Зерттеу жұмысының жүйесі және оның құрылымы Жоспары



бет1/2
Дата02.05.2023
өлшемі21,62 Kb.
#175909
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
зерттеу жұмысы
онлайн жоспар

    1. Зерттеу жұмысының жүйесі және оның құрылымы

Жоспары:

  1. Студенттердің педагогикалық зерттеуінің жалпы жүйесі және құрылымы.

  2. Студенттің ғылыми зерттеу жұмысының дайындық кезеңі: рефераттар жазу, белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жүргізу.

  3. Студенттің зерттеу жұмысының ғылыми аппараты.

1. Студенттің зерттеу жұмысыныың мазмұны мұғалімнің болашақ қызметімен байланысты болып, білімдік – тәрбиелік міндеттерді шығармашылықпен шешуге бағытталады. Зерттеу әдістерінің ішінде педагогикалық машыққа бөлінетін сағат санының көбеюіне байланысты жетекші орын зерттелетін педагогикалық процестің бастапқа жағдайын, аралық және ақырғы нәтижелерін дәл белгілейтін эксперимент әдісі жетекші орын алу керек. Мүмкіндігінше студенттерді зерттеу материалдарын өңдеуге үйренуге, басқа ғылымдардың жеке тұлғаның дамуы туралы білімдерін толығырақ қолдануға мүмкіндік жасаған тиімді. Педагогикалық оқу орындарындағы мамандардың қалыптасуында үш кезең бар:
2.Болашақ мұғалімнің кәсіби қызметінің компоненттерінің орнығу кезеңі: педагогка, психология және басқа пәндерді оқып үйрену барысында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың тұтас үрдісінің ғылыми негіздері туралы білім алып, мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруға үйрене бастайды.
Іс - әрекет компоненттерін меңгерудің одан арғы кезеңдері: бұл кезеңде студент педагогикалық іс - әрекетті толықтай меңгере бастайды. Бірінші кезеңде алынған білімдерін практикада қолдану арқылы тереңдетеді.
Болашақ мұғалімнің іс - әрекетін жетілдіру кезеңі Соңғы курстарда студент пән мұғалімі, сынып жетекшісі қызметін атқарып, өзінің шығармашылығын дамыта бастайды. Әрбір кезеңде студент ғылыми білімдермен қаруланып, белгілі бір жүйемен зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Студенттің ғылыми зерттеу жұмысының дайындық кезеңі. Мектептегі жұмысқа дайындықтың бірінші кезеңінде студент педагогиканың ұғымдарын меңгермегендіктен олардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, оны өз беттерімен ұғынуы үшін «Менің сүйікті мұғалімім», «Мектепке не үшін шексіз ризамын», «Мектептен есімде қалған қызықты сәттерім» деген тақырыптарда рефераттар беріледі. Рефератта өзінің, басқа адамның рухани өмірін түсінуге, қолданылған педагогикалық құралдардың пәрменділігіне әсер еткен жағдайларды, ұжым мен бейресми топтардың өмірі мен қызметінің мазмұны мен жеке тұлғаның дамуы арасындағы өзара байланысты ашуға, тәрбиеленушілердің жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал жасайтын мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін анықтауға ұмтылу керек. Осындай рефераттарды жазу – студенттердің ғылыми зерттеуіндегі алғашқы саты болып табылады. Аталған кезеңдегі екінші күрделі міндет - студенттің әдеби дерек көздерінен, қоғамдық – педагогикалық практикадан фактілер қолданып, шығармалар жазуы. Мысалы, студент «Оқушылардың жауапкершілігін тәрбиелеу» деген тақырыпты ашу үшін ұлы адамдардың өмірі мен қызметітуралы жазылған көркем және ғылыми әдебиеттерді қолданады.
Фактілермен жұмыс тақырыпқа, тәрбие проблемаларына қызығушылықты оятып, тәрбиешінің болашақ практикалық қызметіне қажетті материалдарға бағыттайды, өзін - өзі тәрбиелеу қызметіне қозғау салады, тақырыпқа, зерттеу міндеттеріне сәйкесті фактілерді іріктеуге үйретеді. Осындай зерттеу жұмыстарын орындаған студент мектепке баруға әзір болып, ұқсас фактілерді табуға дайын болады. Жоғарыда аталған тапсырмаларды орындау студенттерді ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесін қабылдауға дайындайды.
3. Студенттің зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттері. Тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу қисынында екі басты міндетті орындауға тура келеді: а) зерттелетін тәрбиелік үрдіс мақсатын қою негіздерін анықтау; ә) қойылған мақсатты жетуді қаматамасыз ететін құралдар жүйесін сипаттау. Көптеген студенттік зерттеулерде жеке тұлғаны және оның сапаларын қалыптастыру мақсаты абстрактілік сипатта(тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту т.б) сипатта болады. Онда тоқсан, жарты жыл ішінде өткізілген сабақтар немесе сыныптан тыс шараларда жеке тұлғаның өзгеру кезеңдері жобаланбайды. Кейде бұл жұмысты керекті психологиялық білімдердің жоқтығынан атқару мүмкін болмайды. Жоғарыда талған шығарма, рефератты орындаған студент «зерттеу жұмысының мақсат» деген ұғымды меңгеруге дайын болады.
Тәжірибе көрсеткеніндей бұл ұғымды ғылымның ұғымдарының арасынан бірінші болып меңгеру керек. Басқа ұғымдар оған қызмет етеді. Студент «ғылыми зерттеудің мақсаты» ұғымымен терең түрде өз бетімен эмпирикалық материалдармен жұмыс жасағанда айналысады.
Зерттеу тақырыбы бойынша жұмыстың бірінші кезеңі – бұл педагогикалық машықта оқушылардың жеке сапаларына мінездеме беру. Практикалық ізденіс қисыны студентті практикалық міндет қоюға әкеледі(«қиын» оқушының оқу үлгерімін қалай көтеру, балалар арасында жолдастық сезімді тәрбиелеу т.б.). Осы практикалық мінддеттерді шешу үшін ережелерді, талаптарды, ұстанымдарды анықтау деген қосымша міндеттер қойылады.
Осындай жұмыстарды орындау арқылы студент зерттеу мақсатын(педагогикалық үрдіс туралы ғылыми білім алу) практикалық мақсаттан(күтілетін нәтиже – білім, іскерліктерді меңгеру, оқушылардың жеке тұлғасының дамуы) айыруға үйрене бастайды. Мақсат дегеніміз іс- әрекет нәтижесін ойша жорамалдау. Сонымен қатар құралдарды жобалау ерекше мақсат болып табылады. Ғылыми мақсат пен практикалық мақсатты айыру үшін автореферат, диссертациялардағы зерттеу мақсаттарымен танысу керек.
Зерттеудің мақсат, міндеттері туралы ұғымдарды меңгеру ұзақ үрдіс, ол практикалық зерттеу жұмыстарымен ұштастыруды талап етеді. Педагогикалық зерттеулердің мақсаты – педагогикалық үрдістің қасиеттерін, оның құрылымын, компоненттерін(мақсатын, мазмұнын, әдістерін және басқаларын анықтау. Студент міндет – мақсаттың бір бөлігі және ол мақсатқа қарағанда ауқымды болмау керектігін білу керек. Орындай алмайтын өте көп міндеттер қою зерттеу жұмысына зиян, сондықтан нақты, қолжетімді міндеттер қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет