В. С. Коканова,
АҚББЖМБК ҚДИ әдіскері, психолог
Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі заманда адам баласының бақытты болуы үшін: не керек деп ойлайсыздар?. Кейбір ғалым адамдар былай дейді: Негізгі бес нәрсе тікелей қатысты болуы:
• Ата-ананың жақсы болуы;
• Ұстаз жақсы болуы;
• Мамандықты дұрыс таңдауы;
• Сүйген жармен одақтасуы;
• Өз балаларыңның болуы керек;
Осы факторлар тек отбасында ғана бақытты болуы емес, әрине бүкіл адамзаттың өмірін жақсартуға арналған факторлар. Өмірде адам баласының яғни, жеке адамның өзін-өзі шынайы бақытты, тәуелсіз екенін сезінуіне көмектесетін қандай факторлар қажет деген сұрақтар, әсіресе, мектеп жасындағы балаларда пайда болады. Көбінесе орта, жоғарғы буын оқушыларында туады. Бұл сұраққа былай жауап беруге болады: әр дені сау адам «мен» деген атқа ие болғанда, алдында қандай мақсат қоя және оны орындау керек екенін біледі. Сол алға қойған мақсат арқылы өмір сүру керек екенін біледі. Сіздер баламен жұмыс істейсіздер, балаға кеңес бересіздер. Сондықтан балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін түсіндіру керек. Қандай жолдар, қандай қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Бір балада қиыншылықтар мүлдем болмауы мүмкін, ал екіншісінде аяқ қойған жерде. Сондай жағдайда жеңілмеу керектігін айтып, «ұстаз» деген атақты ұмытпай өмірдің күшті жағын көрсету, айту біздің міндет, парызымыз. Балаларға аңыздар оқып бере отырып, өмірден түңілмеуін, жеңілмеуін айта отырып, талдата отырып, образдық жағдаяттар арқылы өзіне деген сенімін арттыру.
“Екі бақа” туралы аңыз
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. (Аңыз талданады). Балаларға осындай аңыздарды оқып талдатқан соң, мынандай «менін» оятатын әдістемелер немесе тренингтер қолдануға болады.
1) Мен кіммін, қандаймын?! тренингі.
Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.
10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі.
Мен Аселмін.
Мен әдемі, сұлу қызбын.
Мен қазақпын...
Мен ........т.с.с.
2) Менің жан-жақты ерекшеліктерім тренингі.
Мақсаты: Іштегі негативті (комплексы) шығару..
Жағымды-жағымсыз жақтарын жазу.
5-минут беріледі.
10 аса сөз жазуға болады.
Дәптердің қақ ортасынан сызып:
Жағымды ерекшеліктер: -Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б....
Жағымсыз ерекшеліктер: -Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.
3) Менің эмоциям және сезімім тренингі.
Мақсаты: Адамның ішкі сезімі мен көңіл - күйінің көрініс табуы.
Көңіл-күй түрлерін жазасыз. Сол көңіл -күйді мимикамен көрсетесіз.
2-минут беріледі. Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с. Осындай әдістемелер немесе тренинг, профилактика, кеңес, мақал-мәтел немесе аңыз айта отырып, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету.
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн.
Адамның жеке тұлға ретінде өз бетінше зерттенуі - қайда жүрсе де өз орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты т.б. адами мүмкіншілікке қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, өмір сүріп жатқан ортада тұлға ретінде танылып, «АДАМ» деген атқа ие бола білу. Жеке тұлға, атақты болу ғана емес, атақты болу да әр адамның қолынан келе бермейді, әрине ол жақсы. Бірақ біз бен сіздің тілімізде, тұлға ол-адамгершілігі жоғары, сезімдері дамыған, талғамы биік, алдына мақсат қоя білетін, оны орындай алатын, жауапкершілігі мол, бір қоғам мүшесі.
Енді, ата-ана мен бала қарым-қатынасына тоқталайық. Отбасы адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі- ата-ана. Баламен психологиялық - педагогикалық жұмыстар жүргізу үшін біз ата-анамен жұмыс жүргізіуіміз керек. Ата-бабаларымыз айтқандай: «кемеңгерге де кеңес керек»,- дейді. Кейбір ата-аналар кеңес алудан қашады. Дұрыс ата-ана болса, өз баласы үшін, дұрыс тәрбие беру үшін бәріне баратын сияқты.
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы, жаман болса да бала-солардан. - деп, Баласағұн атамыздың сөзінен кейін қалай десек те, денсаулығы дұрыс ата-ана өз баласының алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі. Педагог болғандықтан, өзіңіз істейтін білім мекемесінің тәрбиеге байланысты жұмыстарының барлығы әрине, сіздерге келіп тіркеледі.
Сіздер болашақ ұрпақтың төл тумасын зерттейтін педагогсыздар, қарамағыңыздағы мұғалімдермен, оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы білесіз. Бірақ сырттан келген адаммен қарым-қатынасқа түсу, сізді әрине қиындыққа соқтырады. Өйткені, сіз ол адамды бірінші рет көріп отырсыз. Кім деп ойлайсыз, әрине, ата-ана. Ата-ана сізбен, яғни психологпен сөйлесу үшін, ол бірінші, баласымен сөйлеседі, екінші, сынып жетекшімен сөйлеседі, содан барып, сізбен сөйлеседі бұл бірінші нұсқа. Екінші нұсқа телефон соғып, директорды шағымданып, өз ренішін қыр, телефон арқылы білдіреді.
Сіздерге ата-ана екі жағдаймен келуі мүмкін:
1) Кеңес алу;
2) Негативті көңіл-күй жағдайында;
Құрметті, әріптестер осындай жағдайда да сыпайлылық, мейірімділік қасиеттерін ұяластырып, сабырмен, ақылмен шешуге үйренейік. Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыда моральдық көмек беріп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу бұл біздің міндетіміз, өтеулі парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |