Терінің штрихті тітіркенуі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырларының тарылуы байқалады (теріде ақ жолақтар көрінеді), ал одан кейін парасимпатикалық бөлімнің әсеріне байланысты қан тамырларының кеңейуі жүреді (теріде қызыл жолақтар пайда болады).
8 сынып биология пәні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: Сонымен қатар оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру.
Вегетативтік немесе автономдықжүйке жүйесі грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
«Вегетативті» деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды.Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).
Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.