Анемия – қан құрамындағы эритроциттер мен гемоглобиннің абсолютті азаю салдарынан пайда болған патологиялық жағдай.
Анемия деп қанда гемоглобин мен эритроциттердің мөлшерінің азаюын айтады. Бұл аурудың негізгі көрсеткіштері ер адамдарда гемоглобиннің 130 г/л, әйелдерде 120 г/л, жүкті әйелдерде 110 г/л төмен болуы. Анемиялар өз бетімен жеке ауру немесе басқа аурулардың себебінен немесе асқынуынан пайда болады. Қалыпты жағдайда ер адамдарда гемоглобиннің мөлшері 140-160 г/л, әйелдерде 120-140г/л болады.
Анемия (гр. αναιμία, қан аздығы) ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра түседі.
Әйелдердегі анемия дертін қоздыруға етеккір келген кезде немесе дұрыс тамақтанбай ағзасы әлсіреген әйелден босанған кезде тоқтамай аққан қанның да тигізер салдары бар. Әсіресе анемияның ауыр түрімен құрсағындағы баласына керекті қосымша қан мөлшерін қамтамасыз етуге тиісті жүкті әйелдер ауыруы мүмкін.
Балаларда анемия олардың ішетін тамағында темір құрамдас заттардың жетіспеушілігінен де және оларды 6 айлығынан кейін қосымша тамақтандырмағандықтан да болады. Көбіне жас балалардағы анемия себептерін олардың нематодты (паразит) құрттарды жұқтыруы созылмалы іш өту және іш сүзегімен ауыруы туындатады.