әудем жер- адамның дауысы жетер жер.

- Қозы көш жер.

- Құнан шаптырым жер.

- Тай шаптырым жер.

- Сәскелік жер- түске дейін жүретін жер.

Халқымыз құдықтың, судың тереңдігін адам бойымен, ал үлкен арақашықтықтарды күндік жер, қоналқамен өлшенген. Мәселен, бір қоналқа жер, яғни бір тәулік жүріп баратын жер.

Адамның айқайлаған даусы естілсе, қашықты "шақырым" деп берілген, 1 шақырым = 1 км.

Мұндай табиғи өлшеуіштердің өте қолайсыз екендігі ап-айқын: ұзындығы жағынан алғанда адамның қолының қары, табаны, қадамы әр түрлі болуы мүмкін. Расында да, әр түрлі адамдарда қолдың қарының ұзындығы 40 сантиметрден 55 сантиметрге дейін болып, әрқилы келеді. Негізгі бірліктен ірірек өлшеуіштерді атау үшін ереже бойынша негізгі өлшеуіштің атау сөзінің алдына ертедегі грек тілінен алынған жұрнақтар жалғанатын болған. Өлшеуіштердің әрқилы болып келуі өлшеу жұмыстарында толып жатқан қолайсыздықтың, дау-жанжалдың, қателесудің, тіпті тікелей алдаудың етек алуына әкеліп соққан, сөйтіп сауда-саттық жұмысын қиындатқан. Шамалардың әрбір тегі үшін негізгі өлшеу бірліктері кездейсоқ алынып отырған, бір шаманың өлшеуіштерінің бірліктерінің ірілері мен ұсақтарының арасындағы қатынастар түрліше сандармен өрнектелетін, сондықтан бір тектес өлшеуіштің біреуінен екіншісіне көшу өте қиын болып, есептеу жұмысы тым күрделі болған. Ақырында, әрбір мемлекетте өзінің өлшеу бірліктерінің болуы халықаралық саудада есеп-қисап айырысу жұмысын да өте-мөте қиындатқан. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзі үшін бірыңғай өлшеуіш жүйесі тағайындалған. Мұндай өлшеуіштердің дүние жүзілік жүйесінің бірі метрлік өлшеуіштер жүйесі. Өлшеуіштердің метрлік жүйесі Францияда ұлы Француз революциясының дәуірінде енгізілген болатын.

Демек, математика сабағында ұлттық өлшемдерді пайдалану, оқып үйрену бұл оқытудың өмірмен байланыс құралдарының бір болатынын қортындылай келе, математика сабағында ұлттық өлшемдерді оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты. Ұлттық өлшемдерді пайдалану жөніндегі білім әр алуан практикалық мақсаттарда кеңінен қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Қазақ халқының ұлттық өлшемдерді пайдалану өлшеу жүйесін тарихи – математикалық мағлұмат ретінде пайдалану оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, пәнге қызығушылықты арттырады.


Әдебиеттер:

1.Назарбаев Ә.Ж. “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы./ Егемен Қазақстан, 2006 -№29,1-6б.

2 Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. -Астана:Фолиант,2007.

3.Д.Рақымбек., Бейсенов Ж., Шарипов Т. Математиканы оқыту әдістемесі: - Шымкент: Нұрлы бейне, 2006.



4. Елубаев Е.Жүз жұмбақ,жүз жаңылтпаш.-Алматы: Ана тілі, 1995.

5.К.Шалғынбаева.,А.Төлешова. Шама ұғымын оқытуда ұлттық өлшемдерді пайдалану. //Бастауыш мектеп, №4 – 2006, 18-20 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет