Туменбаева Н. С


Пробиркаға 2 тамшы анилин және 3 мл дистилденген су құйып, жақсылап шайқап араластырып, лайлы эмульсия алу



бет11/14
Дата06.07.2018
өлшемі2,72 Mb.
#47612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пробиркаға 2 тамшы анилин және 3 мл дистилденген су құйып, жақсылап шайқап араластырып, лайлы эмульсия алу.


Алынған эмульсияның 3 тамшысын жеке пробиркаға құйып, оған бір тамшы тұз қышқылын қосу. Алынған қоспаны алғашқымен салыстыру. Өзгеріс болды ма ?

1. Лайлану неге жойылды? Реакция теңдеуін құр.

Келесі пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған бір тамшы күкірт қышқылын қос.

2. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жаз. Алынған анилин тұзы қалай аталады?

3 . Алынған тұз қышқылды анилин мен анилин гидросульфатының ерігіштігі туралы не айтасыз?

Қорытынды жаса.


2 . Тұздарынан анилинді бөліп алу.

Анилин эмульсиясына тұз қышқылын қосып, алынған тұзына ерітінді лайланғанша тамшылатып күйдіргіш натр ерітіндісін қосу.



  1. Ерітінді неге лайланды?

  2. Реакция теңдеуін құр.

3. Анилиннің тотығуы.

Анилинге сапалық реакция – хлорлы ізбеспен тотықтыру.

Пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған бір тамшы хлорлы ізбес ерітіндісін қосу .

1. Ерітінді түсі қалай өзгерді?

Егер түсі дұрыс көрінбесе, онда ерітіндіні 5-10 тамшы дистилденген сумен сұйылту. Анилиннің хлорлы ізбеспен реакциясын сапалық реакция деп қарастырады. Келесі пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған осындай мөлшерде калий дихроматы мен концентрлі күкірт қышқылын қосу . Ерітінді бастапқыда жасыл түске, кейіннен қара түске өзгереді.

2. Ерітінді түсінің осындай реттілікпен өзгеруі немен түсіндіріледі?

Қорытынды жаса. Тотығу реакциясының теңдеуін құр.


4. Хлорлы сутекті анилиннің бромдануы.

Пробиркаға анилин эмульсиясын құйып, оған тұз қышқылы ерітіндісін қосу . Лай жойылып, хлорлы сутекті анилин түзіледі, оған бром суының қаныққан ерітіндісін қосу.

1. Бром суын қосқанда не байқалды?

2. Анилинді бромдау реакциясының теңдеуін жаз.


Жаттығулар:

1. Анилин - ароматты амин . Қаныққан аминдердің формулаларын келтір.

2. Келесі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады:

метан→ ацетилен→ бензол→ нитробензол→ анилин.


3. Аминдердің негіздік қасиет көрсетуі неліктен?

4. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз:


.
Қайсысы Зинин реакциясы деп аталады?
Есептер:
1. Құрамында 2% жанбайтын қоспасы бар көлемі 40 л метиламин жанғанда (қ.ж) қандай көлем азот түзіледі?

Жауабы: 19,6 л.


2. Массасы 632,4 кг анилин алу үшін қандай масса бензол қажет болады, егер реакция өнімінің шығымының массалық үлесі 85 % болса?

Жауабы: 624 кг.


3. Анилин бояу өндірісінде, фармацевтикалық препараттар, резина өндірісіне көмекші заттар , полимер материалдар алуда қолданылады. Анилинді хлорбензол мен аммиактан алады:



450 г хлорбензолдан қандай масса анилин алуға болады, егер анилиннің массалық үлесінің шығымы 94 % болса?



Жауабы: 349,7 кг.
Белоктар, Аминқышқылдары.

Мақсаты: белоктарды қалай коагуляциялауға болатындыған және оларға түсті сапалық реакцияларды жүргізу арқылы пептидтік байланыстар мен ароматты ядросы бар амин қышқылдарын эксперименттік әдіспен анықтауды игеру . Белок құрамында күкіртті амин қышқылдарын аша білуге үйрету.

Жабдықтар: жұмыртқа белогы, 5% , 10% , HNO3 (k),  (k), этанол, желатин, фенол, формалин, спиртовка, пробиркалар, пробирка ұстағыш, 1% .
1. Белоктардың (ақуыздың) коагуляциясы.

А. Желатиннің коллоидты ерітіндісін спиртпен коагуляциялау.

Пробиркаға 2 тамшы желатиннің коллоидты ерітіндісін құйып, оған бір

тамшы этил спиртін қосу.


  1. Бақылағанды суреттеп айт. Құбылысты түсіндір.

  2. Коагуляция деген не?

Ә. Жұмыртқа белогының коагуляциясы.

Төрт пробиркаға 5 тамшыдан тауық жұмыртқасының судағы коллоидты ерітіндісінен құю. Оның біріншісіне бір тамшы мыс (ІІ) сульфаты, екіншісіне - бір тамшы фенол ерітіндісі, үшіншісіне - бір тамшы формалиннен қос, төртіншісін қайнат.


  1. Нәтижелердің ұқсастығы неде?

Белокты коагуляциялаушылар себептері жөнінде қорытынды жаса.

2. Белоктарға түсті реакциялар.



А. Биурет реакциясы.

Пробиркаға 2 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің бір тамшысы мен 4 тамшы күйдіргіш натр ерітіндісін қосып , жақсылап шайқа.



  1. Ерітінді түсі қалай өзгереді?


Ә. Ксантопротеин реакциясы.

Пробиркаға 2 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған концентрлі азот қышқылының бір тамшысын қосып қайнағанша қыздыру.



  1. Түзілген тұнбаның түсі қандай болды?

Пробирканы штативке қойып, оған бір тамшы контрациялы аммиак ерітіндісін қос.

  1. Түс қалай өзгерді?

Бақыланған өзгерістер бойынша қорытында жасаңыз.
Б. Миллон реакциясы.

Пробиркаға 4 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған 2 тамшы қорғасынның еритін тұзын және ерітіндісін қос. Пробирканы жайлап қыздыр. Түс өзгерістерін бақыла. Қорытынды жаса.

Есіңде сақта !

1. Биурет реакциясының көмегімен белоктағы пептидтік байланыстар


 анықталады.

  1. Ксантопротеин реакциясымен құрамында ароматты ядролы қышқылдар

( тирозин, триптофан, фенилаланин) бар белоктар ашылады, ароматты ядро концентрлі азот қышқылынан нитрленеді, аммиак қосқанда құрамында хинонды сақинасы бар нитрон қышқылы түзілуінен қызғылт түс түзіледі.

3. Миллон реакциясының көмегімен құрамында күкірт болатын амин қышқылдары бар белоктар ашылады. Қорғасын ионымен белок құрамындағы күкірт  қара түсті тұнба береді.

3. Нингидринмен реакция.

Пробиркаға 5 тамшы 1%-тік нингидринді қосып қайнатқанда, 2-3 минуттан кейін көк түсті ертінді түзіледі. Бұл α-амин қышқылдарының сапалық реакциясы.

(П.А.Верболович, 200)

Жаттығулар:


Каталог: assets -> userfiles -> files
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> БАҒдарламасы «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің көптілділікті іске асыру тәжірибесінен»
files -> 2016 жылға жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет