630 жылы Жетісу өңірінде болған будда монағы осы аймақтың қалалары туралы алғаш рет сипаттап жазды. Ол: «Мөлдір теңізден (Ыстықкөл) солтүстік-батысқа қарай 500 ли жүргеннен кейін Суйе өзені бойындағы қалаға келдік. Бұл қаланың ауқымы 6-7 ли. Онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады. Қаланың тура батысында бірнеше ондаған жеке қалалар орналасқан. Олардың әрқайсысының өз ақсақалы бар. Олар бір-біріне тәуелді болмағанмен, бәрі де тудзююге (қағанға) бағынады».
Мәтінде сипатталған ерте ортағасырлық қала: Тараз
Бозоқ
Испиджаб
Суяб
Баласағұн
Түркілерде сақталып қалған дәстүрлі діни наным-сенім:
ислам
будда
тәңіршілдік
манихейлік
христиандық
Түркілер ауруды емдеп, балаларды түрлі сырқаттардан қорғайды деп сенді :
Ұмай анаға
Қорқыт атаға
Көк Тәңірге
Аруақтарға
Жер-суға
Бейнелеу өнері мен музыканы дамытуда үлкен рөл атқарған ІІІ ғасырдың соңында ежелгі Иран жерінде негізі қаланған дін:
ислам
будда
тәңіршілдік
манихей
христиан
Кислография сөзінің мағынасы:
Ғимараттарды немесе бұйымдарды әшекейлеу жүйесі
Қағаздағы мәтін мен суреттер таңбаларын алуға негізделген кітап басу түрі
Халықтың салт-дәстүрінің ерекшеліктерін зерттейтін ғылым
ортағасырлық қаланың қоғамдық сауда және мекемелер орналасқан бөлігі