Мәдениет (араб. “маданият”) – қала, қалалық; лат. Cultural – өңдеу, өсіру) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі; 4) агромәдениет. Мәдениеттің мақсаты – адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту.
Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған.