Түркістан 2021 Қорғалжын қорығы



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі63,55 Kb.
#120987
  1   2   3   4
Байланысты:
1)баяндама.туризмология
286294702 (1), жануарлар қозғалысы 7 кл ашық с, Мақсытов Айдос эссе

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Халықаралық туризм және меймандостық университеті

ТУРИЗМДЕГІ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтар
Орындаған:Алимова Аяулым
Қабылдаған:Назерке Жолманова

Түркістан 2021
Қорғалжын қорығы
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлігі мен генетикалық қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған.
Осы үшін Қазақ КСР Министірлер Кеңесінің № 214 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қору аумағы 543 171 га, қорғау аумағы 89360 га, жалпы көлемі 632531 га құрайды. Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық аумағында 123 үлкенді-кішілі, ашылы-тұшылы көлдер бар. Олардың ішінде әйгілі үлкен, кіші Теңіз көлдері, Керей, Қыпшақ болса, тұсшы Қорғалжын, Есей, Сұлтанкелді, Қоқай, Асаубалық, Жаманкөл, Жабай, Табанқазы, үлкен, кіші Қаракөл, Манат, Суберген, Тоқтамыс, Базар, Сары және Қызыл көлдер болады. Осы көптеген көлдерді атақты Нұра, Құланөтпес, Көн, Жаман Көң, Жақсы Көң өзендері суландырады. Оның ішінде Теңіз көлдерінің гидрологиялық режимін сақтайды. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Орталық Азия-Үнді және Сібір-Шығыс Африка құстардың (ұшып өтетін) көші-қон жолдары айрығында орналасқан.Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қазақстандағы және барлық Азиядағы ұшып өтетін құстардың ең маңызды сулы-батпақты алқаптары болып табылады. Берілген аумақтың биоалуан түрлілігі бірегей. Оның ішінде Қазақстанның ұсақ таушықтарының флорасының бірден төрт бөлігін құрайтын 60 тұқымдастан тұратын өсімдіктер флорасының 443 түрі және сулы, құрлықты жануарлардың 1400 түрі кездеседі. Қорықта құстың 347 түрі көрсетілген, оның ішінде ұя басатыны 126.Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық Қызыл кітапқа 26 түрі енгізілген. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінде сулы-батпақты кешенді құстардың 112 түрі кездеседі, ол барлық Қазақстанға танымал 130-дан 87% құрайды. Қорықта сүт қоректілердің 42 түрлі, 14 балық түрі тіркелген. Құрт-құмысқалар толығымен зерттелмеген, дегенмен 700 түрі анықталған, бірақ олардың түр тұқым әртүрлігі 5000-ға жетуі мүмкін. Қорық аумағында Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстан Республикасының Қызыл кітаптарына енгізілген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің 60-таң астам түрі белгіленген. Санақ бойынша бұйра бірқазанның дүниежүзілік популяциясының 20% және сирек кездесетін қызыл кітапқа енген қоқиқаздың, ақбас үйректің, дала қыранының, қарабас өгіс шағаланың, жалбағайдың т.б. 10-20% қорық көлдерінде жиналады. Қоқиқаз Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде де ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – -30 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет