Классификациясы: темір тапшылықты анемия



бет1/7
Дата08.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#195444
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Анемиялық синдром


Анемиялық синдром – қан көлемі бірлігіндегі гемоглобин деңгейі мен/немесе эритроциттер санының төмендеуі, тіндердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі және бейспецификалық симптомдардың пайда болуынан туындайтын патологиялық жағдай.
Классификациясы:



ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ– анемия (гемоглобин деңгейінің ерлерде 130 г/л және әйелдерде 120 г/л көрсеткіштен кем төмендеуі) және темір тапшылығымен (TSat[1]<16% және ферритин концентрациясының 30 мкг/л немесе нг/мл кем төмендеуі) сипатталатын клиникалық-гематологиялық синдром.
Этиологиясы.

  • Темірді мөлшерден артық тұтыну

  • Темірдің жеткіліксіз алиментарлы түсуі

  • Темір абсорбциясының бұзылушылығы

  • Созылмалы қаткетулер

  • Дәрілік препараттармен байланысты

  • Тұқым қуалаушылық

  • Эритропоэз бұзылуы

Классификациясы:
Ауырлық дәрежесі бойынша ТТА:

  • Жеңіл (Hb құрамы 90-120 г/л төмен)

  • Орта (Hb құрамы 70-89 г/л төмен)

  • Ауыр (Hb құрамы 70 г/л төмен)



Шағымдар мен физикальдік қарап-зерттеу:


Жалпы анемиялық синдромәлсіздік, жоғарғы деңгейлі шаршағыштық, бас айналуы, бас ауыруы (көбінесе кешкі уақытта), физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, жүрек қағу сезімі, синкопальды жағдайлар, артериялық қысымның жоғарғы емес деңгейі кезіндегі көз алдында «қарауытулардың» болуы, жиі түрде температураның орташа жоғарылауы байқалады, көбінесе күндіз ұйқышылдық және түнде нашар ұйықтау, ашушаңдық, күйгелектік, қызбалық, даулылық, жылауықтық, жады мен зейіннің төмендеуі, аппетиттің нашарлауы. Шағымдардың көрінуі анемияға бейімделуге байланысты болады. Ең жақсы адаптация ретінде анемизацияның баяу қарқыны болып табылады.

Сидеропеникалық синдром көптеген симптомдармен көрінеді:
• дәм бұрмалануы (pica chlorotica) – тағамға кез келген бір өзгеше және аз қолданылатын заттарды (бор, көмір, кесек, топырақ, құм, мұз, сіріңке ұшы), сонымен бірге піспеген қамыр, ет, тұз, ашы татым, құрғақ шайды қолдануға құштарлық. Ол балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі, бірақ әйелдерде де анықталуы мүмкін;
• иіс сезудің бұрмалануы – адамдардың көбісі ұнатпайтын, жағымсыз иістерге (бензин, керосин, ацетон, лак, бояу, нафталин) құштарлық;
• миоглобин мен тіндік тыныс алуға қатысатын ферменттердің тапшылығына байланысты айқын бұлшықеттің әлсіздігі мен шаршағыштығы, атрофиясы мен бұлшықет күшінің төмендеуі;
• тері мен оның қосалқыларының дистрофиялық өзгерістері (терінің құрғақтығы, түлеуі, жарылулары; шаштың жігерсіздігі, көмескісі, сынғыштығы, түскіштігі, ерте ағаруы; тырнақтың жұқарып, сынғыш, көлденең жолақ пайда болып, жігерсіздігі, көмескісі; койлонихий – қасық тәрізді ойысты, шұңқыр тырнақ);
• ангулярлы стоматит – ауыз бұрыштарының жарылуы, «тілінуі» (10-15% жағдайда кездеседі);
• глоссит – тілдің кернеп, ауырсыну сезімі, тіл ұшының қызаруы, ал кейін емізікшелердің атрофиясы («лактанған» тіл); пародонтоз бен кариеске бейімділік жиі байқалады;
• асқазан-ішек жолдары сілемей қабатының атрофиялық өзгерістері – ол өңештің сілемей қабатының құрғақтығы және жұтудың қиындауы, кейде тағамды, әсіресе құрғақ тамақты жұтқан кезде ауырсыну (сидеропениялық дисфагия немесе Пламмер-Винсон симптомы); атрофиялық гастрит пен энтериттің дамуы;
• «көк склера» симптомы (1908 ж Ослер суреттеген) склераның көкшіл түсті не айқын көгілдір болуы. Ол ТТА кезінде пролин мен лизиннің гидроксимерленуі бұзылып, склерадағы коллаген синтезінің өзгеруін шақырып, оның жұқаруына және көздің тамырлық қабатының көрінуіне алып келуі. Оны Лобштейн ауруымен - жетілмеген остеогенезбен (патологиялық сыну, құлақ естімеу және «көк склера» үштігі) ажырату қажет;
• қуық сфинктерінің әлсіздігі – несеп шығаруға жиі-жиі шақырулар, күлгенде, жөтелгенде, түшкіргенде несепті ұстай алмау, түнде төсекке зәр жіберу;
• «сидеропениялық субфебрилитет» - ұзаққа созылған дене қызуының субфебрильді жоғарлауы;
• иммундық жүйенің әлсіздігіне байланысты жедел респираторлы-вирусты және инфекциялық қабыну үрдістеріне айқын бейімділігі;
• тері, сілемей қабаттардың репаративтік үрдістерінің төмендеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет