Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Дружба орта мектебі Досмағанбетова Сәуле Амангелдіқызы



Дата12.06.2018
өлшемі37,26 Kb.
#42231
Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Дружба орта мектебі

Досмағанбетова Сәуле Амангелдіқызы
Әдебиет сабағында проблемалық оқыту технологиясын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Тәуелсіз Қазақстанның тірегі мықты болуы үшін ең алдымен ұрпақ тағдырын ойлау керек. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі –бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздардың қолында» деген қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Бала тәрбиесіне, оның білім алуына салғырт қарау - баланың тағдырына ғана емес, қоғамымыздың өркендеуіне жауапсыздықпен қарау деген сөз. Шәкірттерге терең де тиянақты білім беруде жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп, құзыреттілігін дамытып, өз тәжірибесінде шеберлікпен қолдану –барша педагогтардың міндеті. Кез-келген инновациялық үрдістің нысаны –оқушы десек, қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мұғалім –ұйымдастырушы, бағыт беруші. Сондықтан да оқу ісінде баланы қызықтыратын, оқуға қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Ол үшін оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырудың, жаңа технология әдісін қолдана отырып оқытудың маңызы зор. А. Байтұрсынов: «Әуелі, біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек»,- деген болатын.

Әдебиет -адамды адам, нағыз азамат ететін, оны рухани шыңдайтын, жанына жолдас болатын ерекше ғылым және ғажайып өнер. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану» құралы десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады.

Әдебиет – барлық білім мен өнердің, барлық пәндердің атасы. Ой,ойлау, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Жаңа технологияның басты проблемасы -мұғалімнің мақсатына жетуі үшін тиімді тәсілдерді таңдай білуі. Халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсыновтың: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек,» -деген сөзін басшылыққа ала отырып, жаңа технология әдістерін өз сабағымда үнемі пайдаланып отырамын.

Әдебиет сабағында жаңа технологияны қолданудың тиімділігі өте зор.

Заманауи білімдендірудің мақсаты жан- жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс. Қазіргі таңда кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге төселдіреді.

"Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді” демекші, проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі тиіс. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді.

Ұстаз проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін игертеді. Оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалық оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың жақсы әсері:


  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

  • Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

  • Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

  • Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді:

  • Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

Проблемалық оқытудың артықшылығы: зейіннің дамуына мүмкінщілік

жасайды, байқампаздықты танытады, оқушының танымдық іскерлігін

белсенді дамытады, жауаптылық, сыншылдық, өзін сынау, бастамашылдық

және өзіне баға беру әрекетін дамытады. Бұдан басқа проблемалық оқыту

білімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың кемшілігі оның оқу үрдісінде оқушыға

қиындық туғызатындығы, соның арқасында шешу жолын ізденуге көп

уақыттың кетуін жатқызуға болады.сонымен қатар бағдарламаланған оқытуға

қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру оқытушының

шеберлігі мен көп уақытын талап етеді. Тап осы жағдайлар проблемалық

оқытуды кең қолдануға кедергі келтіреді. Бірақ, оған талпыну керек және

әрбір шебер педагаг оны қолданады, өйткені проблемалық оқыту зерттеумен

байланысты және осыған сәйкес дәстүрлі оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез

келген зерттеу – жаңа білім алу үрдісі, ал оқыту – белгілі білімдерді тарату

үрдісі болып табылады.ал проблемалық оқыту зерттей отырып оқытуға, оқыта

отырып зерттеуге үйретеді. Міне, тек осылай ғана шығармашылық тұлғаны

қалыптастыруға болады.

Проблемалық оқыту технологиясын қолдану мақсаты:

-білім, білік, дағдыға ие қылу;

-өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту.

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқыту ерекшеліктеріне тоқтала кетсем, мынадай тұжырым шығады:

- білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарыл-майтын

үрдіс;


- бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді:

-бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана

қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанғаттандыру мақсатында меңгереді;

- оқытуда табысқа жетудің шарттары;

- оқу материалын түсіндіруде проблема туғызу;

- баланың белсенділігі;

- оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдаят пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Қазақ тілі немесе әдебиет сабқатарында дарынды оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуға байланысты сабақта проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы оқушыны зерттеуге жетелеуге болады. Мысалы, 9 сыныпта қазақ тілі сабағында «Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігі» тақырыбын өткенде қазіргі қоғамдағы жастардың орысша сөздерді қосып айтуы сөз болды. Ауызекі сөйлеу кезінде көбінесе ұялы байланысты пайдалану кезінде орысша сөздерді көп қолданылатынын айтты. Оқушыларға «Ұялы байланысытң басқару тетіктері қазақ тілінің дамуына әсері бар ма?» деген сұрақ қойылды. Оқушылар өз пікірлерін айтты, соның ішінде Абдрасулов Кенжебек ұялы байланыстың басқару тетіктерін қазақшаға аударып айтты, өзгешелікті байқады. Сабақтан тыс, «Ұялы телефондардың басқару тетіктерінің қазақ тілінің дамуына әсері» атты тақырыпта зерттеу жұмысымен айналысты. Зерттеу жұмысында ұялы байланыстың басқару тетіктерінің орысша баламасын қазақша аударған нұсқасын ұсынды. Оқушылар арасында «Егер ұялы телефонның басқару тетіктері қазақ тілінде жазылса сатып алып қолданар ма едіңіз?» деген сұрақ қойып сауалнама жүргізіп, нәтижесін шығарды.

Зерттеу жұмысының барысында оқушы мынадай қорытындыға келді:



  • Тіл шұбарлығының күшеюі тіліміздің бұзылатынына әкеліп соқтыратына;

  • Жастардың тілімізді шұбарлаған сөздерді пайдаланып сөйлейтініне.

Жаңа технология элеметтерінің ішінде проблемалық оқытуды екі жылдан бері сабаққа пайдаланып келемін. Енді сіздерге осы екі жыл ішінде проблемалық оқытуды өз тәжірибемде қалай қолданып, қаңдай жұмыстар жүргізгенім жайында тоқталсам деймін.

Проблемалы оқыту – бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігнің қалыптасуы.

Проблемалық оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесі мен іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтардың дұрыс варианттарын шешуді қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады. Өзім дәріс беретін топтарда жаңа технология элеметтерінің проблемалық оқытуды іс – жүзінде қолданудамын. Себебі оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, шығармашылық қабілетін дамытуда, ойлануға, қорытынды жасап, ойын жүйелі айта білуге тиімдірек деп санаймын. Сабақ беретін сыныптарымда әр сабағымда проблемалық оқытуды жүйелі пайдалана алуымда маңызды. Сабақ үлгісі:

І Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

ІІ Сабақтың мақсаты:

1. Сабақтың білімділік мақсаты: жазушының өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту;

2. Сабақтың дамытушылық мақсаты: еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізе білу, дәлелдеу, өзгені тыңдай білу, тұжырым жасай білу қабілеттерін жетілдіру;

3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды бауырмалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу,ой бөлісу.

Сабақта пайдаланылатын қосымша материалдар:

1. Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е.Арын. Әдебиет: Жалпы білім беретін мектептің

7-сыныбына арналған оқулық

2. Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған – Алматы:Атамұра, 2003. – 96 бет

3. 3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: слайд-шоу

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І Үй тапсырмасы тексеріледі.


  1. Тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі (Соңғы үш шумағын жаттау)

ІІ Үй тапсырмасы қорытылады.

  1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?

  2. Кәрі қыран қандай халге душар болды? Неге намыстанды?

  3. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыр өтті» деген жолдарды қалай түсінесіңдер?

  4. Қыранның соңғы шешіміне не себеп?

  5. Қыран бейнесінен қандай әсер алдыңдар?


ІІІ Жаңа тақырып түсіндіріледі.

а) Мұғалім сабақтың мақсатын хабарлайды.

ә) Мұғалімнің кіріспе сөзі.


  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызда 60-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті

өкілінің бірі жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесімен танысамыз. сонымен қатар жазушының қаламынан туған «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін», «Кәментоғай» сияқты шығармалары бар. Жазушы шығармаларының тақырыбы сол кезедгі ауыл тынысы, тұрмыстары, адамдардың өзара қарым-қатынастары, дүниеге көзқарасы туралы. Қай шығармасын алсақ та тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, оқырманды өзіне баурап алады. Осындай шығармалардың бірі – «Жусан иісі» повесі.

1. 1. Шығармада кездесетін түсініксіз сөздерге тоқталу.



Кекиіп – 1. Басты жоғары көтеріп кекшию, кегжию. 2. Тәкаппарлана көзге ілмеу, менсінбеу, менменсу. 3. Маңғаздану, өзін жоғары ұстау, кекірею, бұлдану.

Құрыстап – бойын жаздырмай қою, сірестіру.

Шарық – теріден, тал қабығынан жасалған, жеңіл аяқкиім, шәрке.

Қорқыра - қорқылдаған дыбыс шығару, қорқ-қорқ ету.

Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті.. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжынжусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврийжусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
1.2. Композициялық құрылысына талдау жасалады.

Оқиғаның басталуы: Алыста қалған балалық шақ

Оқиғаның дамуы: Аянның әжесінің қайтыс болуы

Оқиғаның шиеленісуі: Бапай шалдың үйіндегі Аянның халі

Оқиғаның шарықтау шегі: Аянның ағасына деген сағынышы

Оқиғаның шешімі: Аянның балалар үйіне аттануы

IV Жаңа сабақ бекітіледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады.

  1. Бұл оқиға қай кезде болған?

  2. Ұлы Отан соғысы балалардың өміріне қалай әсер етті?

  3. Аян қаралы қағазды алғанда не істеді?  Неге көрсетіп жыламады?

  4. Балалардың Аян кеткеннен кейін көңіл күйлері қалай болды?

  5. Егер автор өздерің болсаңдар, бұл әңгімені қалай аяқтар едіңдер?

  6. Негізгі ой қандай? Бұл әңгіме сендерге қандай сезім тудырады?

  7. Бұл әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған? Тағы қалай атауға болады?

V Оқушылардың пікірі тыңдалып, сабақ қорытындыланады.

Үй тапсырмасы:

  1. Көркем шығарманы соңына дейін оқу.

  2. Мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс.

VI Оқушы білімі бағаланады.
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұағали туралы дерек, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының тақырыбы мен идеясы, композициясы, көркем бейне, поэтикалық тіл туралы білім беру;

Дамытушылық:оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру ;

Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: дискуссиялық карта, 2түрлі түсіндірмелі күнделігі, эссе

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құру, топқа бөлу.

1."Сұлулық"тобы 2."Махаббат"тобы 3. "Зұлымдық"тобы

ІІ.Қызығушылықты ояту: Мұқағалидың өлеңдері тыңдалады.

Әр топқа берілген тапсырмалар тексеріледі.

1. Ақын өміріне шолу.

2.Ақын өлеңін жатқа оқу.

3.Менің Мұқағалиім.

ІІІ.Мағынаны тану:

Поэмадағы негізгі арқау болған тақырып қандай?

1. Сұлулық 2. Махаббат 3. Зұлымдық

Сұлу сөзінің синонимін табыңдар? (ару,әсем,ажарлы ...)

Ал поэзияның өзі сұлулық қой.

Ақын сезімі арқылы сұлулық поэзиясы туады.

Сұлулыққа қарама-қарсы табиғатта зұлымдық бар.

Зұлымдық деген не?

Негізінде туа,жүре пайда болады,поэзияда екеуі де қатар жүреді.

Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беремін.

1."Сұлулық"тобына:

1. Поэмада Жетімкөл сұлулығы қалай суреттелген?

2. Поэмада көл не себептен «Жетім көл» деп аталған?

2."Махаббат"тобына:

1.Аққумен баланы аластаңдар дегенді қалай түсінесіздер?

2.Оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттеңіз.

3. "Зұлымдық"тобына:


  1. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға берейік.

  2. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкінішіне үңілейік.

Осы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру арқылы поэма мазмұнын ашу.

Дискуссиялық карта:

Поэмада ана киелі, қасиетті құсқа оқ атты . Осы іс-әрекетті дұрыс деп ойлайсыз ба?



"Ия"

"Жоқ"

Менің дәлелім...

Менің дәлелім...


Екі түрлі түсіндірмелі күнделікті тарату

Поэмада әсер еткен үзінді

Үзінді жайлы пікіріңіз








Проблемалық сұрақ:

Егер сіз ана орында болсаңыз киелі құсқа оқ атар ма едіңіз?

Егер сіз осы поэманы жазсаңыз қалай аяқтар едіңіз?

ІҮОй толғаныс:

1."Сұлулық"тобы: Эссе жазу

2."Махаббат"тобы: Поэма бойынша сурет салу.

3. "Зұлымдық"тобы: Әндерінен біреуін айту

Ү.Үйге тапсырма: "Аққулар ұйықтағанда" поэмасындағы ұнаған кейіпкерге хат жазу.

Ана, аққу туралы мақал -мәтел жаттау.

ҮІ. Критерий арқылы бағалау.

Рефлексия.



Жалпы проблемалық оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған. А.Байтұрсынов «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы» деп бағалаған. Сол себепті мұғалім ХХІ ғасырдың жаңа идеяшыл ұстазына айналу үшін, үнемі іздену үстінде жүріп, жаңа технологияларды тереңінен меңгерген жағдайда, өзінің білімі мен біліктілігін арттырған кезде ғана нағыз ұстаз болады деп ойлаймын.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет