Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет49/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   171
Гиалоплазмацитоплазманың негізгі заты, матриксі (лат. motrix – субстрат, негіз) немесе цитозол деп аталады. Гиалоплазма (грекше – гиолос - әйнек) - өзіне тән тұтқырлығы бар, клетканың үздіксіз сулы коллоидты фазасы. Ол өзіне батырылып тұрған барлық органеллаларды байланыстырады, ондағы қатынастарды қамтамасыз етеді. Гиалоплазма көмірсулардың (қантта) алмасуына, сондай-ақ липидтер (май қышқылдары мен майдың синтезіне, нитраттардың қалпына келуіне қатысатын, еритін белоктар мен әр түрлі қызмет атқаратын ферменттерді қамтиды. Гиалоплазма химиялық энергияны механикалық энергияға айналдыру есебінен белсенді қимылдайды. Сондықтан клетка ішіндегі заттарды тасымалдауға қатысады. Оның саны және құрамы клетканың даму кезеңіне, активтілігіне байланысты өзгереді. Жас клеткаларда ол цитоплазманың негізгі компоненттерінің бірі бола алады (көлемі жағынан). Ересек клеткаларда өте азайып, ірі органеллалардың (ядро, пластидтер, митохондриялар) сыртын жұқа қабыршақ тәрізді қаптап тұрады, ол болмаған жерлерде плазмалемма тонопластпен жанасады.
Гиалоплазманың құрылымдық белокты компоенттерінің біразын молекулалары белгілі бір ретпен орналасқан микротүтікшелер және микрофиламенттер (лат. filomentum – жіпше) қалыптастырады.
Микротүтікшелер мөлдір орталық бөліктен және спиральды тығыз орналасқан белокты қабықшадан тұрады. Бұлар өте майда, диаметрі 25 нм, ұзындығы бірнеше микрометр. Әдетте олар бір-бірімен параллель плазмалеммаға таяу орналасады, бірақ онымен жанаспайды.
Микротүтікшелердің қызметі әлі толық ашылмаған. Олар цитоплазма арқалы заттардың жылжуына клетка қабықшасының плазмалеммадан пайда болған целлюлозалы микрофибриллдердің бағыталуына, митоз кезінде хромосомалардың орын ауысуына және протопластың пішінін сақтауға қатынасады деген жорамалдар бар.
Микротүтікшелер - өте тұрақсыз құрылым. Олар үнемі ыдырап әрі қайта пайда болып отырады. Микрофиламенттердің плазмалық жіпшелердің диаметрі өте кіші (4-10 нм), ортасы түтікше сияқты қуыс емес. Гиалоплазмада олар бір-біріне жақын және паралелль орналасып, түйіршіктер – цитоплазмалық талшықтар немесе тор түзіп плазмалеммаға, пластидтерге, ретикулум элементтеріне, рибосомаларға, микротүтікшелерге бекінеді. Микрофиламенттерде бұлшықет клеткаларының жиырылу белоктарына ұқсас белоктар бар. Сондықтан олар жиырылу арқылы гиалоплазманың қимылын және өздеріне бекінген органеллалардың орын ауыстыруын реттейді.
Рибосомалар. Рибосомаларды 1955 жылы Г. П а л а д е ашқан. Бұл гиалоплазмада үнемі болатын өте майда (20 нм) дән сияқты сфералық гранулалар (лат. granulum – дән). Электрондық микроскоппен қарағанда нүктелер тәрізді болып көрінеді. Рибонуклепротеидтер, яғни РНК мен әртүрлі құрылымды белоктардан тұрады. Рибосомалар эндоплазмалық ретикулум мембранасының сыртқы бетіне жекелеп және топтанып орналасады. Рибосомалар цитоплазмада бос және эндоплазмалық ретикулум мембранасымен ядро қабықшасының сыртқы бетіне бекініп орналасады. Бос рибосомалар гиалоплазмада 1-ден (моносомдар) және 4-40-қа дейін топтасып кездеседі. Полисомалар құрамына енетін жеке рибосомалар бір-бірімен информациялық РНК жіпшелі молекуласы арқылы байланысады. Рибосомалар митохондрияларда, пластидтерде табылған. Клеткадағы белоктар – синтездеу орталығы. Рибосомалардың негізі ядрода құрылып, толық қалыптасуы цитоплазмада жүреді.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет