Викторина «Первой президент Казахстана»



бет1/2
Дата09.12.2016
өлшемі2,6 Mb.
#3515
түріВикторина
  1   2


Содержание:

1. Қазақстанның тұңғыш Президенті (Тарихи портреттік кеш)

2. Қазақстандық ұлт көшбасшысы (Шолу)

3. «Саясаттың сара саңлағы» (7-9 сыныптар аралығында портрет-кеші)

4. Еңсесі биік елім бар. ( Викторина)

5.«Первой президент Казахстана» ( Книжная выставка)

6. Краткая биографическая справка.



7. Биография Лидера – история страны (Литературный портрет, посвященный Дню Первого Президента Казахстана )

8.«Личность века: Н.А.Назарбаев – лидер, человек, политик» ( Час исторического портрета)



Қазақстанның тұңғыш Президенті

Тарихи портреттік кеш

1-жүр.: Қолы от көсеген, еңбекпен көсегесі көгерген, Абылай бабасының арманын арқалап, Тәуелсіздіктің көк жебесі болып Нұрсұлтан Назарбаев тарих сахнасына шықты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Іле Алатауының бөктеріне жақын орналасқан Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.

Ер баланың дүниеге келуі ата-ананың өмірін қуанышқа толтырып, аштық пен ұжымдастыру қасіреті, 1930 жылдардың соңындағы жаппай саяси қуғын-сүргін зобалаңы артта қалғандай болды.

2-жүр.: Этот человек незаметно вышел на авансцену большой политики. Не на волне шумного политического скандала, не под рёв митингующих «революционных масс». Тихо и почти незаметно Нурсултан Назарбаев стал одной из ведущих политических фигур той самой «шестой части суши», которая раньше называлась СССР.

Нурсултан Абишевич Назарбаев родился 6 июля 1940 г. в ауле Шамалган, близ живописных предгорий Заилийского Алатау в семье Абиша и Альжана Назарбаевых.

Рождение сына стало радостным событием для родителей и казалось, что в прошлом остались голод и трагедия коллективизации, массовые политические репрессии конца 1930-х гг.

1-жүр.: Соғыс қарсаңында туылған ұрпақ тағы да тағдыр тауқыметін арқалады: сұрапыл соғыс қиыншылығын көріп, халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне жұмылды.

2-жүр.: Но и поколение людей, родившихся в предвоенные годы, ожидала нелегкая судьба: военное лихолетье и восстановление разрушенного народного хозяйства.

1-жүр.: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың мектепте оқыған жылдары елдегі білім жүйесіндегі күрделі өзгерістер мен сәйкес келді. 1949-1950 жылдары Қазақстанда жалпы міндетті білім беретін жеті жылдық оқу жүйесі енгізілді; Алматыда, облыс қалаларында және ірі өнеркәсіп орталықтарында жалпыға ортақ білім беретін онжылдық білім беру жүйесіне өту жүзеге асырылды. 1956-1957 жылдары мектептерге еңбек сабағы енгізіліп, ауылдық мектептерде машина тану және электртехника саласын оқу шеберханаларында тәжірибелік сабақтар өтті.

2-жүр.: Школьные годы Нурсултана Назарбаева прошли в период реформ в системе образования: в 1940/1950 годы в Казахстане ввели всеобщее обязательные семилетнее обучение; в г. Алматы, областных городах и крупных промышленных центрах осуществлялся переход на всеобщее десятилетнее образование. В 1950-1957 гг. в школах ввели уроки труда, практические занятия в учебных мастерских, практикумы по сельскому хозяйству в сельских школах; по машиноведению и электротехнике в городах.

1-жүр.: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас кезінен қоғамдық өмірге белсене араласты. Ол жоғары сыныптарда жергілікті жас натуралистер үйірмесінің мүшесі болды. Бұл қозғалыс оқушылардың қоғамдық белсенділігінің үлесі еді.

2-жүр.: С юных лет Нурсултан Назарбаев активно участвовал в общественной жизни. Старшеклассник Н.Назарбаев был членом местного юнатского (юные натуралисты) кружка. Движение юнатов было формой общественной активности школьников.

1-жүр.: Н.Назарбаевтың оқу үлгерім табеліндегі үздік бағалар – балалық шақтан басталған білімге деген құштарлықтың куәсі. «Әрдайым үздіктер қатарында болу» деген өмірлік ұстанымы оның жасөспірім шағынан қалыптасты.

2-жүр.: Отличные оценки в табелях успеваемости Н.Назарбаева свидетельствуют о проявленном с детских лет стремлении к знаниям. «Быть правофланговым, среди лучших» - это жизненное кредо стало формироваться уже с детства.

1-жүр.: Мектепті үздік және жақсы бағалармен тәмәмдаған жас Н.Назарбаев маңдай тері тамшылап еңбектенетін металлург мамандығын таңдады. Қолға алған ісіне тиянақты, әділ де ашық-жарқын мінезге ие, жалынды жас айналасындағы адамдарды өзіне бірден тартатын. Туа біткен ерекше мінез оның өмір жолында үнемі байқалды және Днепродзержинск №8 техникалық училищесінде бірге оқыған украиындық жолдастарының жадында жарқын бейнесі жатталып қалды.

2-жүр.: Имея отличные и хорошие оценки в аттестате о среднем образовании, юный Нурсултан Назарбаев выбрал нелегкую земную профессию металлурга. Основательность в подходе к выбранному делу, открытость души, честность и энергия юности привлекали к нему людей. Эти черты характера в последующем неоднократно проявлялись в жизни и запомнились его украинским однокашникам по Днепродзержинску техническому училищу №8.

1-жүр.: Днепродзержинск №8 техникалық училищесін Тәмәмдаған Н.Назарбаев сегізінші разрядты металлург деңгейін алып шықты. 1958 жылдың қарашасынан білім алып жатқан училище тәрбиеленушілерінің мінез-құлқын тәлімгерлер жақсы танып-білген еді. Түлектердің қоштасу кешінде қарт шебердің бірі өзі ұнататын қазақстандық жастарға жақын келіп, олардың болашағы туралы әзілдей: «Сен, - деді біріне, - цех бастығына дейін көтерілесің, Сен, директор боласың, ал сен, - деді шебер жас та сымбатты Нұрсұлтанның парасатты жүзіне сүйсіне қарап,-үкімет басқарасың». Әрине, бұл сөздер әзілмен айтылған тілек ретінде қабылданған еді.

2-жүр.: Днепродзержинское техническое училище №8 Н.Назарбаев закончил, имея восьмой разряд металлурга. Наставники имели достаточно времени, чтобы узнать характеры своих воспитанников. В училище на выпускном вечере один из старых мастеров, прощаясь с полюбившимися ему ребятами из Казахстана, стал, шутя предсказывать каждому из них будущее: «Ты,- сказал он одному, - до начальника цеха дорастешь, ты, пожалуй, до директора, а вот ты, - и мастер ласково взглянул на умное лицо симпатичного паренька, - во главе правительства станешь». Конечно, эти слова были восприняты как шутливое напутствие.

1-жүр.: Қазақстан 1960 - шы жылдары одақтағы аграрлық республикадан өндірістік-аграрлық республикаға айналды, дайын мамандардың тапшылығы сезілді. Сол уақытта Днепродзержинск училещесінің жас түлегі Қазақстан Магниткасына оралды. Алғашында жаңа Магнитканың құрылысына қатысты. 1960-шы жылдың мамырынан Н.Назарбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллқұрылыс» тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасына жұмысшы болып қабылданады.

2-жүр.: Казахстан становился индустриально-аграрной республикой, остро ощущался дефицит в специалистах. Именно в этот период молодой выпускник училища вернулся работать на Казахстанскую Магнитку. В начале трудовой деятельности участвовал в строительстве новой Магнитки. С мая 1960 г. был принят рабочим строительного управления «Доменстрой» треста «Казметаллургстрой» г. Темиртау.

1-жүр.: Оның бойынан білімге деген құштарлық, үздіксіз ізденіс, ісіне деген адалдық, тиянақтылық айқын байқалатын. Қазақстанның болашақ Президенті «Қара металлдар металлургиясы» мамандығы бойынша білім алудың қажетті сатылары – Қарағанды политехникалық институтын, кейіннен Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын тәмәмдап, 1967 жылы инженер біліктілігін алды.

2-жүр.: Верность делу проявлялась в постоянном стремлении достичь высот мастерства в профессии. Будущий президент Казахстана получил квалификацию инженера в 1967 г., окончив Карагандинский политтехнический институт, затем высшее техническое учебное заведение при Карагандинском металлургическим комбинате, которые были необходимыми ступенями в приобретении знаний по специальности «Металлургия черных металов».

1-жүр.: Жас жігіттің бойындағы табандылық, ашық жарқын, жайдары мінез жетістіктерге жетеледі. Өндірісте шынығу, оған қоса жинақталған теориялық білім ортақ игілікке қызмет етті.

2-жүр.: Целеустремленность, сохранившаяся на всю жизнь открытость в общении – те черты характера, которые позволили молодому человеку полноценно использовать время. Производственная закалка наряду с приобретенными теоретическими знаниями была применена на пользу общего дела.

1-жүр.: 20 жастағы өз заманының мыңдаған жастары секілді жарқын болашаққа сеніп, бақытқа жетуге ұмтылды. 1961 жылдың өзінде жас металлург Н.Назарбаевтың жауапкершілікті басқаның иығына артпайтындығы байқалды. Ол 1962 жылы елдегі жалғыз саяси партия – Кенес Одағының Коммунистік партиясы мүшелігіне қабылданды.

2-жүр.: 20 летний металлург был одним из многих молодых людей своего времени, веривших в светлые идеалы и стремившихся к счастью. Еще в далеком 1961 году было заметно, что молодой металлург Н.Назарбаев из тех, кто не перекладывает ответственность на чужие плечи. В 1962 г. Его приняли в Коммунистическую партию Советского Союза – единственную политическую партию в стране.

1-жүр.: Жас Нұрсұлтанмен қызметтес болған тұлғалар талапты жастың адами қасиеттерін, іскерлігін жоғары бағалады. Сөйтіп, Теміртау жастары оны Қазақстан комсомолының Х съезіне (1962 ж.) және БЛКЖО-ның XVI съезіне (1970 ж.) өздері сенген өкіл ретінде сайлады.

2-жүр.: Окружающие люди должным образом оценивали его деловые и человеческие качества. Первым знаком доверия ему со стороны молодежи Темиртау было избрание своим представителем на Х съезд комсомола Казахстана (1962 г.), впоследствии и на XVI съезд ВЛКСМ (1970 г.).

1-жүр.: Финляндия астанасы Хельсинки қаласында өткен жастар мен студенттердің ІІІ дүниежүзілік фестиваліне қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев ХХ ғасырдың аңызға айналған адамы – Ю.Гагаринмен жүздесіп, естелік суретке түсті. Әлемнің тұңғыш ғарышкерінің қарапайымдылығы мен ашық жарқын мінезі қазақстандық жасты таң қалдырады. «Комсомольскя правда» газетінде Ю.Гагаринмен бірге түскен фотосурет жарияланады, содан бір күн бұрын Н.Ә.Назарбаевқа ғарышта болып келген комсомолдық белгі табыс етілді.

2-жүр.: Участвуя в ХХ Всемирном фестивале молодежи и студентов, проходившем в столице Финляндии г. Хельсинки, Н.Назарбаев встретился с живой легендой века – Ю.Гагариным и даже сфотографировался с ним на память. Простота и обаяние первого в мире космонавта очаровали молодого казахстанца. За день до публикации в газете «Комсомольскя правда» фотоснимка с Ю.Гагариным, молодому Н.А.Назарбаеву был вручен комсомольский значок, который побывал в космосе с экспедицией.

1-жүр.: Өз мамандығын жете меңгеру, қоғамдық белсенділік, адами қасиет жас металлургтің саяси өмірдегі алғашқы белесті алуына – Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркісіп-көлік бөлімі меңгерушісі, одан кейін қалалық комсомол комитетінде бірінші хатшы қызметін атқаруына жол ашты. Қазақстан Магниткасы Кеңестік Қазақстан өндірісінің көшбасшысына айналды.

2-жүр.: Профессионализм, общественная активность, личностные человеческие качества привели к выдвижению молодого металлурга на первые в его карьере политические посты - заведующего промышленно-транспортным отделом Темиртауского горкома партии, затем первого секретаря горкома комсомола.

1-жүр.: Партиялық жұмысқа ауысқаннан кейін де Н.Ә.Назарбаевты жастардың өмірі мен көзқарасы қызықтырды.Оның еңбек жолы мен белсенді қоғамдық қызметі жастық шағында басталды. Бұл қоғамдық-саяси тәжрибе ондаған жылдан кейін де Президент пен «Нұр Отан» партиясының жастар саясатында жалғасын тапты.

2-жүр.: Жизнь и интересы молодежи интересовали Н.Назарбаева и после перехода на партийную работу. Так начиналась его трудовая биография, формировалась активная общественная позиция в годы молодости. Этот общественно-политический опыт нашел воплощение через десятилетия в проводимой Президентом и партией «Нұр Отан» молодежной политики.

1-жүр.: 1979 жылы желтоқсан айында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өнеркәсіп саласы жөніндегі хатшысы болып сайланып, ел басқару аппаратындағы одақтас республикалар басшылары ішінде ең жасы болды. 1984 жылы наурыз айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

2-жүр.: В декабре 1979 г. Н.А.Назарбаев избирается секретарем Центрального Комитета Компартии Казахстана по промышленности, являясь по возрасту самым молодым в руководстве союзной республики. В марте 1984 г. он назначается Председателем Совета Министров Казахской ССР.

1-жүр.: Сол кезеңде саяси көшбасшы жаңа қырынан қалыптаса бастады: қайраткер көпшіліктің кең аудиториясымен пікір алмасып, ой бөлісті. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан эконмикасы жетістіктері мен мәселелері туралы еңбектер жазды. Оның «Важнейшее условие интенсификации» (1983), «Стальной профиль Казахстана» (1985), «Экономика Казахстана: реальность и перспективы становления» (1988) атты еңбектері жарыққа шықты.

2-жүр.: Именно в этот период проявляется новая черта политического деятеля:стремления поделиться своими мыслями с широкой общественной аудиторией. В качестве автора книг Н.А.Назарбаев высказывается по достижениям и проблемам отраслей экономики Казахстана. В 1983 г.выходит его первая большая работа «Важнейшее условие интенсификации», в 1985 г. - «Стальной профиль Казахстана», в 1988 г. - Экономика Казахстана: реальность и перспективы становления».

1-жүр.: Н.Ә.Назарбаевтың 1989 жылдың мамыр айында КСРО халық депутаттарының Ш съезінде сөйлеген сөзі Кеңес Одағы көлеміндегі есейген саяси қайраткер ретінде назар аудартты. 1989 жылдың маусым айында оның Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы қызметіне сайлады. 1990 жылдың 24-ші сәуіріндегі Қазақ КСРЖоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымында Н.Ә.Назарбаев Казақ КСР Президенті болып сайланды.

2-жүр.: Речь Н.А.Назарбаева на первом Съезде народных депутатов СССР в мае 1989 г. привлекла внимание к нему, как к зрелому политическому деятелю в масштабе всего Советского Союза. В июне 1989 г. его избирают Первым секретарем ЦК Компартии Казахстана. 24 апреля 1990 г. на первой сессии Верховного Совета Казахской ССР 12-го созыва Н.А.Назарбаев избирается Президентом Казахской ССР.

1-жүр.: Н.Ә.Назарбаев 1989-1991 жылдары одақтас республикалар көшбасшыларының ішінде ықпалды, беделді болғандықтан , оның кандидатурасы КСРО вице-президенті мен одақтың үкімет басшысы қызметіне ұсынылды.

2-жүр.: В период 1989-1991гг. Н.А.Назарбаев был самым авторитетным из лидеров союзных республик, влиявшим на общесоюзную политику. Кандидатура Н.А.Назарбаева предлагалась в качестве вице-президента СССР и главы союзного правительства.

1-жүр.: 1991 жылдың 16 қазанындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес 1 желтоқсанда Қазақ КСР Президентіне сайлау өтті. Сайлаушылар тізіміне тіркелген 8 788 726 азамат сайлауға қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78% дауысын жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республика Президенті болып сайланды.

2-жүр.: 1 декабря 1991 года в соответствии с постановлением Верхвного Совета Казахской ССР от 16 октября того же года состоялись выборы Президента Казахской ССР. В голосовании приняли участие 8 788 726 граждан, включенных в списки избирателей. В результате выборов Президентом республики был избран Нурсултан Абишевич Назарбаев, за которого проголосовало 98,78% т общего числа принявщих участие в голосовании.

1-жүр.: Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа мерзім ішінде өтпелі кезеңнің ауыртпалығын артқа тастап, тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыра алды. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Азаматтар экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. Ұлттық валюта – теңге тұрақты қаржы бірлігі болды.

2-жүр.: За короткий период Казахстану под руководством Н.А.Назарбаева удалось преодолеть трудности переходного периода и создать эффективную рыночную экономику. Исчез дефицит товаров, повысилось качество продукции. Казахстан достойно преодолел финансовый кризис.

1-жүр.: Н.Ә.Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. Қазақ елінің дәл жүрегінен, Еуразия кіндігінен қазақстандықтардың мақтанышы әрі кейінгі ұрпаққа тарихи мұра болар Астана бой көтерді. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы мен оның Астанасын бүкіл әлемге паш етті.

2-жүр.: Н.А.Назарбаев стал создателем Вооруженных Сил страны. Несомненной заслугой Президента является перенос и строительство новой столицы – Астаны.

1-жүр.: Президенттің елдік сананы жаңғыртып, орнықтыруы, тәуелсіздікті баянды етуі қазақстандықтарға еркіндік бақытын сезіндірді. Салмақпен жүргізілген ұлттық саясат адамдар көңіліне сенім ұялатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге бағыттады. Қазақстан БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымдардың мүшесіне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланды. Қазақ елі бүгін әлемдік қауымдастықтың лайықты мүшесі ретінде дамуда.

2-жүр.: Взвешенная национальная политика вселила в людей уверенность в своем будущем. Возрождаются древние обычаи и традиции. Казахстан стал полноправным членом таких авторитетных организаций как ООН, ЮНЕСКО, ОБСЕ и других. Фундамент независимого государства заложен, но процесс дальнейшего строительства Казахстана как достойного члена мирового собщества продолжается.

1-жүр.: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті туралы әңгімемізді аяқтай келе оның сенімді, мықты тылы – жанұясы туралы айтуды жөн көрдік. Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева, мамандығы – инженер, «Бөбек» балалар қорының президенті. Қыздары: Дариға, Динара, Әлия және немерелері. Тату-тәтті жанұя, біріне жұбай, біріне әке, біріне ата Елбасы, бірер сағат уақыт тауып, ең жақын жандармен дастархан басына шәйға отырған кезі қуанышты да бақытты сәттер.

2-жүр.: Заканчивая рассказ о первом президенте независимого Казахстана, невозможно не упомянуть о его семье, которая оказывает ему всемерную поддержку. Жена Назарбаева Сара Алпысовна – по специальности инженер, президент фонда «Бөбек». У них три дочери – Дарига , Динара, Алия и внуки.

1-жүр.: Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі – өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады. Бізде бар деректерге қарағанда тек өз еліміз – Қазақстанда ғана Нұрсұлтан атанған он мыңнан астам жасөспірім жеткіншек желпілдеп өсіп келеді.

2-жүр.: Кроме собственных внуков, у президента Казахстана не меньше десятка тысяч «крестников» по всей республике. Ни одна поездка не обходится без национального обряда наречения имени, который по-казахски называется «Бата» - напутствие.

Президенту Казахстана – 72. Он полон сил и замыслов – содействовать обновлению и возрождению Казахстана, превращению его в одно из самых процветающих и высокоразвитых государств мира.

1-жүр.: Қазақстан Президенті қазір – 72 жаста. Оның әлі де Қазақстанның жаңарып, қалыптасуына әлемнің өскелең және жоғарыдамушы мемлекеттері қатарына қосылуына ықпал етуде күш-жігері жеткілікті.

Тұңғыш Президент туралы әңгімемізді сөз патшасы – өлеңмен тәмамдамақпыз:

Бақытқа бастап халқыңды,

Сыпайы сақтап салтыңды,

Қазақтың ұлы Нұрсұлтан,

Жаһанға жайдың даңқыңды.



Қазақстандық ұлт көшбасшысы

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.»

Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы мен қарқынды дамуына бар күш-жігерін жұмсап, саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер.

Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі кезеңінде Президент еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол – қазақстандық жолды қалыптастырды.

Елбасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің бай тәжірибесін таразылай отырып, тәуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһандық өркениет көшіне қосылудың бірден-бір дұрыс жолын нұсқап және жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алып, оны жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында егжей-тегжейлі баяндап келеді. Сонымен бірге Президент тәуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу міндетін де ұлт зиялыларының алдына талап етіп қойды.



Заманның көшін бастап, есесі кеткен қазақты өркениет жолына салған Н.Назарбаевтың ғасырға бергісіз жиырма жылда атқарған жұмыстары әлемнің саяси лидерлері тарапынан мойындалды. Оған төменде көрсетілген кітаптар куә болады деген сенеміз.

  1. Әлемдік тұлға. - Астана: Деловой Мир Астана, 2010.- 228 бет. Бұл кітапта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік бейбітшілікке бағытталған жаһандық сипаттағы қызметтері жан-жақты сарапталатын жинақта Еуразияның кеңестігіндегі 9 мемлекеттің зиялы қауым өкілдерінің мақалалары топтастырылған.

2. Қазақстандағы Президенттік билік: жемісті 20 жыл. – Астана: Деловой Мир Астана, 2010.- 214 бет. Басылым Қазақстан Республикасы Президенттік институтының құрылғанына 20 жыл толуына арналған.

Кітапта ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі, реформалары және бастамаларына берген бағасы, Ресейдің жетекші саясаткерлерінің, ғалымдардың салыстырмалы сараптамасы келтірілген.



Кітап ғылыми, педагогикалық қауымға және студенттер аудиториясына, сондай – ақ, Қазақстанның қазіргі заман тарихына қызығатындарға арналған.

3. Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы: хроника, оқиғалар, айғақтар./ Құраст.: Г.Тәнірбергенова, Қ,Қалилаханова, т.б. -1том.- Астана: «Күлтегін» баспасы, 2010.-328 бет. Кітаптың бірінші томы еліміздің тағдыры үшін және Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жеке басы үшін орасан зор маңызы болған тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының құрылуы мен орнығу тарихының алғашқы жылдарындағы мемлекеттік мүдде, ұлттық қауіпсіздік, аймақтық және әлемдік саясаттың шынайы келбеті мен бағыт-бағдары сияқты өзекті мәселелерге арналған.

Басылым саясаттанушыларға, тарихшыларға, қалың оқырманға ұсынылады.



4. Тұлға туралы толғамдар. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-440 бет. Бұл жинаққа ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы еліміздің басты орталық басылымдарында ьжарық көрген таңдаулы мақалалар мен сұхбаттар енгізілген. Оқырман бұл мақалалардан Елбасымыздың сарабдал саясаткер, ұлт көшбасшысы ретіндегі қайраткерлік қарымы мен азаматтық келбеті, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктері жөніндемол мағлұмат ала алады

5. ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры. – Астана: Деловой Мир Астана, 2010.- 336 бет. ҚР Президентінің бірегей фотосуреттері топтастырылған бұл кітапта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқырмандарына тек Мемлекет басшысы ғана емес, сонымен қатар, өз елінің шынайы патриоты, халқының кемел көшбасшысы ретінде ой толғайды. Жинақта Елбасы Н.Назарбаевтың Отан, Қазақстан халқы, ұлт мәдениетінің ерекшеліктері жайындағы кестелі сөздері, орамды ой-тұжырымдары берілген.

6. Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Ретроспек-тік библ-ық көрсеткіш: 2 томдық / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010.- Т.1.- 736 бет. Ұсынылып отырған ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен мемлекеттік қызметі туралы әдебиеттердің библиографиясын қамтиды. Көрсеткішке Елбасының еңбектері мен сөйлеген сөздері, тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы стратегиясы мен тактикасы жөніндегі ғылыми еңбектердің, монографиялық зерттеулер мен конференция материалдарының және басқа жарияланымдардың библиографиясы енгізілген.

Басылым саясаттанушыларға, тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.



Сондай – ақ орыс тіліді оқырмандар үшін осы тақырыпқа мына әдебиеттер келіп түсті:

7. Лидер глобального антиядерного движения. Лидер нации.- Астана: Деловой Мир Астана, 2010. – 192 с. Данная книга посвящена деятельности Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева, который за 20 лет создал сильное, процветающее государство и внес неоценимый вклад в прцес глобального ядерного разоружения. Своим мнением относительно заслуг казахстанского Лидера делятся видные российские ученые, политики и общественные деятели.



Издание расчитано на широкую читательскую аудиторию.

8. Сааданбеков Ж. Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства: научно-популярное издание. – Астана: Күлтегін, 2010 – 608 с. Книга известного кыргызского политика, ученого и дипломата Жумагула Сааданбекова не только интересна, но и во многих отношениях уникальна. Книга уникальна тем, что автор не замыкается на жизнеописании Первого президента Казахстана, а через его интеллектуально-мировоззренческую эволюцию раскрывает ценный исторический опыт социальной, политической и экономической модернизации Казахстан.

9. Касымбеков М.Б. Первый: очерки о Президенте Республики Казахстан. – Астана: Фолиант, 2011. - 304с. Написанная в жанре историко-публицистического повествования и построенная в форме серии очерков, книга рассказывает о жизни и деятельности Первого Президента Республики Казахстана Н.А.Назарбаева.

Автор книги – на основе значительного фактологического материала, уникальных архивных документов, а также личных наблюдений раскрывает различные стороны личности Главы государства как национального лидера, гражданина, человека.



Книга адресована широкому кругу читателей.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет