Түрлердің алуантүрлілігі



Дата23.05.2023
өлшемі154,66 Kb.
#177564
Байланысты:
f623dcc74c9bde
ермаханбет ерсiн, лохцук2, Документ Microsoft Word (2), изменения ЭКГ, 497981, OSPAN AMINA L2

ТҮРЛЕРДІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ

Биологиялық алуантүрлілік (биоалуантүрлілік) — бұл жер бетіндегі гендерден бастап экожүйелерге дейінгі барлық тіршілік иелерінің алуантүрлілігі. Ол біздің ғаламшарымызда тіршілік ететін мил-лиондаған жануар, өсімдік, микроорганизм түрлерін қамтиды. Био-алуантүрлілік деп организмдердің алуантүрлілігін және олардың табиғи үйлесімділігін түсіну керек. Биоалуантүрлілік негізінде биосфера мен оның экожүйелерін құрайтын құрылымдық және функционалдық қауымдастықтан құрылады, ол олардың тұрақтылығы мен сыртқы әсерлерге төзімділігін анықтайды.


Биоалуантүрліліктің үш негізгі типі болады:
— генетикалық, даралардың өзгергіштігіне тәуелді, түрішілік алуан-түрлілікті көрсетеді;
— түрлік, тірі организмдердің (өсімдіктердің, жануарлардың, саңы-рауқұлақтардың және микроорганизмдердің) алуантүрлілігін көрсетеді;
— экожүйелердің алуантүрлілігі, экожүйе типтері, мекен ету ортасы мен экологиялық процестер арасындағы айырмашылықтарды қамтитын алуантүрлілік. Экожүйелердің алуантүрлілігі тек құрылымдық және функционалдық қауымдастық бойынша ғана емес, биоценоздан био-сфераға дейін масштабта да байқалады.
Биологиялық алуантүрліліктің барлық типтері өзара байланысты: генетикалық алуантүрлілік түрлердің алуантүрлілігін қамтамасыз етеді; экожүйелер мен ландшафтардың алуантүрлілігі жаңа түрлердің пайда болуына жағдай жасайды; түрлік алуантүрліліктің көбеюі био-сферада тірі организмдерінің жалпы генетикалық потенциалын арттырады. Әрбір түр алуантүрлілікке үлес қосады және осы тұрғыдан қарағанда, пайдасыз немесе зиянды түрлер болмайды.
Биоалуантүрлілік тіршілік иелерінің көптеген қауымдасу деңгейінде жүріп жатқан нақты эволюция процесін сипаттайды. Ғалымдардың бағалауы бойынша тірі организмдердің жалпы саны 5-тен 30 млн-ға дейін жетеді, олардың қазіргі уақытта 2 млн-ға жуығы сипатталған. Осылайша тірі организмдердің классификациясын жасауға талпынған Линней заманынан бастап ғылымға белгілі жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің саны 11 000-нан 2 млн-ға жетті.
Қазір жер бетінде шамамен 400 мыңдай өсімдік түрі өседі деп есептеледі. Өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың негізгі топтары және олардың саны (түрлердің саны, мың) кестеде берілген.
Жануарлар — жер бетіндегі экологиялық жүйенің маңызды ком-поненттерінің бірі. Қазіргі уақытта ғылымда 1 млн-нан астам жануар белгілі (сипатталған), бұл ғаламшардағы барлық жануарлардың ша-мамен жартысына жуығын құрайды.
Түрлердің биологиялық алуантүрлілігі жәндіктер мен жоғары са-ыдағы өсімдіктер арасында өте көп. Мамандардың бағалауы бойынша организмдердің барлық тіршілік формаларының жалпы саны 10 млнжәне 100 млн аралығында ауытқиды. Бұл миллиондаған жануар мен өсімдіктің жер бетінде тіршілігін жалғастыруға қажетті жағдай жасайды.
«Биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңызы. Биоалуантүрліліктің маңызы:
экологиялық (экожүйелердің негізгі қызмет етуі);
экономикалық (азық-түлік, үй жануарлары);
медициналық (дәрілер, зерттеулер);
эстетикалық және рекреациялық (сұлулық, демалыс, туризм);
ғылыми (эволюция, экожүйе әрекетін зерттеу);
этникалық.
Биологиялық алуантүрлілік адамның көптеген қажеттіліктерін қана-ғаттандырады және қоршаған ортаның өзгергіш жағдайларына бейімдеуге көмектеседі. Биоалуантүрліліктің практикалық құндылығы — бұл биологиялық ресурстардың сарқылмайтын көзі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік өнімдері, дәрілік препараттар, киім-кешек шикізаты, құрылыс материалдарының көздері, өндіру және т.б. Биоалуантүрлілік адамның демалысын ұйымдастыруда да маңызды орын алады.
Көптеген организмдердің пайдалы қасиеттері туралы біз өте аз білеміз. Мәдени өсімдіктердің шамамен 150 түрі кеңінен қолданылады, ал өсімдіктің 265 мың түрінің тек 5 мыңын ғана адам бір кездері өсіру үшін пайдаланған.
Қазіргі уақытта саңырауқұлақтардың 65 мыңға жуық түрі бар деп есептеледі. Ал олардың қанша түрін адам пайдаланады?»
Биологиялық алуантүрлілік адамның көптеген қажеттіліктерін қана-ғаттандырады және қоршаған ортаның өзгергіш жағдайларына бейімдеуге көмектеседі. Биоалуантүрліліктің практикалық құндылығы — бұл биологиялық ресурстардың сарқылмайтын көзі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік өнімдері, дәрілік препараттар, киім-кешек шикізаты, құрылыс материалдарының көздері, өндіру және т.б. Биоалуантүрлілік адамның демалысын ұйымдастыруда да маңызды орын алады.
Көптеген организмдердің пайдалы қасиеттері туралы біз өте аз білеміз. Мәдени өсімдіктердің шамамен 150 түрі кеңінен қолданылады, ал өсімдіктің 265 мың түрінің тек 5 мыңын ғана адам бір кездері өсіру үшін пайдаланған.
Қазіргі уақытта саңырауқұлақтардың 65 мыңға жуық түрі бар деп есептеледі. Ал олардың қанша түрін адам пайдаланады?
Табиғи өсімдіктер — көптеген аурулардан емдейтін дәрілік препа-раттар алудың негізгі базасы. Мысалы, егер Анд тауларының шығыс беткейі сельвасында (ылғалды орманында) хинин (Cinchona) беретін хин ағашы табылмаса, тропик, субтропик және қоңыржай аймақтардың тұрғындары безгектен азап шегер еді. Бұл дәрінің синтетикалық аналогтерінің жасалуы түпнұсқаны жан-жақты толық зерттеу арқылы ғана мүмкін болды. Dioscorea туысына жататын мексикалық ямсы (тропиктік лиананың бір түрі) кортизон және гидрокортизон өндіруде қолданылатын диосгениннің көзі болып табылады.
Биоалуантүрліліктің азаюы қазіргі заманғы негізгі экологиялық мәселелердің арасында ерекше орын алады. Табиғи экожүйелердің және тірі организмдердің көптеген түрінің жаппай жойылу қаупі бар. Табиғи экожүйелер құрлықтың бесінші бөлігінде толығымен өзгертілген не-месе жойылған. 1600 жылдан бастап жануардың 484 және өсімдіктің 654 түрі жойылып кеткені тіркелген.
Түрлер ғаламшар бетінде біркелкі таралмаған. Түрлердің алуан-түрлілігі тропиктік аймақтың табиғи мекен ортасында барынша көп және ендіктің ұлғаюына қарай азая береді. Түрлік алуантүрлілік бойынша ең бай экожүйелер — ғаламшардың 7%-ке жуығын алып жатқан, барлық түрлердің 90%-ке астамын құрайтын жаңбырлы тропиктік ормандар. Маржан рифтері мен Жерорта теңізі экожүйелері де түрлік алуантүрлілікпен ерекшеленеді.
Биоалуантүрлілік ауылшаруашылығын генетикалық ресурстар-мен қамтамасыз етеді, дүниежүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі үшін биологиялық базаны құрайды және адамзаттың өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады. Ауылшаруашылық дақылдарына туыс бірқатар жабайы өсімдіктер ұлттық және ғаламдық экономикада өте маңызды. Мысалы, Калифорния арпасының эфиопиялық сұрыптары ауру туды-ратын вирустардан қорғауды қамтамасыз етеді, оны жылына 160 млн АҚШ долларымен бағалауға болады. Жабайы бидай сұрыптарының көмегімен ауруларға қарсы генетикалық тұрақтылыққа қол жеткізу Түркияда 50 млн долларға бағаланып отыр.

Биологиялық алуантүрліліктің азаюына алып келетін табиғатқа антропогендік әсердің күшеюіне қарай нақты қауымдастықтар мен экожүйелердің ұйымдасуын зерттеу, сондай-ақ олардың алуан-түрлілігінің өзгеруіне талдау жасау маңызды қажеттілікке айналды. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) БҰҰ-ның Қоршаған орта және даму жөнінде конференциясы өтті. Онда Жер шарының көптеген мемлекет өкілдері биологиялық алуантүрлілік жөніндегі Конвенцияға қол қойды.


“Биологиялық алуантүрлілік” деп барлық тірі организмдердің, оның ішінде жер беті, теңіз және басқа да су экожүйелері мен экологиялық кешендердің әртүрлілігін (вариабельділігі) түсінеміз, бұл ұғым түр, түраралық және экожүйелер алуантүрлілігі шеңберін қамтиды. Биологиялық алуантүрлілік жөніндегі конвенцияның мақсаты бы-лайша тұжырымдалған: “биологиялық алуантүрлілікті сақтау, оның компоненттерін тұрақты пайдалану және генетикалық ресурстарды пайдаланудан түскен табыстарды әділ бөлу”.
Конвенцияға қосымша XXI ғасырдағы әрекет бағдарламасы қа-былданды. Онда бірінші кезекте адамзат іс-әрекетін осы конферен-цияда жарияланған құндылықтарды мойындайтын әрбір елдің биоалуантүрлілік жағдайы мен оған төнген қауіп-қатер мүмкіндіктерін анықтауға бағыттау ұсынылады. Бүгінгі таңда тірі организмдер мен биологиялық жүйелердің алуантүрлілігін сақтау — адамның өмір сүруі мен өркениеттің тұрақты дамуының қажетті шарты.

«1 “Түрлердің биоалуантүрлілігі” ұғымын түсіндіріңдер.


2. Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция қашан қабылданғанын және оның қабыл-дануына не себеп болғанын айтып беріңдер.
3. Жергілікті жерді мысалға келтіре отырып, түрлердің биоалуантүрлілігінің белгілі бір кезеңін талдап, сұлба құрастырыңдар.
4. Биоалуантүрліліктің негізгі типтерін атаңда»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет